Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»



Pdf көрінісі
бет42/284
Дата21.04.2022
өлшемі3,48 Mb.
#31814
түріБағдарламасы
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   284
ДАҢҒА ШЫҒУ.

«Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырында:

Қарабай, Сарыбаймен аңға шыққан

Екеуінің дәуірі даңға шыққан, – 

деген жолдар бар. «Ер Сайын» жырында:

Байлығының белгісі

Малы алашқа даң болған, – 

деп келеді. Даңға шығу тіркесі «Ер Тарғын» жырында да кездеседі. 

Бұл тіркес Қазақстанның батыс өлкесінде жергілікті сөз (диалектизм) 

ретінде  кейде  ауызекі  сөйлеу  тілінде  де  ұшырайды.  Мағынасы  – 

«белгілі болу, атағы шығу, даңқы шығу». Даңға шығу дегеннің бірінші 

сөзінің түбірі – даң. Бұл – жеке тұрып қазірде көп қолданылмайтын 

сөз.  Ал  түркі  тілдерінің  кейбіреулерінде,  мысалы,  қырғыз  тілінің 

оңтүстік  диалектісінде  даң  «атақ,  белгілілік,  даңқ»  мағынасында 

ұшырасады. Осы түбірден өрбіген даңдуу «белгілі, атақты», даңдау 

«біреуді мақтап атағын жаю», даңдану «өзін жақсы жағынан көрсету» 




71

деген сөздер қырғыз әдеби тілінде жұмсалады. Қазақ тілінде де «өз 

атағын өзі көтермелеу» деген мағынада даңдайсу (даң + дай + сы + 

у) деген етістік кездеседі. Демек, даң сөзі бір кездерде жеке тұрып, 

«атақ, даңқ» дегенді білдіргені хақ.

Бұл жерде ерекше болып көрінетін құбылыс – шығу етістігінің ба-

рыс септіктегі сөзді қажет етуі (әдетте, дұрысы даңы шыққан болу 

керек  қой).  Сірә,  биікке  шықты,  тауға  шықты  дегендей,  «белгілі 

атаққа шықты (ілікті)» деген үлгіге (модельге) сай даңға шықты бо-

лып қалыптасқанға ұқсайды. Қазірде бой жетті түрінде айтылатын 

тіркес ілгеріректе қазақ тілінде бойға жетті тұлғасында айтылған. 

Мысалы, Асанқайғы толғауында:

Қадірін жеңге білмесе



Бойға жеткен қыз ғаріп.

Даң сөзі осы күнгі әдеби нормадағы даңқ сөзімен түбірлес деген 

пікір бар (Досқараев, II, 43).





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   284




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет