Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»



Pdf көрінісі
бет179/284
Дата21.04.2022
өлшемі3,48 Mb.
#31814
түріБағдарламасы
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   284
Байланысты:
Сөздер сөйлейді

Асмар ету. Шалкиіз жырау әміршісі Би Темірге алыс жолға (Мек-

кеге) кетпе, ел-жұртыңды иесіз қалдырма деп толғағанда:

Жүк тиесең кетерсің...

Етектеп жиған көп халқың

Сұлтан ием, кімге асмар етерсің, – дейді.

Будагов  асмарламақ  сөзін  түрік  тілінде  «поручить,  рекомендо-

вать, заказать» деп түсіндіреді (Л.З.Будагов, Сравнительный словарь 

турецко-татарских  наречий.  -  Т.I.  -  Санкт-Петербург,  1869.  -  С.55). 

Сірә,  оғыз-қыпшақ  ру-тайпалары  Сырдарияның  төменгі  ағысында 

араласып  жүріп-тұрған  кездерінде  (XI-XIII  ғасырлар)  қыпшақ 

тілдеріне оғыздық сөздердің енуі және керісінше процестер болғаны 

даусыз. Соның бір көрінісі – ноғайлық дәуір үлгілерінің тілінде ас-



мар сияқты сөздер орын алып сақталып қалғаны. Бұл сөз әзірге біздің 

тапқанымыз тек Шалкиіз жырларында ұшырасады, «тапсыру, аманат 

ету»  деген  сөз  мағынасында  келеді.  Қазақ  тілінде  қолданылмайды, 

демек, бөгде тілдік көне қолданыс болып танылады.




271



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   284




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет