Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»



Pdf көрінісі
бет27/284
Дата21.04.2022
өлшемі3,48 Mb.
#31814
түріБағдарламасы
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   284
АСРА ЖҰРТ. «Қобыланды батыр» жырында асра (асыражұрт 

деген тіркес те кездеседі:



Асыра қыпшақ баласы 

Жатқаннан соң байлауда...

Арыстан туған екен деп 

Асыра жұрты қуанды.



48

Көне  түркі  тілдерінде  асра  деген  сөздің  бір  мағынасы  «бағы- 

нышты, мойынсұнған» дегенді білдірген (ДС, 61). Жоғарыдағы жыр 

жолдарындағы  асыра  сөзі  де  «бағынышты,  бас  иген»  деген  мәнді 

білдіреді.  Жалпы  жұрт  сөзі  –  түркі  тілдерінде  өте  ертеден  келе 

жатқан,  терминдік  мәні  бар  сөз.  Ұзақ  уақыт  сақталып  келген 

терминдік  мағынасы  –  «ел,  белгілі  бір  қауым,  этникалық  құрам, 

белгілі атымен аталған халық» деген мағына. Жұрт сөзі қазақ тілінде 

осы  мағыналарда  әр  алуан  эпитетпен  қолданылып  келген:  аста-

на жұрт, аса жұрт, асыра жұрт, ауыр жұрт, байтақ жұрт т.т. 

Қарақалпақ  тілінде  кесе  жұрт  тіркесі  қолданылады,  мағынасы  – 

«басқа ел, бөгде жұрт».

Қазақ әдеби үлгілеріндегі асра жұрт тіркесі, сірә, «бөгде, басқа 

жұрт» дегенге емес, «бағынышты, қол астындағы өз жұрты» дегенге 

саяды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   284




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет