285
нұсқасынан басқалары Шоқан нұсқасының қазақша варианты емес
екендігі, олардың сюжеті де, кейіпкерлері де, оқиғалары да көп тұста
өзгеше болып келетіндігін фольклортанушылар әбден нақтылап
дәлелдеген болатын. Бір ескертетін жайт – «Едіге» тақырыпты жыр-
лар Шоқан мен Қаныш нұсқаларынан өзгелерінің барлығында дерлік
лексика-морфологиялық ескіліктер (ескі сөздер мен өзге түркі тілдік
морфологиялық көрсеткіштер) мүлде аз, тіпті жоққа тән деуге бола-
ды. Мұрын жыраудың (XX ғасыр) «Қырымның қырық батыры» атты
жырларындағы «Едіге» нұсқасында да ескі сөздер кемде-кем. Мұнда
біз алғаным (жұбайым), тоғысу (айқасу, ұрысу, соғысу), астана де-
ген 3-4 ескі сөзді ғана таптық. Жырдың XX ғасырдың II жартысында,
яғни біздің заманымызда жырланғаны анық байқалады. Мұнда тіпті
сүрегі біткен күніміз деген жыр жолында орыстың срок сөзі де кіріп
кеткен. Кейінгі ғасырларға тән әскер, мылтық сияқты сөздер бар. Де-
генмен біз төмендегі тізіп алып, түсіндірмесін жасап отырған мате-
риалдарда Едігеге қатысты қазақ жырларының мәтіндерін біршама
сүзіп шықтық. Бұл тұста байқалғаны – Ә.Диваев нұсқасы негізінен
қара сөзбен айтылған, өлеңмен келген мәтін 4 жерде, бірақ олар да өте
қысқа: 1-рет келгені – 12 жол, 2-ретте – 8 жол, 3-ретте – 28 жол, соңғы
үзік – 9 жол. Эпостың өлеңмен берілген тұстарының поэтикалық
сындарлығы жоқ, тым қарапайым баяндау стилімен келген. Жыр
нұсқасы кейінгі кезеңдерде пайда болған, мұнда отты қару құралдары
мылтық, бердеңке болып келеді, ілгері ХV-XVII ғасырлардағы өлең-
жырлардағы толғамалы ақ найза, қылыш, сүңгілер жоқ. Жыр тілінде
жиналған ортаның ізі байқалады: Ташкентте қызмет еткен Ә.Диваевқа
жырды жинап бергендердің ауқат шегу, қандай қылайын, һәм, нешік,
ауға кеткенде, қандай қылып жұмсайын сияқты өзбек тілінің (сірә,
өзбек арасындағы қазақтардың) ізі (сөзқолданыс машығы) байқалады.
Ә.Диваев нұсқасында лексикалық ескіліктер мүлде жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: