Стильдік белгілері. Кеңсе қағаздары тілінің ортаазиялық
түркі тілінде қалыптасқан стилі болды. Ол мәнер ресми жазба-
лар тілінің лексика-фразеологиялық құрамында, грамматикалық
тәсілдерінде, тіпті орфографиясында орын алған өзіне тән
ерекшеліктерімен танылады. Біріншіден, орта ғасырлардан
бастап біз сөз етіп отырған XVIII-ХIX ғасырларға дейін әрбір
аралықтағы өкімдерді дәріптеп атайтын тұрақты эпитеттердің
қолданылуы шарт болды. Бұл жалғыз ортаазиялық феодалдық
қоғамдағы түркі халықтарында ғана емес, өзге де халықтар,
оның ішінде орыс тілінде де орын алды. Мысалы, жоғарыда
аталған құжаттардағы гизатлу, хурматлу (уважаемый), мар- хабатлу (милостивый, всемилостивый), сағадатлу (блажен-
ный), бийук мартабалу (высокостепенный), гинайатау (все-
благий), қудратлу (всемогущий), шафағатлу (милосердный)
тәрізді сын есімдер – осындай тұрақты стильдік эпитеттер.
Бұлар түгелімен дерлік араб сөздерінен түркі жұрнағы арқылы
жасалған. Бұлардан басқа да арабтың ғали және хазірет деген
сөздері өте жиі қолданылып, біріншісі «жоғары, биік», екіншісі
«его (ее) превосходительство, величество» деген ұғымдарды
білдіруге жұмсалған: Мысалы: ғали кәһәли – высокостепен-
ный; сіздің ғали хазретлеріңіз – ваше высокопревосходи-
тельство, патса хазретлері – ее императорское величество,
государыня, Игелъстром хазретлеріне – его высокопревос-
ходительству Игельстрому. Бұл сөздердің әрқайсысы белгілі
бір эпитетті білдіретін дәрежеде қалыптасып, осы стильге тән
нормаға айналған.
Екінші. Әңгіме етіп отырған стильдің сөздік құрамы
негізінен түркі тілдерінікі болғанмен, қазақ қағаздары үшін
ерекшелігі бар. Бұлардағы сөздердің басым бөлігі – қазақ
тілінікі емес, ортаазиялық әдеби тіл мен татар тілдерінікі, тіпті
бірқатар тұстарда көне ұйғыр жазба дәстүрі элементтері де
180
қатыстырылған. Мысалы, қазақша еді, бол түрінде келуге тиіс
егістіктер ерді, ол вариантында келеді: хайран олдым, кіріфтар олынмыш, йазған ердім т.б. Ошбу, кібік, йуздендірмек (отвер-
нуться) сияқты сөздер де қазақ тіліне тән емес.
Ү ш і н ш і. Грамматика саласында да бұл стильге көне және
ортағасырлық түркі жазба тілдерінің нормалары тән.