Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»



Pdf көрінісі
бет57/284
Дата21.04.2022
өлшемі3,48 Mb.
#31814
түріБағдарламасы
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   284
ЖЫЛЫ:  ЖЫЛЫ-ЖҰМСАҚ.  Сойылған  мал  етінің  жылы-

жұмсағы деп айту бар. Мұндағы жылы сөзі бұл күнде түсінікті, ол 

–  суық,  салқын  деген  сөздерге  қарама-қарсы  мағынада  келетін  сөз. 

Ал бірақ жоғарыдағы жылы-жұмсақ дегендегі жылы бұл мағынада 

емес.  Бұл  сөздің  о  бастағы  тұлғасы  жаулы<жаулығ/жағлығ  бо-

лып  табылады.  Жағ  ~  жау  түбірі  «май»  деген  ұғымды  білдірген. 

Демек,  еттің  жылы-жұмсағы  оның  «майлы-жұмсақ»,  яғни  ең 

дәмді жерлері дегенді білдірген. Жау сөзінің көне замандарда «май» 

мағынасындағы  сөз  болғанын,  оның  жаужұмыр,  жаубүйрек  деген 

атаулар құрамында келіп, «май, майлы» деген ұғымды білдіргендігін 

білеміз. Көне түркі тілдерінде де йағлығ-йумшақ деген қос сөз болған, 

оның  бір  мағынасы  қазақ  тіліндегідей,  «жұмсақ»  болса,  екіншісі 

«бітік егін» деген ұғымды берген.

Сөйтіп,  майлы  әрі  жұмсақ  деген  сөздерден  жасалған  жылы-

жұмсақ дегеннің бірінші сыңары жаулы сөзінің «майлы» мағынасы 

қазақ тілінде күңгірттенгендіктен, ол түсінікті жылы тұлғасына ауы-

сып қалыптасып кеткен. Мағынасы күңгірт сөздердің тұлғасын ауы-

стырып жіберу – жиі кездесетін құбылыс.




90



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   284




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет