Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»



Pdf көрінісі
бет54/284
Дата21.04.2022
өлшемі3,48 Mb.
#31814
түріБағдарламасы
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   284
ЖЕК  КӨРУ.  «Жаратпау,  ұнатпау»  мағынасындағы  бұл  тіркес 

қазіргі  тілімізде  жиі  қолданылады.  Тіркес  мағынасы  түсінікті.  Ал 

құрамындағы жек сөзі жеке-дара қолданылмайды, мағынасы күңгірт, 

ол  бұл  тіркестен  басқа  жексұрын  сөзінде  кездеседі.  Көне  түркі 

тілдерінде йенік көр- тіркесі және йенікле- етістігі «жаратпау, жирене 

қарау» дегенді білдірген. Мұндағы йенік сөзінің бір мағынасы «мар-

дымсыз, болмашы, түкке тұрғысыз» деген болса, йенік көру «түкке 

тұрғысыз, жиренішті нәрсе немесе адам деп тану» болып шығады.



Йенік/йеңк  сөзінің  қазақша  жек  болып  кетуі  түркі  тілдерінің 

дыбыстық заңдарына қайшы келмейді: зерттеушілердің айтуларына 

қарағанда, түркі тілдерінде ғ, р, л, қ, й, у дыбыстары – «әлсіз» дыбы-

стар, олардың түсіп қалуы, қосылуы, өзге дыбыстарға ауысуы «оп-

оңай» (мысалы, бағла ~ байла, нең ~ не, бұл ~ бұ, сағ ~ саан-, йағы ~ 



86

жау дегендердегі сияқты). Осы қатарға йеңік>йек>жек тұлғаларын 

жатқызуға болады. Демек, ертедегі бабаларымыз «жақтырмау, жарат-

пау» мағынасында йенік көру тіркесін қолданған болса, бұл сөздер 

осы мағынада қазақ тілінде жек көру түрінде сақталып келген деуге 

болады. Зерттеуші Ә. Нұрмағамбетов бұл тіркестегі жек компонентін 

«жын,  шайтан»  мағынасындағы  көне  жек  сөзі  деп  таниды,  яғни 



жек  көру  «жын,  пері  көруді»  білдіреді  дейді  (Нұрмағамбетов,  79). 

Біздіңше,  бұл  –  даулы  пікір-ау  дейміз.  Егер  жек  көру  етістігі  бұл 

мағынаға  қатысты  болса,  жектей  көру  болар  еді  және  жаратпау, 

ұнатпау үшін адамның не бір нәрсенің шайтан, пері, жын сияқты бо-

лып көрінуі шарт емес. Әсіресе, жек көрінетін тек адам емес, оның 

мінез-құлқы, жүріс-тұрысы да, жеке жансыз заттар да, тіпті дерексіз 

(абстракт)  ұғымдар  да  болады  ғой,  соңғыларды  қалайша  шайтан-

дай көруге болады? Сондықтан біз алдыңғы болжамымызды дұрыс, 

қисынды болар деп ойлаймыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   284




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет