ҚОРАМСАҚ, ҚЫЛШАН. Қорамсақ – садақ оғының қабы.
Эпостар тідінде қорамсақ пен садақ сөздері синонимдік қатар түзеді.
«Оқ қабы» мағынасында ілгеріректе қылшан сөзі де қолданылғанын
көреміз. Мысалы, Қазтуғанда:
Қарағайдан садақ будырып,
Қылшанымды сары жүн оққа толтырып, –
деген толғау жолдарын табамыз.
Садақ сөзінің «оқ қабы, жақ қабы» мағынасында қолданылғаны
туралы «Садақ» деген сөзтізбеден қараңыз. Мысалы, Қобыланды ба-
тыр:
Садақтың бауы сартылдап, –
деп суреттелсе, мұндағы садақ – белге байлап алған жақ және оқ қабы.
Бұл сөздердің морфологиялық құрамын талдап, түптөркінін ашып
берген – зерттеуші Ә. Қайдаров. Ол Халықаралық Алтаистика конфе-
ренциясының 1972 жылы Вена қаласында өткен XV сессиясында
қазақ тіліндегі қару-жарақ, сауыт-сайман атаулары жөнінде арнайы
баяндама жасап, қорамсақ сөзінің құрамындағы сақ элементі – бір
сөз түбірінің йа/йақ/жа/жақ, са/сақ сияқты варианттарының бірі
дейді, ал қылшан сөзі қыл (аттың құйрығы не жалының қылы) сөзіне
«ыдыс, қап» мағынасындағы шан сөзі немесе -шан (-шын, -шін)
жұрнағы қосылып жасалған сөз болу керек дейді (Қайдаров, 31-
32). Орыс тіліндегі осы мағынадағы колчан сөзі – түркі тілдерінен
шамамен XIII-XV ғасырларда енген сөз (Шипова, 193).
130
Бір көңіл аударатын нәрсе – қорамсақ сөзі қорам тұлғасында да
қолданылған. Мысалы, «Қыз Жібек» жырында:
Енді қолын алғанша,
Қорамға қолын салғанша, –
деп келеді. Бұл мысал қорамсақ сөзінің құрамы қорам+ сақ деген екі
бөлек сөзден тұратындығын, оның сақ компонентін қоспай да «оқ
қабы» ұғымын бере алатындығын аңғартады.
Осы сөздің қорамса варианты және болған. «Ақжонасұлы Ер
Кеңес» деген жырда:
Қорамсаны қолға алды,
Атайын деп оңдалды, –
деп келген жолдарды кездестіреміз. Бұлар – емлелік қателер емес,
біз әңгіме етіп отырған сөздің және оның құрамдарының бірнеше
фонетикалық вариантта келген (са/сақ) бір сөзден пайда болғандығын
көрсететін фактілер.
Достарыңызбен бөлісу: |