Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»



Pdf көрінісі
бет53/284
Дата21.04.2022
өлшемі3,48 Mb.
#31814
түріБағдарламасы
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   284
ЖӘРЕУКЕЛІ.

«Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырында:



Жәреукелі келеді жалшы деген, – 

сөздер  бар.  Сілтемеде  бұл  жолдағы  жәреукелі  сөзіне  «жағынғыш» 

деп  деп  келетін  біршама  дұрыс  түсінік  берілген.  Мұның  түбірі  – 

«ұнау,  жақсы  көру»  мағынасындағы  жарау  сөзі  болуы  мүмкін. 

Оған адамның бір қасиетін, қызметін т.б. білдіретін парсының -кер 

жұрнағы  жалғанып,  «ұнауға  тырысатын,  жағынғыш  қызмет  етуге 

даяр тұратын адам» мағынасын беретін жараукер сөзі пайда болса 

керек  деуге  болады.  Бұл  сөз  қырғыз  тілінде  де  бар:  жароокер  – 

«жаны  ашығыш,  қызмет  көрсетуге  даяр  тұратын  адам»  (Юдахин, 

236).  Қазақ  тілінде  өте  сирек  қолданылатын  бұл  сөз  жәреуке 

түрінде  қалыптасқан,  соңғы  -кер  жұрнағының  жіңішкелігі  түбірді 

де жіңішкертіп өзгертуге себепкер болмады ма екен деп ойлаймыз. 

Сөз  этимологиясын  ашудағы  біздің  бұл  келтірген  талдауымыз  – 

әзірге жорамал түріндегі ғана пікір. Әлі де іздестіруді қажет ететін 

тұлғалардың бірі.

ЖЕБЕ.  Бір  қызық  жайт  –  қазақ  тілінде  көне  қарулардың  бірі  – 

садаққа (жаққа) қатысты атаулардың көбі күні кешеге дейін бірнеше, 

ең кемі екі вариантты болып келеді. Мысалы, садақтың оғы оқ деп те, 

жебе деп те аталған. Екеуі де поэтикалық тілде қатар қолданылған: 

қозы жауырын оқ, сай кез оқ, сары жебе, күшіген жүнді сұр жебе, 

қызыл сырлы жебе т.т.

Кейбір  кітаптарда,  мысалы,  Махамбет  жинақтарында  жебе  сөзі 

«садақ  оғының  қыры»  деп  түсіндірілсе,  қазақ  тілінің  екі  томдық 

түсіндірме сөздігінде жебе – «садақ оғының масағы» деп анықталады 

(ал масақ сөзінің өзін «садақ оғынық ұшы» деп түсіндіреді), сонда 

жебе – «садақ оғының ұшының ұшы (!) болып шығады. Дұрысында 

жебе – оқтың өзі. Мұны батырлар жырларында бірнеше рет қайта- 

ланып келетін:

Көп оғының ішінде



Сұр жебе деген оқ алды, – 

деген жолдар дәлелдей түседі.



Оқ пен жебе сөздері – бір мағынадағы синонимдер. Егер жебе 

сөзі  контекске  қарай  оқтың  ұшын  білдіретін  болса,  ол  –  ауыспалы 




85

мағынасы.  Осыдан  барып  садақтың  оғы  сияқты  үшкір,  ұшы  сүйір 

нәрсені де, мысалы, найзаның өзін немесе ұшын жебе деп атау пайда 

болған:


Жебелі найза қолға алсын... 

Алты қырлы ақ жебе 

Шаныша алмасам маған серт! – 

дегендердегі жебе – найза немесе найзаның ұшы.

Қазақстанның батыс өлкесінде істік сым темірді жебе істік дейді 

(Досқараев, II, 55). Аңға немесе жауға қарсы, олардың жолына істік 

ағаштан я болмаса темірден құратын тосқауылды да жебе деп атаған. 

Мысалы, Махамбет ақындағы:

Құрулы жатқан жебеге 

Құрсағынан шалдырған, – 

деген жолдар осыны танытады. Немесе эпостардағы:

Жеті қатар қазған оры бар

Ор ішінде жиған торы бар

Жеті қатар жебе бар, 

Болаттан қаққан шеге бар, – 

деген жолдар да жебе сөзінің бір мағынасы «істік тосқауыл» екен- 

дігін  дәлелдей  түседі.  Кейінгі  Ұлы  Отан  соғысы  кезінде  және 

одан  бұрынғы  бірінші  дүниежүзілік  соғыста  да  соғысушы  екі 

жақтың  тосқауыл  шебінде  қолданған  тікенекті  темір  торды  немесе 

танкіге қарсы құрылған тосқауылды атау үшін де кейде жебе сөзін 

пайдаланғанымыз мәлім. Бұлардың барлығы – о бастағы «оқ» мағы- 

насындағы  жебе  сөзінің  ауыспалы  мәнде  пайда  болған  қосалқы 

кызметтері.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   284




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет