Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»



Pdf көрінісі
бет41/284
Дата21.04.2022
өлшемі3,48 Mb.
#31814
түріБағдарламасы
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   284
БІЛІК/БІЛЕК. Ертедегі ноғайлы-қазақ жырауларының бірі – Ер 

Шобанның тілінде:

Сыпайшылық бұ-ды деп,

Ала білек оқ салған, – 

деп  келетін  жыр  жолдары  бар.  Мұндағы  білек  сөзі  түсініксіз.  Бұл 

сөз  көне  жырлардың  өзінде  өте  сирек  ұшырайды.  Сондықтан  бір 

жерде білік, бір жерде білек, тіпті бір жерде бұлың (дай) деп жазылып 

жүр.  Соңғы  тұлғаға  қарай  зерттеуші  Ә.  Қайдаров  бұл  сөзді  «жай 

оғының  ағаш  сабын  білдіреді»  деп  табады  (Қайдаров,  27).  Біздің 

байқауымызша, «Алпамыс» жырындағы:

Сырым саған түзу-ді 

Садаққа салған бұлыңдай, – 

деген  жолдардағы  бұлыңдай  тұлғасы  қате  жазылған.  Өзге  де  осы 

мағыналы  жолдармен  салыстырсақ,  бұл  сөз  біліктей  болуы  керек: 

арабша жазылуда дауысты дыбыстың ы, і; ұ, ү; о, ө болып оқылуы 

шартты, контекске қарай кез келгенін қойып оқуға болады, ал соңғы 

жұрнақтың -дей түрінде жазылуы да араб әрпімен жазудың емлесіне 

байланысты:  қазақ  сөздерін  арабша  жазғанда,  дауыссыздардың 

қатаң-ұяң  болып  келуі  сақтала  бермеген  (мақбал,  айтды  деп  жазу 

«дұрысырақ» болған). Қазақ эпостары ең алғаш хатқа араб жазуымен 

түсті,  қазіргі  басылымдары  –  сол  арабша  графикадан  көшірілген 

нұсқалар.  Сондықтан  осы  сипаттас  (яғни  дауысты  дыбысы  дұрыс 

жазылмаған) қателерді жиі кездестіреміз.

Ә. Қайдаров білік сөзінің мағынасын дұрыс тапқан тәрізді. Кон- 

текске қарағанда, білік – жақ оғының сырланатын, қырланатын ағаш 

жағы, яғни оқтың ұшынан өзге жағы. Бұл сөз орта ғасырлардары, мы-

салы, XIII ғасырдағы түркі-араб сөздігінде де кездеседі (Құрышжанов, 

97). 

Қазақ тілінде білік ағаш деген тіркес бар. Ол – арбаның алдыңғы 



және  артқы  доңғалақтарын  байланыстырып  тұратын  ағаш.  Бұны 

Жамбыл, Шу өңірлерінде белағаш деп те атайды (Диал. сөздік, 64). 

Үй төбесіне салатын арқалықтың Қазақстанның кейбір өңірлерінде 



70

белағаш  деп  аталатынын  диалектологтер  көрсетеді.  Біздіңше,  білік 

ағаш, белағаш дегендер – түбірлес сөздер.

Сөйтіп,  білік/білек,  бел  тұлғалары  –  «бір  нәрсенің  ортан  белі, 

арқауы»  деген  ұғымға  ие  сөздер.  Оқтың  ұзын  арқауы  (ала  білек 

оқ), арба доңғалақтарын байланыстырып тұратын арқау ағаш (білік 

ағаш>6елағаш), үй төбесінің арқауы – бәрі де бел (біл, білік), білек 

сөздерінің қатысуымен аталады.



Білік сөзін және бір жерде кездестіретін тәріздіміз. Өткен ғасырда 

В.В.Радлов жинап бастырған қазақ текстерінің ішінде «аяғына бұғау, 

қолына білекшін қойып, зынданға бырақты» деген сөйлемді оқимыз. 

Мұндағы  білекшін  сөзі  де,  біздіңше,  тұтқынның  қолын  артына 

қайырып байлау үшін көлденең қойылатын ағашты білдіретін тәрізді. 

Өйткені егер бұл сөз білек (қолдың білегі) дегеннен жасалған болса, 

оның тіркесіндегі етістік қойып делінбес еді, салып, кигізіп болар еді. 

Бұл жорамалымызға және бір дәлел XIII ғасырдың түркі-араб сөздігін 

зерттеген голланд ғалымы Т.Хоутсма мұндағы білік сөзін «тек қана 

беліне  қыстырып  жүретін  құрал»  деп  табады  (Құрышжанов,  97). 

Сірә, ғалым білік сөзінің түптөркінінде «бел» (пояс) мағынасы барын 

сезіп, сол мағынадан шығарып топшыласа керек. Мүмкін, жоғарғы 



білекшін (білікшін) «кішкене білік» (Хоутсма айтқан белге қыстырып 

жүретін  сойыл  тәрізді  қару)  дегенді  білдіретін  болар.  Бірақ  бұл 

айтқандарымыздың бәрі жорамалымыз ғана, әрі қарай іздестіре түсу 

қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   284




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет