Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»


Лексикалық ескіліктердің түсініктілік дәрежесі



Pdf көрінісі
бет158/284
Дата21.04.2022
өлшемі3,48 Mb.
#31814
түріБағдарламасы
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   284
Байланысты:
Сөздер сөйлейді

Лексикалық ескіліктердің түсініктілік дәрежесі

Бұл тақырыпты байыптағанда, ескіліктердің:

1) бүгінгі оқырманға жеке алғандағы мағынасы мүлде түсініксіз 

сөздер;


2) мәнмәтін (контекст) арқылы мағынасын топшылауға болатын 

ескіліктер;

3)  мағынасы  біршама  түсінікті,  бірақ  өте  сирек  қолданылатын 

сөздер  деп  ажыратып  талдауға  болады.  Мысалы,  «ит  мініп,  ирек 

қамшылап» деген фразеолагизмдегі ирек сөзі мүлде түсініксіз. Сол 

сияқты Қазтуған жыраудың (XV ғ.) бір толғауындағы «Қара ұнымы 

сұлтандайын жүрісті» деген жолдарындағы қара ұнымы деген неме-

не?



236

Ал  XVI  ғасыр  жырауы  Доспамбеттің  «сақетер  тиді  саныма, 



сақсырым толды қаныма» деген өлең жолдарында екі бейтаныс сөз 

бар, бірақ екеуінің мағынасын мәнмәтінге қарап топшылауға болады: 

сақ етіп адамның денесіне тиетініне қарап, сақ етердің қару екенін 

шамалауға болады, ал қанға толтыратын сақсыр ол киім болса керек 

деп ойлаймыз, бірақ бірден дөп басып, сақетер – мынадай қарудың 

аты, сақсыр – мынадай киімнің аты деп бірден айта алмаймыз, өйткені 

екеуі де – көне не ескірген сөз.

Үшінші  топқа  –  мағынасын  түбір  тұлғасына  қарай  түсінуге 

әбден болатын, яғни сөз түсінікті, бірақ бұл күнде қолданылмайтын 

бірліктер  жатады.  Мысалы,  «Қозы  Көрпеш-Баян  сұлу»  жырында, 

«Тазша тұрып, армаған кетті дейді» деген өлең жолы бар, мұндағы 

армаған  –  ары  қарай  дегеннің  ескі  варианты.  Қазақ  ауыз  әдебиеті 

жырлары мен ақын-жырауларда нешік сөзі жиі кездеседі: «Амалым 



нешік Құдайға?» (Шортанбай, XIX ғ.), «Кетпей де нешік етермін?» 

(Махамбет XIX ғ.), бұл сөз – қалай, қайтіп дегеннің көне варианты. 

Мұның мағынасы түбіріндегі не есімдігі арқылы түсінікті болып тұр.

Ер өзінден соңыратын,

Тек бір жардан құлаттың, –

(Шалгез,  XVI  ғ.)  дегендегі  соңыратын  сөзі  де  –  осындай:  соң 

түбіріне қарап соңында дегеннің ескі варианты екенін танимыз. Ба-

тырлар жырлары мен XV-XVII ғасыр жырауларында, әсіресе ноғайлы 

циклінде  келгендерінде  жазы  сөзі  жиі  кездеседі.  Йазы  көне  түркі 

тілдерінде, ертеректегі ноғай тілінде «дала», «жазық жер» деген сөз 

екенін де түбірі (йазы/жазы) әйгілеп тұр.

XV-XVI  ғасырлардағы  ноғайлы-қазақ  жыраулары  Шалкиіз,  До-

спамбет,  Қазтуғандарда  сақсыр,  ала  балта,  сақыну,  күспен,  асмар 

ету, шал («ақ» мағынасында), соңыратын, ұғыл, тебір, ауыр, ноғай 

жұрт,  аға  («басшы»  мағынасында),  жазы  («дала»  мағынасында), 

көксу (көтеріліп ұшу), домбайқызары (қызыл мата), ең («жүз», «бет» 

мағынасында), қом су (толқынды су-өзен), атайы т.б. сияқты сөздер 

–  ноғай  тілінен  және  XV-XVI  ғасырлардағы,  сірә,  қазақтардың  да 

тілінен  келген  элементтер.  Ал  «Едіге»,  «Ер  Тарғын»,  «Ер  Сайын», 

«Қарасай-Қази»  сияқты  жырларда  түптөркіні  ноғай  тіліне  баратын 

сөздер  баршылық.  Демек,  ескіліктердің  орын  алу  себептерінің  бірі 

–эпостық жырларды тудырушылар мен жеке жыраулардың өзге түркі 

тілдеріне қатысы, туыстығы, жақындығы болса керек.

«Ноғайлы дәуірі – қазақ эпосында ең көп тараған, халық санасы-

нан берік орын алған айрықша бір заман», – деп жазады зерттеуші 

Шәкір Ыбыраев. Бұл дәуір – эпикалық жырлар заманы болды. Бұл 

құбылыстың бір ерекшелігі – эпостар мен әр алуан өлең-жырлардың 




237

XV-XVI ғасырлардағы екі халықтың қазақ пен ноғайлықтардын жыр-

лары қатар туып,бір-біріне әсер етіп, бірінен-біріне ауысып, біршама 

ортақтық  сипат  алды  деуге  болады.  Көшпелі  халықтардың  ірі 

орталығына айналған Ноғай ордасы эпикалық дәуірдің эпицентріне 

айналды  деп  жазады  зерттеушілер.  Батырлық  жырлар  туғызған 

ноғайлы дәуірінің қазақ эпостарындағы ізі айқын көрінеді. Өйткені 

оларды  құраған  ру-тайпалар  Ноғай  ордасы  мен  Қазақ  хандығына 

ортақ  болатын.  Ноғайлы  жұрты  ыдырағанда,  Ноғай  ордасының 

көптеген тайпалары Қазақ хандығына енгенде, өздерімен бірге өлең-

жырларын да алып келді. Бұл өлең-жырлар бір топ құрайтын түркі 

тілдерінде туғандықтан, бұлардағы ноғай сөздері қазақша жырларда 

еркін сақталып келгенін көреміз

4

.



Ноғайлық кезеңді жырлайтын эпостарға жатпайтын «Қобыланды 

батыр»,  «Алпамыс  батыр»  жырларында  да,  XV-XVII  ғасырларда 

жасап  өткен  қазақ-ноғай  жырауларында  да,  кейбір  мақал-мәтелдер 

мен  фразеологизм  құрамдарында  да  ноғай  тіліне  тән  тұлғалар  мен 

сөз мағыналары орын алғаны байқалады. Мысалы, армаған тұлғасы 

қазіргі ноғай тілінде «әрі қарай, әріге» деген мағынада қолданылады; 



асыл – ата тек, шыққан тегі, бедеу – жүйрік, жақсы ат, даң – даңқ, 

домбай  –  семіз,  жуан,  дулау  –  қатты  ашулану,  бұрқан-тарқан  болу, 

жесір – тұтқын, зор – қысым, қиындық, ерлеу – ерттеу, ірге – үйдің 

қабырғасы (ноғай тілінде «аяғы жерге тимейді, іргелі үйге кірмейді» 

деген мәтел бар екен), йылға (жылға) – өзен, қауға – соғыс, төбелес, 

жанжал, ал соғыс сөзі ноғайша осы мағынадағы кітаби сөз (мүмкін, ол 

қазақ тілінен ауысқан болар), киік – жабайы (киік бидай – жабайы би-

дай), құнт – сыртқы тұрпат, қынып – айла, қысмет – тағдыр, құяңқы 

– сараң, мамыр – семіз, марау, мардым – үлкен, ірі, күшті, мұрт – 

миық,  некес  –  оңбаған  адам,  одаман  –  старшын,  жасақшылардың 

үлкені, озу – өту (уақытқа қатысты), орам – алаң, орындық – төсек, 

кереует, өксіз  –  жетім бала,  сау  –  бүкіл, барлық  (сау  дүние –  бүкіл 

дүние), сағыну – тілеу (йаманлық сағыну – жамандық тілеу), сақсыр – 

иленген қой терісінен тігілген ішкиім, соқта – шәкірт, оқушы, сыпы-



ра – үш аяқты дөңгелек аласа үстел (тамақ ішетін), сыраға – сәттілік, 

тауан – кешіру, талақа – көмек, жәрдем, там – үйдің қабырғасы, 

тарлау  –  жайылым,  дала,  топ  –  зеңбірек,  туар  –  мал,  тұлым  – 

бұрым, түтін – темекі, шал – ақ шашты, ақ шаш, шапшақ – ағаш 

бөшке, шөп – қиқым, еңбек – масыл, ауыр жүк, еріс – сөз талас, ерісу 

– сөзбен таласу, ертең – таңғы мезгіл, ертеңгі шақ, еру – еркіндік, 

азаттық,  йазы  (жазы)  –  дала,  йалдау  –  жүзу,  йарақчы  –  сынықшы, 

емші.  Бұл  көрсетілгендер  –  осы  сөздердің  қазіргі  ноғай  тіліндегі 

4

 Ыбыраев Ш. Эпос әлемі. - Алматы, 1993. - 154-бет.



238

қолданыстағы  мағыналары

5

.  Демек,  бұлар  ертедегі  ноғайлардың 



қолданысында болған деп санаймыз, ал бұл сөздердің көбі тұлғасы 

жағынан қазақ тілінде де бар болғанымен, мағыналары басқаша бо-

лып  келеді.  Аталған  сөздердің  көпшілігі  осы  кітаптың  «Ескіліктің 

тақырыптық  топтары»  тарауында  кеңірек  талданды.  Бұдан  кейін 

1840  жылдарда  Шоқан  Уәлиханов  жаздырып  алған  «Едіге  батыр» 

жырының 1905 жылы орыс ғалымы П.М.Мелиоранский жариялаған 

нұсқасында кездесетін, бұл күнде қазақ тілінде қолданылмайтын не-

месе мағынасы өзгеріп кеткен сөздерді арнайы жеке сөз етеміз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   284




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет