Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»



Pdf көрінісі
бет47/284
Дата21.04.2022
өлшемі3,48 Mb.
#31814
түріБағдарламасы
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   284
Байланысты:
Сөздер сөйлейді

ЕМСЕУ, ЖЕМСЕУ. Махамбет ақынның Баймағамбет сұлтанға 

айтқан атақты сөзінде:

Еділді көріп емсеген

Жайықты көріп жемсеген 

Таудағы тарлан шұбар біз едік, – 

деген  жолдар  бар.  Мұндағы  екі  сөздің  (емсеу,  жемсеу)  мағынасын 

тап басып бірден айтып беру қиын. Ал іздестірсек, мыналарға көңіл 

аудартуға болады. Емсеген сөзінің түбірі еңсеу ~ аңсау «бір нәрсені 

қатты қалау, тілеу, құмарту» болар. Мұны Л. Будагов осылай көрсетеді: 

«еңсемек – бір нәрсені қалау, аңсау (иметь жажду)» (Будагов, II, 392). 

1912 жылы Қазанда шыққан «Ақын» атты кітапта:



76

Адыра қалғыр Көк Жайық 

Садағын сала байланып

Астана жұртын айланып

Ерлерім еңсеп келген жер, – 

деген жолдар бар. Осындағы еңсеу сөзі мен Еділді көріп емсеген деген 

сөз бір деп танимыз. «Шора батыр» жырында:

Тауда өскен тас түлек 



Еңсейді де жемсейді, – 

деп  келеді.  Қазақ  тілінде  аңсау  вариантында  айтылатын  бұл  сөз 

өзге кейбір түркі тілдерінде, мысалы, қырғыз тілінде еңсеу түрінде 

айтылады:  эңсе-  –  қатты  аңсау  (сильно  желать)  (Юдахин,  956).  Ал 



аңсау  вариантының  қырғыз  тіліндегі  негізгі  мағынасы  «шөлдеу, 

сусау»  (қазақ  тіліндегі  аңқасы  кебу  дегенмен  салыстырыңыз).  Бұл 

жерде  ң  мен  м  дыбыстарының  алмасып  келуі  келесі  тармақтағы 

жемсеген  сөзіне  ұйқасуынан  болу  керек.  Өйткені  бұл  сөздің  еңсеу 

варианты  қазіргі  қазақ  тілі  үшін  түсініксіз:  бейтаныстау  сөздің 

тұлғасын өзгерте салу – тілде бар құбылыс.

Келесі  жолдағы  жемсеген  сөзінің  түбірі  –  жемсе-.  Ол  жем 

сөзіне  -се  жұрнағы  қосылып  жасалған.  Көне  -са/-се  жұрнағы  бір 

нәрсені қалау, тілеу мағынасын беретін етістік жасайды, бұл Махмұт 

Қашқариден  бастап  (XI  ғ.)  көрсетіліп  келеді.  Мысалы,  Қашқари 

сөздігінде «ол сатқысы келді» дегенді сатсады деп, «су ішкісі келді» 

дегенді сусады деп, «май жегісі келді» дегенді йағсады (йағ – көне 

түркі  тілдерінде  «май»  деген  сөз)  деп  көрсетілген.  Сонда  жемсе

«жем  жегісі  келу»  деген  сөз  болып  шығады.  Бұл  да  –  көне,  сирек 

жұмсалатын сөз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   284




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет