Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»



Pdf көрінісі
бет50/284
Дата21.04.2022
өлшемі3,48 Mb.
#31814
түріБағдарламасы
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   284
ЖАҒАЛАСУ.  Бұл  сөздің  қазіргі  негізгі  мағынасы  −  «тайтала-

су, айқасу», одан қалды «қосамжарланып араласу, қоса қабаттасу», 

соңғысы  –  ауыспалы  мәні.  Сырт  қарағанда,  бұл  сөз  тайталасқан 

адамдардың  бір-бірінің  жағасынан  алуына  қатысты  айтылған  болу 

керек деп ойлаймыз. Ал, шындығында, сөздің түбірі – жағы/йағы/

жау сөзінің көне түркілік түрі (түркі тілдерінде ғ ~ у дыбыстарының 

алмасуы − кәнігі құбылыс: тағ ~ тау, бағ ~ бау дегендердегі сияқты).



Жағалас- етістігі – көне йағылаш- сөзінің қазақша варианты, ал 

йағыла-  –  «ұрысу,  соғысу»,  дәлірек  көшірсек,  «жауласу»  (йағы  ~ 

жау). Демек, йағы/жау түбірінен қазақ тілінде екі етістік жасалған: 

жағалас-  және  жаулас-.  Сонда  жаумен  жағаласу  дегеніміз  қазақ- 

шаға  «аударсақ»  жаумен  жауласу  болып  шығады.  Әрине,  бір  тү- 

бірден  жасалған  жауласу  мен  жағаласу  деген  екі  тұлға  өз  алдына 



81

мағыналық реңктері бар екі дербес сөзге айналған: жағаласу тұлғасы 

«жауласу»  сияқты  жалпы  ұғымның  ішінде  «арпалысу,  тайталасу, 

қоса  қабаттасу»  сияқты  нақтылау  реңкті  білдіретін  сөзге  айналған, 

өйткені тіл «артық дүниені көтермейді», егер жауласу мен жағаласу 

сөздері дәлме-дәл бір мағынада тұрып қалса, біреуі артық дүние бо-

лып шығар еді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   284




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет