Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша



Pdf көрінісі
бет15/161
Дата01.12.2022
өлшемі2,1 Mb.
#54173
түріБағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   161
Жұбанов Е. Эпос тілінің өрнектері. - Алматы, 1978.


39
Теңеудің негізінде белгілі бір сөз-образдардың символға
айналуы басын фольклор тілінен алады. Қазақ ауыз әдебие- 
тінде бөрі («Тарғындайын бөріңіз»), арыстан («Арыстаным- 
ның барында оқалы байпақ кигенім»), ақ сұңқар («Байлауда 
қалған ақ сұңқар Бұрынғыдай бола алмас»), алтайы қызыл 
түлкі, құмай жүйрік, құлынбота, қозы сияқты сөздер – сим-
вол ретінде келіп, әбден тұрақталған, дәстүрге айналған эле-
менттер. Сол сияқты жалқы есімдерді символға айналдыру 
ауыз әдебиеті тіліне тән. Мысалы, «Қобыланды» жырында 
Қарақан тау – Отанның, кір жуып, кіндік кескен жердің симво-
лы: Қарақан таудың аршасы... Қарақан тауда бабамыз. «Ал-
памыс» жырында Жиделібайсын да – осындай символ: «Есебі 
жоқ көп жылқы – Жиделібайсын даласы...», «Барғаныңда 
не дейсің Жиделібайсын қалаға...», «Байсын деген – өз елім, 
Жиделі – байтақ қаламыз».
Монологтің немесе жаңа оқиға желісінің бастауы (орыс-
ша «зачин») болып келетін стереотиптер де көбінесе мал об-
разымен беріледі. Мысалы: Ерлер мінер алаға, көңілім толды 
санаға... Батырлар мінер қызылды, Жал-құйрығы ұзын-ды... 
Жылқы ішінде ала-ды, қылшық жүнді қара-ды деген жолдар 
– кез келген жырда кездесетін бастаулар (зачиндер). Жау боп 
тиген батыр Отарда жатқан жылқымның Отарын бұзған
кім едің?! Жусап жатқан жылқымның Жусауын бұзған кім 
едің?! деген образдармен беріледі. Байлықтың образын беру 
үшін «Қамбар» жырындағы Әзімбай байды: Әзімбай еді 
қаракөк Арылмаған уызы, сабада пісер қымызы деген сурет 
тағы да мал шаруасымен қатысты болып келеді.
Міне, ауыз әдебиеті тілінің осы дәстүрі қазақтың ауызша 
әдеби тілінің де тілдік-көркемдік жағынан жалғасын тапқан 
мықты арқауының бірі болғаны байқалады. Фактілерді сөй- 
летелік. Бұхар жырау Абылай ханның бытырап кеткен қазақ 
жұртының басын құрап, тұтас ел (мемлекет) ету әрекетін 
Елу жасқа келгенде, Үш жүздің баласының атының басын 
бір кезеңге тіредің деп бейнелейді. Шал ақын: Он бес деген 
жасым-ай Жарға ойнаған лақтай. Қырық деген жасым-ай 
Байлаулы тұрған құр аттай деп, әр кезеңдегі жасқа қарай


40
образын мал баласының күй-қалпына теңеп береді. Дулат
ақын сөз зергерінің образын беруде: Тоят төс,салпы ерінді, 
топтан торай бермейтін тұлпар аттай қунақпын деген
теңеуді таңдайды. Махамбет бір жерде: Исатайды өлтіріп, 
серкесінен айрылып, сергелдең болған біздің ел деп, Исатай- 
дың образын серкеге теңеп бейнелесе, екінші бір өлеңінде: 
Тайманның ұлы Исатайды Шайбуыл салса нанғысыз арғы- 
мақтан туған қазанатқа балап бастап, әрі қарай күніне көз 
көрінім жер шалғысыз қазанаттан туған қаз мойынға, нарға 
жүгін салғысыз айырдан туған жанпозға, асылын айуан десе, 
нанғысыз аруанадан туған маяға теңейді. Демек, Исатай 
портретін жасауда ақын пайдаланған образдар мал баласының 
жақсы тұқымдарын тани білген қазақтың көзімен, сөзімен 
берілген.
Әрине, халықтың ауыз әдебиеті тіліндегі образдар тек қана 
малшаруашылығы емес, қазақ қауымының тұрмыс-тіршілік 
қалпынан да айналаны қоршаған табиғаттан да алынады. 
Мысалы, «Қобыланды» жырындағы аламанға жел берген, 
азды көпке теңгерген деген фразеологизм «халық қамын жеп, 
халықты азаттық үшін күреске шақырған ер» дегеннің образы 
болса, «жауды жеңу» идеясын керегесін отын қып, туырлы- 
ғын тоқым қып немесе керегесін кескілеп, туырлығын тіл- 
гілеп деген образдар арқылы білдірсе, бұл тілдік құралдарды 
Махамбет ақыннан да табамыз. 
Ауыз әдебиетіне тән көркемдеуіш-бейнелеуіш тәсілдің 
бірі – стереотип формулалары еркін қолдану. Бұлар – жырдан
жырға көшіп отыратын әбден тұрақталған сіріленген ком-
позияциялар. Мысалы: буырқанды, бұрсанды, мұздай темір 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет