121
сөзге (поэтизмге) айналған болар. Бұл сөздің сирек кездесетін көне
сөздердің бірі екендігі сондай, ол қазіргі түсіндірме және екі тілдік
сөздіктерге енбей қалған.
ҚАРАЛДЫ. М.Әуезов «Қарақыпшақ Қобыланды» пьесасын-
да қаралды сөзін батырдың анасы Аналықтың аузына салады. Ол
сапарға аттанып бара жатқан баласына берген бата-тілегінде:
Қаралдының қызығын
Қарық боп көрер сәтті бер...
Қаралдымның жұлдызын
Оңынан туғыз, Қамбар-ау! –
дейді. Бұл жердегі қаралды сөзі – В.Радловтың көрсетуі бойын-
ша, қазақ тілінде «таяныш, үміт артқан тірек» мағынасында балаға
қатысты айтылатын сөз, ал Л. Будагов башқұрт, татар тілдерінде бұл
тұлға «1) аула ішіне салынған қосалқы құрылыс, үй» дегенді білдіреді
дейді (Будагов, II, 47). Демек, М.Әуезов бұл сөздің ертеректегі қазақ
тіліндегі мағынасын (Радлов көрсеткен) пайдаланған.
Достарыңызбен бөлісу: