Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»



Pdf көрінісі
бет43/284
Дата21.04.2022
өлшемі3,48 Mb.
#31814
түріБағдарламасы
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   284
ДАТ(ДӘТ). Ауыз әдебиеті үлгілерінде: Дат, тақсыр!, Тоқта, ба-

тыр, дәт тыңда! деген жолдар кездеседі. Бұлардағы дат/дәт сөзінің 

негізі – дад. Ол парсы тілінде «әділ заң, әділдік» және «(әділдік іздеп) 

арыз айту, өтіну» мағыналарын береді. Сонда «дат, тақсыр!» деген 

сөздер «өтінішім бар, соны тыңда» немесе «әділдік іздеймін!» деген 

мәнде айтылатын қалыпты сөздер болып шығады.



ДЕМ ТАРТУ. XV-XVII ғасырлардағы өлең-жырлар мен эпостар-

да:


Балдағы алтын құрыш болат 

Ашылып шапсам дем тартар

Сусыным қанға қанар деп, – 

деп келсе, дәл осы жолдарды Махамбет те қайталайды:

Қарқыны күшті көк семсер 

Шапқан сайын дем тартар

Сусыным қанға қанар деп.

Дем  тарту  тіркесінің  мағынасы  бұл  күнде  күңгірт.  Сондықтан 

да кейбір жерлерде ол дом тартар деп жазылған. Бұл тіркес, сірә, 

парсының дем сөзінің қатысуымен жасалған болу керек. Дем сөзінің 

парсы  тілінде  бірнеше  мағынасы  бар:  қазақ  тіліне  енген  дем  («ауа 

жұту») дегеннен басқа және бір мағынасы «қылыш, оқ, қайшы, сем-

сер  сияқты  құралдардың  өткір  жүзі,  ұшы»  дегенге  саяды.  Осыдан 

барып дем тарту тіркесі «өткірлене түсу» деген ауыспалы мәнге ие 

болуы  мүмкін.  Немесе  қазақ,  қырғыз  тілдерінде  осы  сөздің  «күш, 




72

қуат» деген ауыспалы мағынасы және бар екені мәлім. Мысалы, дем 



бердідемеді («қуат берді, жігерлендірді» деген мағынада), қырғыз 

тіліндегі дем байлады («үміт артты»), дем кесті, дем суыттыдем 



басты  («күш-қуатынан  айырды,  аптығын  басты,  үркітті»  деген 

мағынада) сияқты тұрақты тіркестердегі дем сөзі «күш, қуат» деген 

мәнде. Сондықтан дем тарту деген тіркес «күші артты» деген ауы-

спалы мағынада қолданылған сөздер болуы да мүмкін.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   284




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет