Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»



Pdf көрінісі
бет176/284
Дата21.04.2022
өлшемі3,48 Mb.
#31814
түріБағдарламасы
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   284
Күспен.  Бұл  сөз  XVI  ғасыр  жырауы  Шалкиіздің  жырында  

кездеседі.  Ол  әміршісі  (хан  иесі)  Би  Темірді  қажы  сапарынан  тоқ- 

татуға айтқан жырында:

Қара бас күспен шалдырып,

Көк теңіздің үстінде 

Көтеріп желкен аштырып,

Уа, хан ием, жүк тиеттің кемеге, – дейді.

Түркімен  тілінде  кесәбой  (барка  с  одной  мачтой  и  двумя  пару-

сами) деген сөз бар екенін Будагов көрсетеді (Будагов, II, 178-бет). 

Бұған  қарасақ,  күспен  <кесәбой<кесбой<күсбей<күспен  болып 

фонетикалық трансформацияға ұшыраған сөз болар деп топшылауға 

болады. Сонда әуелі жүкті қара бас (басы қарамен боялған) баржаға 

(тіркемеге) тиеп алып, кемеге жеткізген дегенді айтып тұрған тәрізді. 

Қырым  сияқты  айнала  теңізді  жағалаған  ноғайлы  халқына  баржа 

сияқты тіркеме де, кеме де өте таныс болуы – даусыз. Ал ноғайлының 

ауыр  жұртының  ішінде  «қазақ  шыққан»  (қазақ  болған)  Шалкиіз 



күсбой/күспенді  ауызға  алып,  «Тәңірінің  үйі  –  Қаһбаға»  (Меккеге) 

теңізбен  жол  жүруге  ыңғайланған  әміршісі  Би  Темірге  сөз  айтқан 

тәрізді. Сөйтіп, күспен – түбі жалпақ сүйретпе жүк кемесі болар. Бұл 

сөз араб жазуымен күспей деп те жазылуы мүмкін, и мен н әріптерінің 

суреті бірдей, тек асты-үстеріндегі нүктелердің жаңылысып түсуі де 

мүмкін. 


Домбай. XVI ғасыр жырауы Шалкиізде:


266

Далада құлан (,) домбай шұбырса,

О дағы бір егеулі оққа жолығар, – деген жолдар бар. 

Жарияланып жүрген мәтіндерде құлан домбай деп қатар жазылған, 

араларында  үтір  жоқ.  Демек,  құланның  домбай  деген  тұқымы  деп 

түсінуге тура келеді, араларына үтір қойылса, домбай – құлан сияқты 

жабайы  жануардың  атауы  болмақ,  ал  домбай  құлан  деп  орындары 

алмасып  келсе,  «семіз,  күйлі»  немесе  «жуан,  ірі»  құлан  (жабайы 

жылқы)  деп  топшылауға  болады,  өйткені  домбай  –  ноғай  тілінде 

«жуан, толық» деген мағынадағы сөз: домбай – полный человек, дом-



бай таяқ – толстая палка (Ногайско-русский словарь, 1963, 101-бет).

Домбай сөзі қазіргі қазақ тілінде де бар. Түсіндірме сөздіктің тал-

дауына  сүйенсек,  ол:  1)  нобай,  нұсқа;  2)  ауыспалы  мағынада  «сес, 

қыр, қоқан-лоқы» деген мағыналарды береді екен (ҚТТС, 3-т., 153-

бет). Мысалдар бір-ақ жазушыдан келтірілген. Бұл түсіндірмелерді 

даусыз  деу  де  қиын.  Ал  көне  жыр-толғаулардағы  өте  сирек  (әзірге 

табылғаны  бір  ғана  Шалкиізде)  кездескен  құлан  домбай  немесе 



құлан,  домбай;  құлан-домбай  дегендегі  домбай,  сірә,  жабайы  (да-

лада  шұбырып  жүретін)  жануардың  біреуінің  атауы,  немесе  тіпті 

құлан дегеннің екінші атауы болуы мүмкін. Жыраудың бұл сөйлемі 

– бейнелеп айтқан афоризмдік толғауы. Сондықтан, біздіңше, құлан-

домбайдың шұбыруы – ұмыт болған қолданыс болар. Демек, мұны да 

біз лексикалық бейнелі ескілік болар деп топшылаймыз.



Барым.  Барым  сөзі  –  «мал-мүлік»  мағынасындағы  ескілік.  Бұл 

күнде  бар  сөзі  –  негізінен  әртүрлі  модальдық  қызмет  атқаратын 

сөз.  Өте  көп  қолданылады,  көптеген  тұрақты  тіркестерді  құрайды. 

2006 жылғы «Қазақ әдеби тілінің түсіндірме сөздігінде» өте айқын, 

барлық қолданыс үлгілері көрсетіліп, тіркестегі қолданысы сөзтізбеге 

шығарылып  кеңінен  түсіндірілген.  Ал  біздің  іздеп  отырғанымыз  – 



бар сөзінің осы тұлғада да, барым тұлғасында да зат есім сипатында 

«мал-мүлік, байлық» деген мағынада келген фактілер. Қазақтың ескі 

өлең-жырларындағы барым сөзі – өте көнеден келе жатқан ескілік. 

Ол  көне  түркі  тілдерінде  «мал»  және  «мүлік»  деген  екі  мағынаны 

берген екен (ДТС, 84). Бұл күнде жырларда кездесетін барым деген 

сөзді тәуелдік жалғаулы бар сөзі деп ойлауымыз мүмкін (кітабым, 



қолым, аяғым деген сияқты). Ал, дұрысында, мұндағы -ым – тәуелдік 

жалғау  емес,  сөз  тудырушы  жұрнақ.  Оның  тәуелдік  тұлғасы  бары-



мым болып айтылған (ДТС, 84). Осындай ескі тұлғасында қазақ жы-

раулары да қолданған:

Талқан қып алды шәрімді,

Талауға салды барымды («Алпамыс батыр»).

Падшадан барым – садаға,

Қолыңнан келсе, жәрдем ет («Қамбар батыр»).




267

Бұл жыр жолдарындағы барым сөзін тәуелдік жалғаулы бар сөзі 

екен  деп  қаламыз,  оған  алдыңғы  жолдағы  шәрім  (шаһарым)  деген 

I  жақ  тәуелдік  тұлға  әсер  етіп  тұрады.  О  бастан  эпосты  шығарған 

жыраудың  сөзі  барым  дегеннің  «мал»  және  «мүлік»,  яғни  «мал-

мүлік»  деген  нақты  заттық  мағынасын  біліп  қолданған.  Келе-келе 



барым тұлғасының заттық мағынасы көмескіленіп, қолымда бар за-

тымды (ол кез үшін батырдың байлығы «малы» мен «мүлкі» болды 

ғой) талап алды немесе қолымда не бар, соны патшадан аямаймын 

деп тұр. Сөйтіп, барым деген туынды зат есім бар деген модальдық 

тұлғамен  ауыстырылып  қолданылып  кеткен.  Дегенмен  бар  сөзінің 

заттандырып  қолданылғанын  оның  көптік  жалғауымен  берілгендігі 

көрсетеді:

Қатардағы нарларың,

Қазынадағы барларың,

Тәңірі берсе – менікі («Алпамыс батыр»). 

«Мал»  мағынасындағы  бар[ым]сөзі  бар-мал[ым]  түрінде 

плеонастық (бір мағынадағы екі сөз) қос сөзді де жасаған.



Жедел. «Төрехан батыр» жырында екі-үш рет жедел сөзі кездеседі:

Жеделіңнен таймайсың,

Жаратпаймын түріңді.

Төрехан бөтен кісі емес,

Мен үшін таста жеделің.

Бұл  –  «жанжал,  ұрыс-керіс»  мағынасындағы  парсы  сөзі.  Сірә, 

түркі тілдеріне ертеде енген сөз болу керек. Бұл сөзді қазірде омо-

нимдер құрайтын тұлға деп таныған жөн. Қазіргі қазақ тілінде же-

дел «тез, жылдам, асығыс» деген мағынада жұмсалады: жедел жа-

уап  берді,  жедел  жүріп  келеді.  Ертедегі  жырлардың  өзінде  «ұрыс-

керіс, жанжал» мағынасындағы жедел омонимі сирек кездеседі, бұл 

күнде осы мағынада мүлде жұмсалмайды деуге болады, демек, ол – 

лексикалық ескіліктің бірі болып танылады.



Айбарақ. Қазақстанның батыс өңірінде ертерек кезеңдерде жасап 

өткен ақын-жыраулар тілінде:

Алпыс басты ақ орда,

Айбарағын асырып.

Төскейге  тігер  күн  қайда?  –  деген  жолдар  бар  («Ер  Қармыс»  //

Жыр-дария. - Алматы, 1995. - 92-бет).

Бұл  жыр  жолдарындағы  айбарақ  тұлғасының  мағынасын  кон-

текске қарап «айбын, айбар» деп топшылауға болады. Қазақ тілінің 

соңғы  (2006  жылғы)  түсіндірме  сөздігінде  айбар  сөзін  осылайша 

түсіндіріпті,  ал  айбарақ  сөзіне  «қоқан-лоқы  болса»  деген  түсінік 

беріліп,  мысалдар  қазіргі  жазушылардан  келтіріліпті.  Бұл  түбірден 

жасалған  айбарақтау  етістігіне  «әйгілеу,  елге  көз  қылу,  паш  ету» 



268

деп  түсінік  береді.  Демек,  айбарақ  пен  айбарақтау  –  екеуі  екі  сөз 

(түбірлес емес) болып шығады. Біз талдап отырған мәтіндегі айбарақ 

мағынасы  «айбын,  айбат»  дегенге  жуық.  Айбарақ  жергілікті  сөз 

ретінде  де  тіркеліпті,  ол  Қызылорда,  Арал  тұрғындарының  тілінде 

«алдау,  өтірік  дәлел  келтіру»  деген  мағынада  қолданылады  екен. 

Батыс  өңірлерде  жасап  өткен  ақын-жыраулардың  қолданысында 

айбарақ-тың мағынасы бұған келмейді.

Сөз  қолданыста  ноғайлы  дәуіріндегі  әдебиетке  жақын  келетін 

Қазақстанның батыс өңірлерінде жасаған ақын-жыраулар бұл сөзді 

ескі  (ұмыт  болған)  бірлік  ретінде  ауызға  алулары  мүмкін.  Ноғай-

орыс  тілінің  сөздігінде  айбар  сөзі  «үйдің  терезесіне,  карнизіне  не-

месе  ағаштан  жасалған  үй  жиһазына  оймыштап  салынған  өрнек» 

деп  көрсетілген.  Алпыс  басты  ақ  орданың  да  карниздері  (үзіктері) 

оймышталған болуы мүмкін және айбар сөзін айбарақ деп айтудың 

да  орын  алуы  әбден  ықтимал  (-ақ/-ек/,  -ық/-ік  жұрнағы  құрал-

жабдық,  жиһаз,  киім-кешек  т.б.  сияқты  тұрмыстық  лексикада  жиі 

қолданылатын аффикс екенін ескерсек). Осылай деп түсінсек, «әсем 

өрнектерін [өзге үйлерден] асырып [көрсетіп] ақ үйді төскейге тігер ме 

екенбіз» деген тілек толғау жолдарын оқимыз. Мысалдарды көбірек 

іздеу  керек.  Дегенмен  айбарақ,  айбарағын  асыру  қолданыстары 

ертеректегі өлең-жырларда ескі бірліктердің қатарынан көрінеді деп 

айтуға болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   284




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет