Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»



Pdf көрінісі
бет25/284
Дата21.04.2022
өлшемі3,48 Mb.
#31814
түріБағдарламасы
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   284
АРЫҚ-ТҰРАҚ АРЫҚ-ТҰРЫҚ. Жалпы мағынасы түсінікті бұл 

қос сөздің екінші сыңары тұрық/тұрақ сөзі бұл күнде қазақ тілінде 

«арық» мағынасында жеке қолданылмайды. Ал ХІ ғасырдағы түркі 

тілдерінің  Махмұт  Қашқари  құрастырған  сөздігінде  туруқ  (turug) 

сөзі  жеке  тұрып  малға  қатысты  «арық,  көтерем»  деген  мағынада 

жұмсалған: туруқ ат – «көтерем ат». Демек, бұл қос сөздің екі сыңары 

да – бір мағынадағы сөздер екен. Мұндай бір мағынадағы сөздердің 

қос сөз құрамында қатар келуі – тілімізде жиі кездесетін құбылыс. 

Түсіндірме сөздіктерде тіркелген тұрық сөзі – негізінен тұрқы деген 

тұлғада жұмсалып, бір нәрсенің, көбінесе адам, жан-жануар сияқты 

тірі жан иесінің тік және көлденең қалпындағы көрінісі («Түсіндірме 

сөздікте»  тек  «горизонталь  қалпындағы»  деп  түсіндірілген,  бұл 

жаңсақтау сияқты). Бүгінгі  қолданыста тұрықтытұрықсыз деген 

туынды тұлғалары бар. Бірақ бұл «тұрықтардың» арық-тұрық-тағы 



тұрық-қа қатысы жоқ деп табамыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   284




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет