Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»



Pdf көрінісі
бет157/284
Дата21.04.2022
өлшемі3,48 Mb.
#31814
түріБағдарламасы
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   284
Байланысты:
Сөздер сөйлейді

хүкімет,  жана,  мағана,  уағда,сүгірет  сияқты  сөздердің  ығысып, 

орнын  дәреже,  үкімет,  өкімет,  және,  мағына,  уәде,  сурет  деген 

тұлғаларда  тұрақтануына  бірден-бір  себепкер  лексикалық  және 

орфографиялық  нормалардың  (ережелердің)  нәтижесі  болғандығы 

белгілі.

Лексикалық бірліктердің ескіру уәждерін сөз еткенде, әңгіменің 

бір ұшы ескірген сөздер (историзм) дегендерге келіп тіреледі. Ескірген 

сөздердің  пайда  болу  уәждерінің  бастысы  –  қоғам  дамуының  бір 

кезеңдеріндегі әр алуан құбылыс, зат атауларының сол реалийлерінің 

(заттардың, ұғымдардың) өздерінің қоғам өмірінен, халық танымы-

нан ығысқандықтан, оларды атайтын сөздердің қолданыстан шығып 

қалуы.  Бұлар  қазіргі  әр  алуан  әдебиетте,  әсіресе  өткен  кезеңдерге 

қатысты  тақырыптарға  жазылған  кітаптарда,  журналдарда,  тіпті 

білім-ғылымға  қатысты  әдебиеттерде  кездесіп  отырады.  Олар  да 

көнерген  сөздер  сияқты  тілдік  қордан  мүлде  ығыспайды.  Мысалы, 

күні кешеге дейінгі қазақ қоғамында әлеуметтік-саяси, тіпті мәдени-

рухани  өмірінде  жиі  қолданылғап  сөздер  көбінесе  терминдер  бо-

лып  қолданылған  аупартком,  бесжылдық,  стахоновшы  сияқты 

сөздер,  сондай-ақ  ХІХ-XX  ғасырлардың  алғашқы  жартысында  жиі 

қолданылған  болыс,  аға  сұлтан,  ояз,  кіреші,  қалашы,  ақшомшы, 



мәліш сауда, мұнанай, қағаздату, шар салу сияқты сөздер, тіпті біздің 

заманымыздағы бұдан 20-30 жыл бұрынғы еңбек озаты,социалистік 



жарыс, басып озу, мыңшылар, үгітшілер сияқты сөздер, 1985 жылы 

жаңа  қолданыстар  деп  тіркелген  ақылшы-ұстаз,  аралатпа  сауда, 



әскери  желік,  дүниеқоңыздық,  жалаугер  (флагман),  қызыл  ізші,  оң 

дамыту (позитивное развитие), сенім ахуалы (атмостфера доверия), 


235

төбетоп (верхушка власти), тыңгер, тыңгерші деген сөздердің көбі 

бұл күнде қолданыстан ығысып, ескіре бастаған бірліктерге айналып 

барады. Бұлардың ескіру мезгілі соңғы 25-30 жыл деуге болады.

Ал  уақыт  өткен  сайын  сөздердің  қолданыстан  шығып  қалуы, 

бірте-бірте  ескірген  сөзге  айналуы  –  жүріп  жатқан  құбылыс.  Тіпті 

ертеректегі (XX ғасырдың алғашқы жартысындағы) ғана емес, соңғы 

10-15 жылда ескіріп үлгерген лексикалық бірліктер де табылады. Мы-

салы, 1990 жылдардан бастап актив қолданысқа түскен аспансерік, 



вкладшы, жалаугер (флагман), жаңашыл (рационализатор, новатор), 

қайта құру (перестройка) деген тұлғалар – XX ғасырдың соңғы 15-20 

жылында жаңалықтар болып тіркелген сөздер. Олар бұл күнде тарих 

куәгерлері – историзмдерге айналып барады. Әрине, бұларды әлі таза 

историзмдер  деуге  де  болмас,  бірақ  қолданыста  көп  кездеспейтін, 

нақты  мән-мағыналарын  бүгінгі  адамдар,  әсіресе  жастар  біле 

бермейтін сөздер, өйткені бұлар атайтын реалийлер – тарих сахнасы-

нан түсіп кеткендер.

Осы  сияқты  ескірген  сөздердің  қолданыстан  ығысқан  тұстарын 

шамалауға  болады.  Бұған  әрбір  10-15  жылда  «жаңалықтар»  деп 

тіркелген  материалдар  көп  көмектеседі.  Сондай-ақ  «ығысқан» 

сөздердің дәл бүгінгі (соңғы 4-5 жылдағы) баспасөз беттері мен әр 

алуан  әдебиетте  жиі  (актив)  қолданылатын-қолданылмайтынын 

іздеп, теріп алу қажет.

Тілдегі жаңалықтардың қай күні, қай жылы, қай жерде (газетте, 

журналда, басылымдарда) бірінші рет көрінгенін айту қандай қиын 

іс  болса,  қолданыстағы  ескі-жаңа  бірліктердің  қай  жылы,  қай  күні 

«жоғала  бастағанын»  анықтау  да  –  қиямет-қайым  іс.  Бірақ  жалпы 

топшылауға әбден болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   284




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет