§ 4. Ақындар мектебінің дами бастауы және оның әдеби
тіл барысындағы рөлі
XVIII ғасырға дейін қазақ көркем әдебиеті әлемінде орын
алып келген жыраулық дәстүр өз күшінде болуымен қатар,
онымен жарыса ақындар мектебі бел ала бастады. Бұл жерде
біз әдебиеттану ғылымында арнайы зерттеу объектісі болып
жүрген жыраулар типі, ақындар типі дегендердің пайда болу
немесе күшею кезеңі туралы сөз етіп отырған жоқпыз. Ақын-
дар, мүмкін, жыраулар типіндегі сөз иелерінен бұрын пайда
болған болар. Ол жөнінде зерттеуші Е.Тұрсынов арнайы еңбек
жазып, ғылыми дәлелдері бар пікірлер айтқан болатын
138
.
Біздің бұл жердегі әңгіме өзегіміз XVIII ғасырда қазақ по-
эзиясын қызмет еткен сөз зергерлері мектебінің түрлері жай-
ында.
Әдебиеттанушылардың тұжырымдарына қарағанда, «қазақ-
тың ақын дегені – жыраудың кейінгі кезде шыққан атауы
(Н.С.Смирнова), «тарихи деректерге қарағанда, жыраулар-
ды ақындардың ең көне типі деп есептеуге болатын сияқты
(Е.Ысмайылов)
139
. Түпнегізі қандай болған күнде де (қайсысы
бұрын, қайсысы кейін шықса да), біз бір жайтты ашып айта
аламыз. Ол – қазақ топырағында ақындар мен жыраулар
137
Соңғы кезде Бұхардың туған-өлген жылдары мен шығармашылығы жайында
әзірге қолға түскен материалдарды пайдаланып, ғылыми негізде соны пікірлер айтқан
Қ.Мұхаметханов Бұхардың туған-өлген жылдары бұрынғы көрсетіліп жүрген 1693-
1787 емес, 1685-1777 жылдар деп дәлелдеді (қараңыз: Қазақ әдебиеті. 1982, 30 июль
- 6 август).
138
Тұрсынов Е. Қазақ ауыз әдебиетін жасаушылардың байырғы өкілдері. - Алматы,
1976. - 102-104-б.
139
Өзгелерден келтірген сөздер жоғарғы аталған кітап бойынша берілді. - 102-бет.
153
дегендердің о бастан (яғни қазақ халық болып құралған заман-
нан) қатар өмір сүріп келгені. Бірақ олардың қоғам өмірінде
алған орны мен сол қоғамға қызмет етудегі арасалмағы
барлық кезеңде бірдей болмаған. XVIII ғасырға дейін жырау-
лар дәстүрі басым болса, осы кезеңнен бастап ақындар тобы
әлеуметтік үнге ие бола бастайды. Әйтпесе айтысқа түсіп,
ауыларалық, ағайынаралық жайттар мен күнделікті тұрмыс
жайын жырлаған ақындар XV-ХVII ғасырларда да болған.
Бірақ тақырып ұсақтығы мен идея таяздығынан, олардың
тарихи-әлеуметтік үндері болмай, есімдері де, мұралары да
халық жадында сақталмаған.
Жырау – ақындық қабілеті бар жай ғана адам емес, ол – ең
алдымен, қоғам қайраткері, ақылшы, көсем. Жырау кез кел-
ген ұсақ-түйек күнделікті тұрмысқа қатысты жай-күйлерді
жырлауға тиісті емес, ол «тынымсыз көшпенділер арасында
күнделікті болып тұратын кикілжің оқиғаларға араласпайды,
күйкі өмірдің қамы туғызған от басы, ошақ қасының жайы
да жырау назарынан тысқары жатады»
140
. «Халық жырау-
лары – хан ордасында жүріп, мемлекет басқару ісіне тығыз
араласқан, хандар мен батырларға, бүкіл халыққа ақыл-өсиет
айтқан, болашақты болжап, істің жөнін нұсқап жүрген дуалы
ауыз, ақылгөй кеңесшілері, хандар мен ерлікпен аты шыққан
батырлардың, қолбасшылардың ерліктерін мадақ етіп, жыр
айтқан жыршылары»
141
. Демек, жырау жоғары тақырыптарды
– қоғамдық мәні бар жайттарды толғайды, адамдарға ақыл
айтып, кеңес беру, жамандықтан сақтандырып, жақсылыққа
үндеу сияқты жүк арқалайды.
Ал ақынның мұндай әлеуметтік биік сатыда тұруы – шарт
емес, ол – қарапайым халық ішінде жүріп, олардың күнделікті
қуаныш-ренішін, мұң-мұқтажын, арман-тілегін көріп-біліп,
соларды жырлайтын дарын иесі. Ақынның өлең шығыруы
үшін ел басына түскен үлкен оқиға, дау-жанжал, қырғын
соғыстардың болуы – тағы міндет емес. Ақын поэзиясының
азығы – күнделікті өмір, өз айналасы, өзін қоршаған табиғат,
сондықтан ақынның тақырып өрісі еркіндеу. Мұның тіл үшін
үлкен мәні бар.
140
Мағауин М. Қобыз сарыны. - Алматы, 1968. - 129-б.
141
Тұрсынов Е. Көрсетілген кітап. - 158-б.
154
Жыраудың басты жанры – толғау. Толғау дегеніміз – ой,
толғаныс, түйін, мораль. Сондықтан жыраулар аз сөзбен көп
ойды түйетін ықшам құрылымды поэзия түрін жасайды. Осы
себептен де толғаулар көп сәттерде бір-біріне ұқсас үзіктерге,
афоризмдерге айналып кетуге бейім. Жыраулар тілінде
стандарттық күшті болады, әсіресе грамматикалық тұлға-
тәсілдер біртектес түрде келеді. Мысалы, жоғарыда айтылды,
толғауға тән констатация сипаты етістіктің шақ категориясы-
на бейтарап, үздіксіз болып тұратын іс-әрекетті білдіретін -ар
жұрнақты есімше тұлғасымен берілуін қол көреді. Сондай-ақ
жырау поэзиясының синтаксисіне тән параллельдер белгілі
бір сөздер мен тіркестердің және грамматикалық тұлғалардың
үнемі қайталап отыруын қажет етеді, бұл да тілдегі стан-
дарттықты туғызады. Бұл тәсіл әдеби айналымға көптеген
сөздерді қатыстыруға және түрлендіріп отыруға мүмкіндік
бере бермейді.
Зерттеуші Қ.Өмірәлиев: «Шешендік толғау-өлеңдерде
өлеңнің ұзын-ырғасындағы сөз мөлшеріне шаққанда, дара
сөздер де, дара формалар да әдебиеттегі өзге өлең түрлерінен
барынша аз болады», – деп дұрыс байқайды. Ол тіпті толғаудан
алынған үзінді мен Абайдан келтірілген 12 тармақ өлеңнің
мәтініндегі дара сөздердің санын салыстырып көрсетеді.
12 жолдық толғау мәтінінде жалпы 44 сөздің 17-сі ғана
қайталанбай дара тұрса, Абайда 45 сөздің 40-ы – дара
142
.
Ал ақындар шығармашылығындағы еркінділік, ең алды-
мен, өлеңнің толғауға тән 7-8 буынды түрінен өзге өлшемді
түрлеріне көшуге де, өлеңнің өзге шарттарын құбылтып қол-
дануға да мүмкіндік береді. Бұл өз кезінде поэзия тіліне көпте-
ген жаңа сөздер мен грамматикалық тәсілдерді қатыстыруға
жол ашты. Оның үстіне ақындар туындысының күнделікті
тұрмысқа, айналаға қатысты тақырыбы өлең тіліне әр алуан
сөз топтарын енгіздірді.
XVIII ғасырда жасаған Тәтіғара, Көтеш, Шал ақындарда
жыраулық дәстүрден гөрі, ақындар мектебінің сипаты басым.
Бұлар – ру басындағы ақылгөй, қолбасшылар емес, керісінше,
біреуі (Тәтіғара) – өз кезіндегі сырт жауға қарсы ұрыстарға
142
Өмірәлиев Қ. XV-XIX ғасырлардағы қазақ... - 127-б.
155
қатысушы жауынгер ақын, енді біреулері (Шал, Көтеш) – ел
аралап, айтысқа түсіп, жас кездерінде жұрт арасында ойын-
сауық той-думанға араласқан қатардағы адамдар.
Бұл ақындар 7-8 буынды аралас ұйқасты өлеңмен қатар,
11 буынды ааба ұйқасты қара өлең үлгісің жиірек қолдана
бастайды. Бұл – әдеби тілдің көркемдеу тәсілдерін де, сөздік
байлығын да түрлендіруге әсерін тигізді. Өйткені қазақ
өлеңінің буын саны ең үлкен қара өлең өз тармақтарына
әлдеқайда күрделі эпитеттерді, теңеулерді сыйғызуға немесе ба
ұйқасымен берілген соңғы екі жолға күрделі құрмалас сөйлемді
орналастыруға жағдай туғызды. Мысалы, Шал ақынның:
Таяққа қартайғанда асыларсың,
Төбеңнен тас ұрғандай басыларсың.
Күтімсіз сол кезекте кедей болсаң,
Бұтыңды отқа қақтап қасынарсың, –
деген шумағында тас ұрғандай басылу, күтімсіз кедей тәрізді
«образды теңеу, эпитеттер бір-бір жолға орналасқан, ал
үшінші, төртінші жолдарда құрмалас сөйлем берілген. Деген-
мен жыраулар толғауы мен ақындар өлеңі әдеби тілді түбірлі
айырмашылыққа ие ететіндей дәрежеде бір-бірінен ажыра-
тылмайды. Бір-бірімен жалғасып, ұштасып жатқан бұл жанр-
лар өзара әсер етіп, көркемдеу құралдары мен тілдік тұлға-
тәсілдерді бір-бірінен алғандығы байқалады. XVIII ғасырдағы
ақындардың өзі кейбір шығармаларын толғау түрінде ұсынды.
Мысалы, Шал ақындағы «Бұл дүниенің мысалы» дейтін толғау
(егер оны біз авторсыз ортақ мұра қатарына жібермесек), «Па-
сыл да, пасыл, пасылман», «Арғымақ ат кімде жоқ» сияқты
шығармалары тақырыбы, идеясы, баяндау стилі жағынан жы-
раулар толғауларынан еш айырмасы жоқ. Керісінше, кейбір жы-
рауларда (мысалы, Бұхарда) ақындарға тән тақырып пен стиль
еркіндігі бары байқалады. Демек, бұл екі мектеп әлі үзілді-
кесілді ажыраспаған. Сөйтсе де ақындық әдеби тілдің одан да
әрі халықтық сипат ала түсуіне жол ашты деуге болады.
Күнделікті өмір құбылыстарын, айналадағы ірілі-ұсақты
зат, нәрсе т.б. әңгіме желісіне байлаған ақындар солардың
атауын немесе оларға қатысты сын-сипат, қимыл, іс-әрекетті
білдіретін сөздерді поэзия тіліне енгізе бастайды. Енді өгіз
Достарыңызбен бөлісу: |