Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша



Pdf көрінісі
бет109/161
Дата01.12.2022
өлшемі2,1 Mb.
#54173
түріБағдарламасы
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   161
1. Лексика саласында. Қазақ тілінде баламасы бар сөз- 
дердің орнына араб-парсы, шағатай, яғни көне түркі, оғұз, 
қарлұқ сөздерін қолдану: нәма (хат), құртқа (кемпір), біту 
(жазу), нәма біту (хат жазу), рауан болу (жүріп кету), тармар 
қылу (талқандау), ағлам қылу (хабарлау), хуб (жақсы), биһуш 
(есінен айрылу), баднама (жаман атты), лафз (сөз), туғры йол 
(тура жол), шул (сол), яқ-яққа (жан-жаққа), ат ашайтын құрақ 
(жылқы жейтін), алтмыш (алпыс), ұгұл (ұл бала). Түзүк, тірік, 
ұлуғ, мұндағ, шундағ, кішідек (кісідей) сияқты сөздер де XIX 
ғасырдың қазақ тіліне тән емес: ерді (еді), олтурды (отырды), 
ашығланды (ашуланды), тұғды (туды) деген сөз тұлғалары да 
– қазақша емес. Бұл белгі әсіресе діни мазмұндағы қиссаларда 
көбірек көрінеді.
173
Осы күнгі «Ғашықнаме» деген атпен жарияланып жүрген дастандар – осындай 
«қазақшалау» қиссалардың одан әрі редакцияланып, емлесі мүлде жаңартылып
қазіргі түрге көшіріліп берілген түрлері. Бұл жинақтарға кейбір қиссалардың XIX 
ғасырдағы варианты емес, XX ғасырдың басында қайта жырланған «қазақша» 
нұсқалары енгізілгені байқалады. Мысалы, «Ғашықнамедегі» «Бозжігіт» қиссасы – 
А. Сабалұлының 1911 жылы өңдеп қайта жырлаған варианты, тілі таза қазақша (оған 
қазіргі шығарушылардың қолдары да едәуір тигені сезіледі), ал ол қиссаның «ноғай 
уа қазақ лұғатынша» Ахмед Оразаев жырлаған 1876, 1878, 1881, 1889, 1890, 1896, 
1903, 1907 жылдардағы басылымдарының тілін талдаған Б. Әбілқасымов «Бозжігіт» 
қиссасында өзге қазақша қиссаларға қарағанда, түркі әдеби тіл дәстүрі көбірек 
сақталған деп түйеді. Аталған кітап: Әбілқасымов Б. XIX ғасырдың II жартысындағы... 
36-б.


242


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет