ҚАРА ОРМАН, ҚАРА ОРЫН. 1723 жылғы қазақ халқының басы-
на түскен атақты ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама босқынында
шыққан «Қара таудың басынан көш келеді» деген өлең тексінде:
Қарындас пен қара орман қалғаннан соң,
Мөлтілдеп екі көзге жас келеді, –
деген жолдар барын екінің бірі біледі. Осы жолдар кейбір басы-
лымдарда «Қарындас пен қара орын қалғаннан соң» деп берілген
(Сейфуллин, VI, 41). Қара орын деген тіркесті «Тауарих хамса»-дан
да кездестіреміз:
Қарақыпшақ Қобыланды
Қара орыннан айырылды.
Бұл екі түрлі тіркестің қара орман варианты жиірек кездеседі.
Мысалы, Махамбетте:
Жаудан аман жан қалса,
Қара орман малым садаға...
Қатын-бала, қара орман
Баршасын жауға алдырған.
Қара орман тіркесі қазақ тілінде «мал, мүлік» деген мағынаны
береді дегенді В. Радлов сөздігі көрсетеді. Өткен ғасырдағы өзге
сөздіктер де қазақ тіліндегі қара орман тіркесін «барша байлық»
деп танытады (Кирг.-русск. сл., 1897). Шындығында да, мұндағы
орман сөзі – ағаш өскен орман емес, контекске қарай, В. Радлов
көрсеткендей, «мал-мүлік» деген ұғымда деп түсінуге болады.
122
Ал қара орын варианты «мекен, қоныс» деген ұғымды береді.
Монғол тілінде орон сөзі «ел, мемлекет, өлке, жер, территория» де-
ген мағыналарды береді. Көптеген сөздің түркі-монғол тілдеріне
ортақтығын, әсіресе, мағыналары күңгірттенген сөздерді монғол
тілінен табуға болатындығын ескерсек, бұл жердегі орын сөзін
«ел, мемлекет, ел мекендеген территория» деген мағынадағы түркі-
монғол сөзі деуге болады. Және бір жорамал: қара орун тіркесі XI
ғасырдағы Қашқари сөздігінің көрсетуіне қарағанда, ертеректегі
түркі тілдерінде ауыспалы мағынада «мола» ұғымында қолданылған.
Сонда «Қарындас пен қара орын қалғаннан соң» деген өлең жолын
«ағайын-туыс (қарындас бұл жерде «туыс») пен ата-бабаның сүйегі
жатқан жерді тастап кеткеннен соң» деп те түсінуге болады. Қазақтар
үшін ата-баба сүйегін тастап кету – ең ауыр зобалаңның зардабы
болмақ. Сірә, мал-мүлікті қалдырып кетуден гөрі, қара орынды – ата-
баба жатқан жерді қалдырып босу – қазақ халқына ауырырақ екендігі
сөзсіз.
Қазақ тілінде қара орын тіркесін хан тағы тіркесінің синонимі
ретінде жұмсау да кездеседі. Дулат Бабатайұлы:
Қымызы бар хош алса,
Дүрдиісіп мінгендей
Қара орын – хан тағына, –
дейді. Бұл жердегі қара орынның мағынасы «мемлекет» дегеннен
ұзап кетпейді. Тақ та – мемлекетті билеудің белгісі ғой. Бірақ орын/
орон сөзінің бұл мағынасы қазақ тілінде күңгірттенгендіктен, ол ор-
ман болып өзгеруі, одан барып қара орман тіркесінің «мал-мүлік» де-
ген мағынада жұмсалып кетуі әбден ықтимал немесе қара орын мен
қара орман тіркестерінің екеуі о бастан екі бөлек қалыптасқан болуы
да мүмкін. Тіпті болмаса орман сөзінің «мал-мүлік» деген қосымша
мағынасы да болуы ғажап емес, өйткені біз бұл күнде көптеген
сөздің бір кездердегі тура не ауыспалы мағыналарының бәрін түгел
біле бермейміз. Сондықтан қара орман тіркесінің этимологиясы мен
мағыналарын (ертедегі) іздестіре түсу артық емес.
ҚАРАШЫ. Қазақтың мақал-мәтелдері мен өткен ғасырлардағы
ақын-жыраулары тілінде қарашы/қараша сөзі жиі кездеседі:
Уақытыңыз толғанда,
Қарашаң қашар қасыңнан... (Бұхар).
Ханның жақсы болмағы –
Қарашының елдігі (Бұхар).
Жай-қоныстан айырылып,
Мен бір қаңғып жүрген қарашы (Махамбет).
123
Қарашы сөзі мақал-мәтелдерде көбінесе хан сөзімен қатар жүреді:
«Хан – қазық, қарашы – азық»; «Хан қасында қарашың болса, қара
жерден кемең жүрер»; «Ханды Құдай алайын десе, қарашысымен
қас болар»; «Ханның ісі қарашыға да түседі». Бұл мақал-мәтелдерге
қарағанда, қарашы – хан қасындағы адам, яғни қарашы сөзі «ханға
қызмет ететін, соған бағынышты, бірақ саяси-праволық және эконо-
микалық жағынан басы азат әлеуметтік топ өкілі» дегенді білдірген
тәрізді. Өткен ғасырдағы қазақ тілінің лексикографтары қарашы
сөзін «қол астындағы, бодан адам» (подвластный, подданный) деп
аударады (Кирг.-русск. сл. 1987). Бұл – қарашы сөзінің жалпы мағы-
насы, ал дәлірек анықтасақ, белгілі бір хандықтың, патшалықтың
қол астындағы бағынышты кез келген адам қарашы деп аталмаған,
ханға тікелей қызмет еткендер қарашы болған. Тарғын батыр өз ха-
нына ренжіп:
Қадір білмес сен итке
Қарашы болып ие етемін, – дейді.
Орта ғасырларда қарашы деп ханның (әміршінің) қасындағы
сановниктерді, кеңесшілерді (бұлар да тақта отырған ханға ақылы-
мен қызмет ететіндер ғой) атаған. Қазақ хандарының тарихын зерт-
теген В.В.Вельяминов-Зернов былай деп жазады: «Қырымда қарачы
дегендер – басты-басты ақсүйектер әулеттерінің бектері және хан-
ды сағалаған адамдар. Қырымдағы сияқты, қарачылар Қазанда да
болған, ноғайлыларда да болған... Жылнамаларда орыстың ең үлкен
чиновниктерін де қарачылар деп атайды» (Вельяминов-Зернов, 409).
Қасым (ордасының) ханы Оразмұхамедтің (қазақтың сұлтаны,
Тәуекел ханның немесе інісі) оң тізесін басқан (тақтың оң жағында
отыратын) жалайырдан шыққан биі, шежіреші Қадырғали Қосымұлы
өзін «Оразмұхамедтің қарашысымын» дейді.
Қарашы (харачу) сөзі монғол тілінде де болған. Әуелде харачу
деп Шыңғысхан әулетіне жатпайтын адамды немесе руды атаған.
Кейін келе монғол тілінде де бұл сөз «қара халық, бұқара» деген мәнде
жұмсалатын болған. Демек, қарашы сөзінің «қожасының шаруасын
шаруалаушы, жалшы» мағынасы тіпті бертінде, хандық дәуір өткен
соң пайда болғанға ұқсайды. Бертінгі заманда қазақ қоғамындағы
байлар мен ел билеушілердің әлеуметтік-экономикалық салмағы ар-
тып, енді олар да өз айналасына бұрынғы хандар сияқты қызметкер
топты ұстай алатын болған. Бұл қызметшілердің бірқатары бұрынғы
дәстүрмен қарашы (қараша) аталса, енді бірқатары байғұс, қоңсы,
жалшы сияқты аттарға ие болған тәрізді ( байғұс сөзі қазірде «бей-
шара» мағынасында қолданылатын болса, күні кешеге дейін бұл сөз
«жалшы, қызметші» мағынасында да жұмсалып келген).
124
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі қараша сөзін «ескі бай ауылдың,
әлді, мықты жуандардың, атқамінерлердің (?) төңірегіндегі кедей-
кепшіктер» деп анықтайды (ҚТТС, 11, 1961, 40). М. Әуезов бұл сөзді
«бағынышты, тәуелді жай кісі, қызметші» мәнінде жұмсаған
(Жанпейісов, 81). Ал қазақ ауыз әдебиеті мен XV-XVIII ғасырлардағы
өлең-жырларда қарашы сөзі «ханға қызмет етуші, соның құзырындағы
адамы» деген мағынада қолданылған.
Достарыңызбен бөлісу: |