Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»



Pdf көрінісі
бет189/284
Дата21.04.2022
өлшемі3,48 Mb.
#31814
түріБағдарламасы
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   284
Байланысты:
Сөздер сөйлейді

күнәкар, күнә, ақыл ойлады, некелеп алды, аспан, шаһар, молда, сәлем, 

һәм,  қабыл  алды,  бейдамақ,  кәуір,  ділда,  Алла,  фархал,  Аллаң  жар 

болсын, инану, салтанат, дүлдүл, дәурен, қаһар, арыз қылып айту, 

өкпе пәни сөз, кәмәр, иман, күнәйім, пәк болу, дост сияқты ондаған 

араб, парсы сөзі жеке де, тіркес құрап та қолданылған. Шоқан, сірә, 

бұларды  қазақ  тіліне  әбден  енген  кірме  бірліктер  деп  санаған  бо-

лар. Ал, шынында, Шоқан жаздырып алған «Едіге» жырында халық 

(сөйлеу) тілінде қолданылмайтын, көбінесе дерексіз (абстракт) ұғым 

атаулары  немесе  сын  есім,  үстеу  болып  келетін,  сондай-ақ  күрделі 

етістік жасайтын араб пен парсы сөздері мұнда жоққа тән. Ал проф. 

П.М.Мелиоранскийдің  «Едіге  жыр»  мәтініндегі  бірді-екілі  ғана 

кездесетін  араб,  парсы  сөздері  әбден  өзгертіліп  бұзылып  жазылған 

дегенінің де себебі бар. Жоғарыда көрсетілген арабизмдер мен фар-

сизмдер қазақша дұрыс жазылған, ал бірді-екілі мүлде танығысыз бо-

лып кеткен сөздер болса, олар да бөгде тілдік сөздерді ауызша игеру-

де дыбыстық тұлғалары едәуір өзгеріп кететіндігі – заңды құбылыс. 

Ғалымның бұларды бұзылып, қате жазылған деп отырғаны тағы да 

түсінікті: ертеден, тіпті XX ғасырдың 10-20-жылдарына дейін қазақ 

жазба тәжірибесінде араб пен парсы сөздерін түпнұсқадағы қалпында 

жазу  емле  нормасы  ретінде  орын  алып  келгені  мәлім.  Сондықтан 

XIX  ғасырдың  40-жылдарында  жазылған  дүниеде  шығыс  тілдері 

сөздерінің  «қазақша»  жазылғанын  П.М.Мелиоранский  нормадан 

ауытқу, орфограммалық жөнсіздік деп таныса керек.

Шоқан  дайындаған  (жазып  алған,  аудармасын  жасаған)  қолжаз- 

баны  сөз  ете  отырып  және  бір  пікірімізді  баса  айтқымыз  келеді. 

Қазақ  даласында  өлең-жырлар  көбіне-көп  ауызша  тарап,  ауыз-

ша  жырлау  арқылы  сақталды  дейміз.  Әсіресе  көлемі  шағын  өлең-

жырлардың  ауызша  тарап,  ұрпақтан  ұрпаққа  жетіп  отырғанына 

күмән жоқ. «Ауызша баспаның» өз мектебі, өз тәртібі болған, мұны 

ақын-жыраулар  шығармашылығы  мен  өмірбаяндарын  сөз  еткен 

әдебиеттанушылардың  көбі  көрсетеді.  Ал  сонымен  қатар  батырлар 

жырлары,  лиро-эпостар  сияқты  ұзақ  туындылардың,  әсіресе  қара 

сөз  бөліктері  араласып  келгендерінің  қолжазба  түрінде  таралып, 

сақталуы сирек болса да орын алып келген сияқты деген пікірлерді 

мейлінше қостаймыз. Мұның бірден-бір дәлелін Шоқанның «Едіге» 

жырынан» таба аламыз.

Алдымен, «Едіге» – ноғайлық кезеңнің туындысы, ноғай жұртында 

туған  жыр.  Зерттеушілердің  пайымдауынша,  бұл  жыр  Алтын  Орда 



282

құрамында болған бірнеше ру-тайпа одақтарын құраған ноғай, қазақ, 

қарақалпақ,  өзбек,  Қырым  татарлары  сияқты  халықтардың  мәдени 

дүниесінде  сақталып  келген.  Бұлардың  ішінде  бір-біріне  жақын 

әсіресе  ноғай,  қазақ  тілдеріндегі  жыр  мәтіндерінің  ортақ  ұқсас 

тұстары  баршылық.  Жырдың  әрбір  нұсқасында  кездесетін  оқиға 

желісі бар, ол – Едігені кері қайт деп келгендегі Кең Жанбайдың сөзі 

мен  оған  Едігенің  жауабы  немесе  Тоқтамыстың  елімен  қоштасқан 

монологінде дұшпанның туырлығын тілгілеп тоқым ету, керегесін 

кескілеп  отын  ету,  Қаныкей  мен  Тінікейдей  қыздарын  ат  көтіне 

міндіру сияқты стереотип блоктар мен поэтикалық образдар осыны 

дәлелдейді. Бұлардың ішінде әсіресе жиі келіп отыратын Ормамбет 



би  өлгенде,  он  сан  ноғай  бүлгенде  деген  штамп  жырдың  ноғайлы 

жұртында  туғанын,  бұл  одақ  ыдырап,  одан  бөлініп  «қазақ  шығып 

кеткен», яғни Тоқтамыс хан алдыртқан үш жүз алпыс отау» қазақтар 

жырды өздерімен бірге алып кеткені жоғарыда айтылды. XV ғасырда 

«он сан ноғайлар» жырлаған жыр әлі таза қазақшаланып үлгермегені 

байқалады және ол тек ауызша емес, қолжазба түрінде хатқа да түссе 

керек.  Сондықтан  Шоқанға  XIX  ғасырдың  орта  тұсында  жырды 

жеткізген қазақтар қоғалы көл төгерек (дөңгелек), төбедегі қоңғыр 

(қоңыр)  қаз,  алғаштан  (әуелгі),  бергештен  (кейін),  жақын  жет-



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   284




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет