Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»



Pdf көрінісі
бет89/284
Дата21.04.2022
өлшемі3,48 Mb.
#31814
түріБағдарламасы
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   284
ҚЫТЫҚСЫЗ АРАЛАСУ. Ұлы Абайдың Лермонтовтан аударған 

«Теректің сыйы» атты өлеңінің ең соңғы шумағы:

Кәрі Каспий қара көк көзін ашты

Жылы жүзбен Терекке амандасты, 

Жыбыр қағып, қозғалып, сылқ-сылқ күліп

Қатынды алды, қытықсыз араласты, – 

деп аяқталады. Ақынның 1957 жылы жарық көрген екі томдық ба-

сылымында  қыйтықсыз  деп  жазылған.  «Абай  тілінің  сөздігі»  бұл 

шумақта  жазылған  түрінше  қитықсыз  сөзін  тіркемеген  не  қытық- 

сыз  сөзіне  қоспаған.  Соңғы  тұлға  осы  басылымда  Полонскийден 

аударған  «Жүректе  көп  қазына  бар,  бәрі  жақсы»  деп  басталатын 

өлеңіндегі  келген  түрінде  сөздікке  енгізіліп,  «шынайы,  таза»  деген 

мағына береді деп көрсетілген.

Көне  түркі  тілінде  қыдығ  –  «1)  бір  нәрсенің  шегі,  шекарасы,  

2)  өзен-су  жағасы»  деген  мағынадағы  сөз,  ал  қыдығсыз  тұлғасы 

«шексіз,  шетсіз»  дегенді  білдіреді.  Қытықсыз  араласу  «ара-жігі 

білінбей,  мүлде араласып  кету»  дегенге  саятын  сияқты.  Бұл  сөздің 

қазіргі  кездегі  «емін-еркін,  ұялмай-қысылмай»  деген  ауыспа-

лы  мағынасы  «ара-жігі  білінбей  араласып  жату»  деген  бастапқы 

ұғымынан ауысуы мүмкін.

МАЙДАН. Бұл сөзді қазіргі кезде көбіне-көп «ұрыс-соғыс бола-

тын (болған) жер» деп ұғамыз. Қазақ тілінің екі томдық түсіндірме 

сөздігі  майдан  сөзін  «1)  сұрапыл  соғыс  даласы,  2)  белгілі  бір 

бағытта әрекет жасау үшін біріккен әскери күш, 3) бір қолбасшының 

басқаруымен  бірнеше  армия  құрамаларының  қимыл-әрекет  жасай-

тын ауданы» деп түсіндіреді (ҚТТС, 1974, II, 121). Бұл сөздің соңғы 

екі мағынасы Ұлы Отан соғысы кезінде пайда болған, орыс тіліндегі 

фронт сөзінің баламасы ретінде алынған жаңа мағына екені көрініп 

тұр.


Ал бұрынырақ қазақ тілінде майдан сөзі әрі осы күнгідей, «ұрыс, 

шайқас  орны»  әрі  «көгал»  және  «алаң»  деген  мағыналарда  жұм- 

салған. Мысалы, «Қыз Жібек» жырында өлейін деп жатқан Төлеген 

аспандағы алты қазды шақырып:

Қонар болсаң, жануар, 

Міне, майдан, міне, саз, – 

дейді.  Мұндағы  майдан  да,  саз  да  «көгал  жер,  көкорай  шалғынды 

жер»  дегенді  білдіреді.  Саз  сөзі  де  екі  мағынаны  білдірген:  бірі  – 

«көгал, көкорай шалғынды жер», екіншісі – «балшық», қазіргі әдеби 

тілімізде  саз  –  су  араласып,  балшыққа  айналған  топырақ»  (ҚТТС, 




134

1961,  II  233).  Қазақ  ауыз  әдебиетінде  саз  сөзі  көбінесе  1-мағынада 

келеді. Мысалы, қыз Назымды алмаққа келген қалмақ ханы қыздың 

әкесіне:


Тікпекке ақ үй сұраймын 

 Ел қонбаған сазыңды, – 

дейді.  Н.Ф.Катанов  жинап  бастырған  қазақ  мақал-мәтелдерінің 

ішінде «асылсаң – биікке, жығылсаң – майданға» деген мәтел бар. 

Мұндағы майдан сөзі де «ұрыс даласы» дегенді емес, «алаң» дегенді 

білдіреді. Майдан сөзінің осы күнгідей «ұрыс даласы» деген ұғымы 

да  батырлар  жырларында  жиі  кездеседі.  Мысалы,  «Қамбар  батыр» 

жырында:


Олар майдан ішінде 

Түзетті бұлар ұрысты. 

Қылыш шауып, қан төгіп,

Қыздырыңдар ұрысты, – 

деген жолдарды оқысақ, мұндағы майдан – «ұрыс алаңы».

Сөйтіп, майдан мен саз сөздерінің осы күнгі әдеби тілімізде норма 

емес «көгал, көкорай шалғынды жер» және «алаң» мағыналары ескі 

жырлар мен мақал-мәтелдерде, сондай-ақ жергілікті сөйлеу тілінде 

кеңінен орын алған.

Майдан (егер өзі о бастан түркі сөзі болмаса) − парсы тілінен ен-

ген сөз, сөздіктердің көрсетуіне қарағанда, парсы тіліне араб тілінен 

енген.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   284




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет