Сөз тудару саласында. Сөз жасайтын жұрнақтардың түр-
лері көбейе түскен. Бұл кезеңде де ең актив және өнімді жұрнақ
– -лық. Ол бұрынғыдай ең алдымен абстракт есімдерді туды-
рады және олардың дені қазақтың төл сөздерінен жасалады:
билік, жақсылық ұрлық, қулық, кәрілік, елдік т.б. Сонымен
қатар бұл кезеңде -лық жұрнағының сындық мағына білдіру
қызметі көріне бастайды (бұл алдыңғы дәуірлерде жоқ немесе
жоққа тән құбылыс болатын): «Шешендік жолын тұтындың»
(Үмбетей), «Ол дағы қияметтік жақын кісің» (Шал). -лық
аффиксінің сын есімдік қызметте келгенде есімше тұлғаларына
жалғануы өнімдірек: «Ұяларлық ар бар ма?» (Ақтамберді),
«Сөз ұғарлық ер болса» (Бұхар), «Жан шошырлық жаман іс»
(Шал). Демек, бұл жұрнақтың қатыстық сын есім жасайтын
осы күнгі өте актив қызметі басын XVIII ғасырлардан алады
деуге болады.
Форманттардың грамматикалана түсіп, фонетикалық транс-
формацияға ұшырауына келгенде, алдыңғы дәуірлердегідей,
Достарыңызбен бөлісу: |