Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша



Pdf көрінісі
бет133/161
Дата01.12.2022
өлшемі2,1 Mb.
#54173
түріБағдарламасы
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   161
Алтынсарин Ы. Таңдамалы шығармалар. - Алматы, 1955. - 70-б.
195
Сонда, 323-б.


296
Ыбырай шығармалары тілінің лексика-фразеологиялық 
құрамы қазақ әдеби тілінің байлығынан алынған. Грамма- 
тикалық құрылысында да Ыбырай кітаби тілге тән тұлға-
тәсілдерді қолданбайды. Тіпті ол сол кезде қазақтың жазба 
әдеби тілі ішінара пайдаланған кітаби орфографиялық дәстүрді 
де қабылдамай, қазақ тілінің фонетикалық заңдылықтарын 
ескеріп, қазақша жазу принципін ұстады. Оған Ыбырайдың 
қазақ жазуы үшін орыс графикасын ұсынуы себепкер болды.
Қазақтың жазба әдеби тілінің даму бағытын белгілеудегі 
Ыбырай Алтынсариннің рөлі мен орнын сөз еткен тұста оның 
араб-парсы тілдері мен орыс тіліне қатысын айқындап алу қажет. 
Сөз жоқ, Ыбырай қазақ әдеби тіліне араб-парсы элементтерін 
кітаби тілдегіше молынан және өнімді түрде енгізуді қостамады, 
бірақ жалпы араб-парсы сөздерінен үзілді-кесілді бас тартқан 
жоқ. Өйткені қазақтың сөйлеу тілінде де, байырғы әдеби 
тілінде де араб-парсы сөздері едәуір мол болып келгендігін, 
олардың көбінің қазақ тіліне етене сіңіп кеткендігін Ыбырай 
жақсы түсінді. Сондықтан ол Н.И.Ильминскийге жазған бір 
хатында: «Меніңше, қазақ жазбалары үшін осы тілдің өзінде 
жоқ сөздердің орнына парсы немесе араб сөздерін алуға бо-
латын тәрізді», – деген ойын білдіреді
196
. Бұл айтқанына және 
өзінің мәтіндеріне қарағанда, Ыбырай араб-парсы сөздерін 
екі жағдайда ғана актив қолдануды ұсынады: бірі – ежелден 
еніп, қазақ тіліне сіңісіп, қолтума болып кеткен, ауызекі сөйлеу 
тілінде әбден қалыптасқан сөздер тобы, екіншісі – қазақша 
баламасы жоқ ұғымдардың араб-парсыша атаулары. Мыса-
лы, соңғы топқа дінге, оқу-ағартуға, әлеуметтік қоғам өміріне 
қатысты бірқатар сөздерді жатқызуға болады. Ыбырайдың жал-
пы оқу орнын медресе, мұғалімді молда деуі, патса, патсаза-
да, уәзір сияқты әлеуметтік топтардың атауын қолдануы, ораза, 
намаз, иман, дуа, тауба, жұмақ, дозақ тәрізді сөздерді келтіруі 
– осыны дәлелдейді. Қалған реттерде, мысалы, жаңа сөз жа-
сауда, дерексіз ұғым атауларын атауда – барлығында Ыбырай 
араб-парсы сөздеріне жүгінбейді. Бұл тұста ол тіпті Абайдан да 
ерекше тұрады. Ыбырай талаптылық, ұқыптылық, салақтық, 
мейрімділік сияқты дерексіз ұғым атауларын қазақша ұсынады.
196
Ильминский Н.И. Воспоминания об Ибрае Алтынсарине. - Казань, 1891.
- С. 215.


297
Ыбырайдың орыс тіліне көзқарасы, әрине, айрықша бол-
ды. Ол ең алдымен, сөйлеу тілінде бұрыннан орныққан орыс 
сөздерін пайдаланумен қатар, көптеген сөздерді өзі енгізді. 
Купец, приказчик, фабрика, конфета, мужик, фонарь, ящик 
сияқтылар – қазақ өміріне таныс бола бастаған нақты зат ата-
улары болса, Ыбырай тілінде кездесетін князь, граф, франк
университетпортрет, награда деген орыс сөздері – ауызекі 
тілге бейтаныс жаңа кірмелер.
Орыс сөздерін әдеби тілге енгізуде Ы.Алтынсариннің екі 
ерекшелігін көрсетуге болады: бірі – оларды фонетикалық 
тұлғалануы жағынан аса «сындырмай» қабылдау, екіншісі – 
бейтаныс орыс сөздерін қазақ қауымына таныс өзге сөздермен 
немесе суреттеме тәсіліммен түсіндіріп отыру. Сөйлеу тіліне 
енген орыс сөздерінің қазақ фонетикасына сәйкестеніп қабыл- 
данғаны мәлім. Ыбырай осы тәртіпті едәуір бұзып, орыс 
сөздерін түпнұсқаға жуықтау түрде алуды ұсынады. Сондықтан 
бұрыннан жәрмеңке, жәшік, зілмеңке тәрізді сөздерді ол яр-
марка, ящик, землянка деп береді. Бұған Ыбырайдың орыс гра-
фикасын қолданғаны да себепкер болғаны сөзсіз.
Екінші жайтқа – бейтаныс орыс сөзін түсіндіріп отыру 
тәсіліне келсек, бұл – Абай мен Ыбырайдың қаламдарына тән 
сипаттардың бірі. Ыбырай: университет деген бір үлкен 
школда деп алдыңғы сөзді сол кездегі қазақтарға таныс оқу 
орнының атымен (школ) түсіндіреді. Немесе қағаз істейтін 
фабрик деген тіркеспен берілгенде, фабрика сөзінің мағынасы 
айқын болып шығады. Бұл тұрғыдан Абайдың Ол монастырь – 
сопылар тұрар жері немесе Дадан деген иісті май тұтатып 
деген жолдары да мысал бола алады.
Ы.Алтынсариннің тіл саласында істеген және бір еңбегі – 
шағын сөздік жасауы мен қазақ грамматикасынан мағлұмат 
берген материал ұсынуында. Оның 1879 жылы жарық көрген 
«Начальное руководство к обучению киргизов русскому язы-
ку» деген кітабында тақырыптық топтарға бөлінген кішігірім 
сөздік береді және орыс тілінің грамматикасын қазақ тілімен 
салыстыра отыра таныстырады. Әрине, бұл соңғысы – шын 
мәніндегі ғылыми курс емес, өзі айтқандай, бұл – нұсқау 
құрал, «ол – толық грамматика емес, ол – тек сөйлесуде, жазуда 
ғана тілдің негізгі заңдылықтарын дұрыс пайдалана білу үшін 


298
жол көрсететін алғашқы құрал»
197
ғана. Ыбырайдың мұндағы 
көздегені – қазақ балаларына орыс тілін ана тілі арқылы үйрету. 
Бұл грамматика қазіргі қазақ тілі грамматикасы кітаптарындай 
нормалаушы рөл атқармаса да, оның сол тұстағы кейбір кате-
горияларды танып-білудегі мәні бар
198
. Қазақ тіліндегі тұңғыш 
лингвистикалық термиңдер осы еңбекте жасала бастаған. 
Әрине, бұлар қазіргі терминдерге сай келмейді, бірақ бұдан 
қазақ тіліндегі оқу-педагогикалық және ғылыми стильдер 
элементтерінің алғашқы пайда болып, әрі қарай дамуындағы 
Ыбырай Алтынсариннің еңбегін көреміз.
Сөйтіп, Ыбырай өзінің жазушылық әрі ғылыми қызметімен 
(ол этнография саласынан мақалалар жазған және қазақ тілінің 
грамматикасы туралы шағын жұмыс жариялаған) қазақтың 
жаңа жазба тілінің даму бағытын нұсқады, стильдік тарамда-
луына жол салды, көркем проза стилінің негізін салды.
Ыбырайдың поэтикалық дүниесі айрықша мол болмаса 
да, ол әдебиеттің бұл саласында да қазақтың жалпыхалықтық 
тілі мен байырғы ауызша әдеби тілін негіз етуге үлгі көрсетті. 
Ыбырай өлеңдерін мазмұны мен жанры жағынан негізінен 
екі топқа бөлуге болады: 1) дидактикалық мәндегілер; үгіт-
шақыру өлеңдері, нақыл, тақпақ; 2) табиғат құбылыстарын 
суреттейтін туындылар. Алғашқы топтағылар түгелімен 
дерлік ауыз әдебиеті мен байырғы төл әдебиет үлгісімен, соған 
ұқсастырыла жазылған. Мысалы, «Өнер-білім бар жұрттар» 
деген өлеңінің стилі де, ішіндегі көркемдеу элементтері де 
дидактикалық толғаулармен әуендес: өлең 7-8 буынды, ара-
лас ұйқасты, ұйқасқа көбінесе етістіктер алынған, мұндағы 
айшылық алыс жерлер, көзді ашып жұму, бата беру сияқты 
фразалар бұрынғы үлгілердің тілінен алыстамайды, теңеулер 
де дағдылы: құстай ұшу, балықтай жүзу, жастар – желкілдеп 
шыққан шөп, өнер жігіт көркі т.т. Араз бол, кедей болсаң 
ұрлықпенен. Мақтанба бақыттымын деп бағыңызға, Арық мал 
жан жолатпас бір жалданса, Әй, достарым, Әй, жігіттер 
деп басталатын өлеңдер циклі де бұрынғы үгіт-насихат 
197
 Алтынсарин И .Начальное руководство к обучению киргизов русскому языку. - 
Оренбург, 1871. - С. 2.
198
Бұл кітап жөнінде толығырақ мәліметгі мына еңбектен алуға болады: Хасанова С. 
Ыбырай Алтынсарин шығармаларының тілі. - Алматы, 1972. - 17-20-б.


299
түріндегі 11 буынды қара өлеңдер мен 7-8 буынды толғаулар 
сарынында берілген. Бұларда да барлық лексика-фразеология, 
көркемдеу элементтері қазақтың бай ауыз әдебиеті мұрасы мен 
ауызша поэзиясы үлгісінен алыстамайды.
Ал екінші топтағы «Жаз», «Өзен» деген бірді-екілі өлен- 
дерінде Ыбырай табиғатты жырлайтын лирика жанрына 
жуық келеді. Бірақ бұларда да тақырып пен жанр жағынан 
өзгешеленгені болмаса, тілі мен өлең техникасы жағынан 
бұрынғы поэзиядан көш ілгері кеткендік жоқ.
Ыбырай алдына қазақ поэзиясын жаңғырту, жаңа сатыға 
көтеру, көркемдеу тәсілдерін жетілдіру, түрлендіру сияқты 
міндеттерді қоймаған: ол өз поэзиясын ақындығынан емес, 
ағартушылығынан ұсынған, яғни ол өлеңдерін жалпы жан 
сүйсіндірерлік эстетикалық дүние деп емес, мектепте оқуға 
арналған материал ретінде ұсынған. Мұндағы мәні бар факт 
– Ыбырай ұсынған өлеңдердің тілінің «жалпақ жұртқа», 
«қарапайым оқушыға» түсінікті қазақтың халықтық тілінде 
жазылуы. Бұл өлеңдердің бұрынғы қазақ поэзиясы үлгілерінен 
алшақ кетпеуі – Ыбырай Алтынсариннің қазақ жазба әдеби 
тілінің негізін таңдаудағы принципін көрсететін белгі.
Тіл саясатында Ы.Алтынсариннің ұстаған принципі про- 
грессивтік мәнде дұрыс болғандығын XIX ғасырдың соң
кезінде баспасөз бетінде Ыбырайдың ағартушылық жүйесі 
туралы жүргізілген пікірсайыс (диспут) көрсетті. Ы.Алтын- 
сариннің озат ойлы ізбасарлары осы айтысты «Оренбургский 
листоктың» 1884 жылгы 15-нөмірінде қорытындылап, онда 
Ыбырайдың тілі халықтық, әрі айқын, әрі дұрыс, әрбір қазаққа 
түсінікті деп түйді
199
.
199
Сулейменов Б. Проблема изучения научно-педагогического и литературного 
наследия Алтынсарина //Вестник АН Каз ССР. - 1967. - №1. - С. 22-28.


300


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет