ТАРПАН/ТАРПАҢ. «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырында:
Тарпаңды асауменен бір қоймайды, –
десе, Махамбет ақын:
Тарпаңдай тізесін бүгіп от жеген,
Тағыдай таңдап су ішкен
Тағы сынды жан едік, –
дейді. Тарпан (тарпаң) сөзі – В.В.Радловтың көрсетуінше, қазақ
тілінде жабайы жылқының атауы. Мамандардың айтуына қарағанда,
құлан – Азия жерінің жабайы жылқысы болса, тарпаң – Еуропа
жерінің жабайы жылқысы. Ата-бабалары Оңтүстік орыс ойпатының
біраз жерін, Каспий теңізінің солтүстігін (демек, Еуропа топырағын
да) жайлаған қазақтар үшін тарпан жат болмаған, оны қазақтар
жақсы білген. Азиядағы тектесі – құлан сөзін поэтикалық образ
жасауға пайдаланғаны сияқты, тарпаң-ды да ешкімге бағынбайтын
еркіндіктің символы ретінде поэтизмге айналдырған деп табамыз.
ТАС. Бұл сөз зат есім ретінде қолданылуынан басқа етістік,
сын есім, үстеу сияқты сөздердің алдында келіп, заттық ұғымда
емес, үстеулік мәнде қолданылады: тас керең, тас жетім, тас
162
түйін, тас қараңғы, тас қып байлау, тас табандау, тас төбе т.б.
Бұл тіркестердегі тас сөзінің тау-тас, тас көмір дегендердегі тас
сөзіне қатысы жоқ. Тас сөзі монғол тілінде «мүлдем, әбден, мықты»
деген мағынаны білдіреді. Жоғарғы келтірілген тіркестердегі тас
осы ұғымда қолданылған. Демек, бұл да бір кезеңдерде түркі-монғол
тілдеріне ортақ сөз болғанға ұқсайды. Қазақ тілінде өзге сөздермен
еркін тіркесу қабілетінен айырылған бұл көне сөз тек белгілі тіркес
құрамында тұрып қолданылу құқығын сақтап қалған.
Достарыңызбен бөлісу: |