Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»



Pdf көрінісі
бет82/284
Дата21.04.2022
өлшемі3,48 Mb.
#31814
түріБағдарламасы
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   284
ҚАС: ҚАС(А) БАТЫР. ҚАС(А) СҰЛУ. «Қамбар батыр» жырында:

Қаса батыр майданда 

Диірмендей дөңгелер, – 

деген  жолдар  бар.  Абай  да  бұл  сөзді  қаса  сұлу  деген  тіркесте 

қолданады. Мұндағы қас(а) сөзі бұл күнде «өте, нағыз, тым, аса» де-

ген мағынадағы күшейткіш мәнді үстеу деп танылады. Түптөркінін 

іздесек,  бұл  сөз  көне  түркі  тілдеріндегі  қашығ  «айрықша  көзге 

түсетін» және «мықты, күшті» деген сөз емес пе екен деуге болады. 

Бұл сөздегі ш дыбысының қазақ тіліне келгенде с-ға айналып кетуі 

және соңғы ығ сусымалы дыбысының түсіп қалуы – табиғи құбылыс. 

О баста қас батыр, қас сұлу, қас жүйрік «көзге түсетін, айрықша» 

деген жағымды мәндегі тіркестерде қолданыла келе, кейін қас надан, 

қас  жауыз  сияқты  о  да  көзге  түсетін,  ерекше  көрінетін  жағымсыз 

адамдарды да атап кетсе керек деп тошпылаймыз.



ҚАТТАНУ.  Жауға  аттанардағы  батырдың  портретін  бергенде, 

қазақ эпостарында:

Қатуланып, қаттанып

Буырқанып, бұрсанып, 

Мұздай темір құрсанып, – 



127

деп  келеді.  Осындағы  қаттану  сөзі  бұл  күнде  қолданылмайды. 

Көне түркі тілдерінде қатлан- сөзінің бір мағынасы – «мықты болу, 

қатаю».  Осы  мағынада  қатығлан-  сөзі  де  қолданылған.  Түбірі  – 



қатығ (қазақша қатты). Қазіргі нормамызбен айтсақ, қаттану сөзі 

қаттылану болар еді. Ал бірақ қаттану тұлғасы – өте ертеден, яғни 

етістік  жасайтын  жұрнақ  қатты  түбіріне  емес,  қат(ығ)  түбіріне 

жалғанған кезден келе жатқан көне сөз.

Осы  тұлғаның  қатулану  варианты  және  бар.  Ол  да  қатығ 

тұлғасынан жасалған. Тағ ~ тау, бағ ~ бау деген сөздердегі сияқты 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   284




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет