«ЕДІГЕ БИ», «ЕДІГЕ БАТЫР», «ЕР ЕДІГЕ» ЖӘНЕ БАСҚА
ДА ЕДІГЕ ТУРАЛЫ ЖЫРЛАРДАҒЫ ЕСКІЛІКТЕР
Лексикалық ескіліктерді жинауда біз Едіге есімімен келетін
жырларға ерекше назар аудардық. XIX ғасырдың орта тұсында
әкелі-балалы Шыңғыс пен Шоқан Уәлихановтар ел ішінен жаз-
дыртып алған «Едіге батыр» атты жыр нұсқасы – Шоқанның айту-
ына қарағанда, батырлар жырларының ең әрідегісі де, ең көркемі
де болатын. Кез келген жырдың варианттарын (нұсқаларын) салы-
стыра қарағанда, көнелігі мен көркемділігін анықтайтын бірден-бір
көрсеткіш – оның тілі екендігі белгілі. Едіге туралы жырға ерекше
көңіл бөлген Шоқанның тануы бойынша, қолына түскен нұсқа XV
ғасырда пайда болған. Содан бері ауызша да тарап, хатқа да түсіп
отырған. Жыр ноғайлық ортада туған. Кезінде Алтын Орда мен
кейінірек Ноғай ордасын мекендеген «ноғайлының ауыр жұрты»
ру-тайпалар одақтары, кейін түркі халықтары болып қалыптасып,
бөлініп кеткендер бұл жырды ортақ мұра ретінде өздерінше жырлап,
өз дүниесі санап иемдегендері де айтылып келеді. «Едіге» жырының
сондай иесінің бірі – қазақ халқы.
Демек, Едіге туралы жырдың XV ғасырларда дүниеге кел-
ген нұсқасы, біріншіден, ең әрідегісі және ноғайлы жұртында
туғандықтан, жыр мәтінінде біраз ескіліктер, қазақ тіліне жат
бөгделік элементтер (жеке сөздер, сөз тіркестері, морфологиялық
амалдар, бірді-екілі фонетикалық өзгешеліктер) сақталған. Әрине,
Едіге туралы жырдың XIX ғасырдағы қазақ жұртына жеткен нұсқасы
– ең тұңғыш ноғайша жырланған түрі емес, қазақша жырланған түрі,
өйткені о баста барлық лингвистикалық параметрі жағынан бір-
біріне өте жақын қазақ пен ноғай тілдерінде сөйлеп, жыр жырлаған
бабаларымыз Едіге туралы аңыздар мен жырларды өз тілдеріне оңай
үйлестіріп, үндестіріп алған. Жырдың жалпы арқауын сақтап кейінгі
ғасырларда өздерінше жаңа нұсқаларын ұсынушылар жырды таза
қазақшалап үлгергені байқалады. Бұларда ескі сөздер мен тіркестер,
кәнігі поэтикалық сөз-образдар жоққа тән.
Біз «Шоқан нұсқасы» деп атап отырған жыр мәтінін Шоқанның
әкесі – Шыңғыс Уәлиханов ел ішінен жырдың үш нұсқасын жаз-
дыртып алады: әуелгісін Аманқарағай болысындағы қыпшақ ау-
лында тұратын қазақ Жұмағұл ақыннан, 2-нұсқасын жергілікті өзге
жыршылардан, үшіншісін Арыстанбай ақынның айтуымен қағазға
түсіртіп алады. Шоқан үш нұсқаны салыстыра отырып, бір жыр етіп
тұтастырып, 41 беттік қолжазба дайындайды. Оны Ахмет деген кісі
жаңадан мұқият көшіріп береді. Шоқан орысша аудармасын жасай-
274
ды, кейбір түсініксіз сөздерге көңіл аударады, өз танымын береді. Бұл
мәліметті проф. П.М.Мелиоранский «Алғы сөзінен» алып келтірген
фольклортанушы ғалым Оразгүл Нұрмағамбетованың «Едіге батыр»
атты жинақтың 1996 жылғы басылымына жазған «Түсініктемесі»
бойынша келтіріп отырмыз (Едіге батыр. - Алматы: Ғылым, 1996.
- 352-бет). Бұл жыр Шоқан Уәлихановтың шығармалар жинағында
1-рет Н.И.Веселовский редакциясымен С.-Петербургте 1904 ж.
«Идиге джиръ» деген атпен орыс тілінде жариялаған (Записи Им-
ператорского Русского Географического общества. По отделению
этнографии. - Т. XXIX. -СПб., 1901). Ал «Едіге» жырының Шоқан
нұсқасын қазақ тілінде алғаш рет 1905 жылы белгілі орыс ғалымы,
шығыстанушы, қазақ тілін зерттеуші проф. П.М.Мелиоранский ба-
стырып шығарады. Қолжазбаны редакцияламайды, сол жазылған
күйінде жарыққа шығарады (бұл, сөз жоқ, өте дұрыс әрекет болып
саналады, ескі жазбалардың тілін, құрылымын, стилін, тіпті емлесін
зерттеуде редакцияланбаған мәтіндердің мәнінің орасан зор екендігі
белгілі).
Біздің бұл жұмыста ескі сөздер мен тұлғаларды зерттеу нысаны
етіп отырғанымыз – жырдың «Шоқан нұсқасы», осы 1905 жылғы ба-
сылым мәтіні.
Проф. П.М.Мелиоранский жырдың Шоқан нұсқасын жариялағанда
көп жұмыс істеген, атап айтқанда, Шоқаннан қалған қолжазбаны
мұқият зерделеп сипаттап берген және едәуір көлемді алғы сөз жа-
зып, жыр мәтінінің қолжазбаларын кімдер жазып бергені, оның
тұтастырылған (бір нұсқа етіп біріктірілген) ең соңғы көшірмесін
Шоқанның өзі қарап, кей тұстарын түзеткенін, бірақ бұл түзетулердің
кейде қаламмен, кей жерінде қарындашпен жазылғандықтан, дұрыс
айырып тани алмағандығын және Шоқанның өзі де қолжазбаны
әбден мұқият қарап, түзетіп үлгермегенін айтады. Шоқанның
қолында жырдың жоғарғы үш қолжазбадан өзге тағы бір нұсқасының
жазбасы болғандығын және ең көңіл аударарлық жайт – жырдың үш
қолжазбадағы нұсқаларын жинақтап, (бір нұсқа етіп құрастырған кез-
де жасаған түзетулері мен қоспаларын Шоқан осы бізге (Мелиоран-
скийге де) беймағлұм тағы бір қолжазбадан (варианттан) алмады ма
екен деген жорамал айтуы, қолжазбаның емлесі де нашар екендігін,
мұнда ортаазиялық түркі жазба дәстүрінің емлесі (шағатай немесе
Мелиоранскийдің айтуынша, «татар әдеби емлесінің» («татарского
литературного правописания») ізі (ықпалы, үлгісі) айтарлықтай орын
алғанын айтады. Ең басты байқағаны – жыр тілінің қазақтың таза
халықтық тілінен өзгеше екендігі. Осы жерде П.М.Мелиоранский
«Едіге» жыры қазақ ортасында емес, ноғайларда туған деген пікірін
ашық айтады. Сондай-ақ жырда көптеген түсінігі қиын ескі сөздер
275
(древние слова) бар екендігін көрсетеді де осы басылымның «Глос-
сарий» деген бөлімінде бұндай сөздердің мағынасына жүгіндіреді.
Ол үшін, әрине, бірнеше жыл бойы қазақ тілін арнайы зерттеп,
грамматикалық құрылысын жазған ғалым өзінің білім-танымын
пайдаланады, дегенмен қазақтардың өзіндей барлық сөздерді
түгел игеріп болмағандығын сезіп, кейбір сөздердің мағынасын
түсіндіруді 1903/1904 оқу жылында С.Петербург университетінің заң
факультетінде оқып жүрген төре әулетінің өкілі – Жиһанша (Жанша)
Сейдалиннен сұрайды. Ол филолог не жазушы болмағанмен, кейбір
сөздердің қазақ тілінде мағынасы мынадай деп бар көмегін береді.
Жырда кездесетін қазақ тіліне тән емес, қазақтарға түсініксіз бо-
лып келеді деп тапқан сөздерді берген «Глоссарийінде» Ж.Сейдалин
түсіндірмесін жасаған бірліктерге С. деген белгі қойған. Сөйтіп,
проф. П.М.Мелиоранский түсіндірмесін жасаған сөздер мен сөз
тіркестері мыналар:
Достарыңызбен бөлісу: |