Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»



Pdf көрінісі
бет53/180
Дата14.03.2022
өлшемі2,1 Mb.
#27901
түріБағдарламасы
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   180
Азау  дегенің...».  (Доспамбет),  «Алаң  да  алаң,  алаң  жұрт...», 
«Салп, салпыншақ, анау үш өзен...» (Қазтуған), «Ор, ор қоян, 
ор қоян...», «Алп, алп, ал сақын...», «Асқар, асқар, асқар тау» 
(Шалкиіз).  Бұлардың  әрқайсысы  –  әрбір  толғаудың  басы, 
басқы  тармағы.  Бұл  да  –  стильдік  жүгі  бар  қолданыс.  Ол 
көбінесе  тыңдарман  назарын  аударту  мақсатын  көздейді, 
дәлірек  айтқанда,  ауызша  толғанатын,  құлақпен  тыңдалатын 
көркемсөзге қажет тәсіл. Сондықтан ол ауыз әдебиетіне де тән: 
«Бұлғыр-бұлғыр, бұлғыр тау...», «Ауан, ауан, ауан су...», «Ай, 
батырым, батырым» («Ер Тарғын»).
Кейбір септік жалғауларын түсіріп айту да стильдік мақсат- 
пен келеді. Біз талдап отырған үлгілер тілінде табыс, ілік, барыс 
септіктерінің  жалғаулары  түсірілмейтін  тұстарда  түсірілген 
сәттері бар: «Арғымағың (ды) жамандап, Тұлпар (ды) қайдан 
табарсың»  (Асанқайғы),  «Күйбеңдескен  көп  жаман(ның) 
Сөзі  тигенге  ұқсайды»  (Шалкиіз),  «Тоғай  (ға)  қондым  – 
өкінбен» (Доспамбет). Бұларда жақша ішінде көрсетілген жал- 
ғаулар  айтылмаған,  түсірілген.  Бұл  –  өлең  шартынан  туған 
ерекшеліктер: тармақтағы буын санының өлшеміне қарай бұл 
жалғаулар қосылып та, түсіріліп те айтылатын өлең жолдары 
кездеседі.
Екінші  бір  көңіл  аударатын  ерекшелік  –  тәуелдік  жалғау- 
ларының  түсірілуі:  «Қабардының  Биғазы(сы)  Желіп  шықты 
көк  тауға»  (Шобан),  «Ей,  Қатағанның  хан(ы)  Тұрсын» 
(Марғасқа), «Жаздың алты ай(ы) жортсаң» (Шалкиіз). Бұл да 
– түптеп келгенде, өлең шартынан туатын құбылыс. Оны біз 
өлең  синтаксисіндегі  ықшамдау  (үнемдеу)  тәсілінің  бірі  деп 
табамыз
106
.
106
 Сыздықова Р. Абай өлеңдерінің синтаксистік құрылысы. - Алматы, 1970. - 133-б.


111
Бұл тәсіл ауыз әдебиетінде тіпті жиі қолданылады. Мысалы, 
«Қобыланды» жырындағы:
Қамыстының қазды көл(і),
Қоғалының қулы көл(і),
Қызғыштының қызды көл(і) –
Бәрінен өтіп жәнелді, –
деген жолдарындағы көл сөздері көлі тұлғасында келуге тиісті. 
Немесе «Қыз Жібектегі»:
Базарбайдың Төлеген,
Ерте туған көбеген, –
деген  жолдарында  да  Базарбайдың  Төлегені  болуы  керек.  
Бұл, сірә, о баста өлең синтаксисіне ғана байланысты қалып- 
тасқан  конструкция  болар  деген  пікір  бар  және  ол  XV-ХVII 
ғасырлардағы  қазақ  поэзиясына  ғана  емес,  XI  ғасыр  ескерт- 
кіштерінен бастап (Қашғариді қараңыз), қырғыз эпосы «Мана-
ста» кездесетіндігіне қарағанда, жалпы түркі поэзиясы тіліне 
ертеден тән көне құбылыс екендігі байқалады
107
.
Тілін талдап отырған кезеңнің және бір стильдік ерекшелігі 
– белгілі бір лексикалық топтардағы сөздердің әрдайым дерлік 
эпитетпен келетіндігі. Мысалы, оқ сөзі қайың оқ, он екі тұтам 
оқ, ала білек оқ, күшіген жүнді оқ, шай жібек оқ т.б. болып 
қолданылады. Жебе де солай, ол көбінесе сұр жебе, қу жебе 
сияқты тіркестерде келеді. Қылыш сөзі де жалаң тұрмайды, ол 
алдаспан ауыр қылыш түрінде жырланады.
Қару-жарақ  пен  сауыт-сайман  атауларының  эпитетсіз 
қолданылуы – әңгіме болып отырған дәуірдің әдеби үлгілерінде 
кемде-кем  ұшырасатын  құбылыс,  ал  кейінгі  кезеңдерде  бұл 
қолданыс  сирей  бастайды.  Мысалы,  жоғарыда  келтірілген 
тіркестерді  XIX  ғасырда  жасаған  Сүйінбай  ақынның  «Жа-
бай»  атты  толғауындағы  соғыс  суретін  берген  жерлерімен 
салыстырсақ,  екі  дәуірдегі  поэтикалық  құралдардың  арасын- 
дағы  айырмашылық  көзге  түседі.  Сүйінбайда  қару  атаулары 
эпитетсіз келтіріледі:
Найзаменен соғысқан,
Қылышпенен табысқан,
107
  Нұрқанов С. Қазақ синтаксисіндегі көне құбылыс //Қазақстан мектебі. - 1968. 
- № 2. - 73-б.


112
Айбалтамен қағысқан...
Жердің жүзі шаң болды,
Мылтық, найза қан болды...
Бұл жердегі қылыш – «алдаспан ауыр» да емес, «балдағы 
алтын  құрыш  болат»  та  емес,  тек  қылыш,  мылтық,  «он  екі 
құрсау жез айыр» емес. Бұл қарулардың қимылдары да өз ат-
тарымен  берілген:  қылыш  шабады,  мылтық  атылады,  найза 
шаншылады.  Ал  XV-ХVII  ғасырлардағы  көркем  тілде  «алда-
спан  ауыр  қылыш  суырылады»  немесе  «байланады»,  «алпыс 
ала балта бір ойында сындырылады», «он екі құрсау жез айыр 
қара  мылтық  жумсалады.  Қысқасы,  іс-әрекет,  қимылдар  да 
поэтикаланады,  яғни  мұнда  қару-жарақ,  сауыт-сайман  атау-
лары образ үшін қолданылып, сипаттау құралы болып келсе, 
кейінгі  Сүйінбайда  олар  –  нақты  қимылды  баяндайтын  су-
реттеу құралдары, сондықтан оларды айшықты эпитеттермен 
айтудың қажеттігі жоқ.
Талданып отырған кезеңдегі поэзия ауызша айтылып, тың- 
дауға  бейімделіп  туғандықтан,  тыңдаушының  назарын  ау-
дару  үшін,  өлең  ырғағын  құбылтып  отыруды  немесе  өзге  де 
мақсаттарды көздей келтірілетін «басы артық» одағайлар, шы-
лаулар, есімдіктер кездеседі. Мысалы, кейде тіпті тармақтың 
буын  санының  артқанына  қарамастан  бір,  мына,  мынау 
есімдіктері қыстырылып айтылады:
Менен қалған мынау Еділ жұрт (Қазтуған).
Соқса – бір жілік сындырған (Шалкиіз).
Басы артық да шылауы да осындай жүкпен келеді:
Жолың да болсын, ау, ием! (Шалкиіз).
Қалай да белін шешті екен! (Доспамбет).
Бұлар  бірде  ырғақты  өзгертіп  (тармақтың  буын  санын 
арттырғанда), кейде ой желісін күшейтіп, экспрессия тудыра-
ды.
Тек  шылаулар  мен  есімдіктер  арқылы  ғана  емес,  жалпы  
өлшем  біркелкілігін  оқтын-оқтын  құбылтып  отыру  –  ауызша  
туған поэзияға тән сипат. Мысалы, Шалкиіздің мына тармақ- 
тарына назар аударалық:
Сол жаман елден кетер деп – 8 буын,
Артында жақсылар қалар шарқ ұрып – 11 буын.


113
Жүйрікпін деп мақтансаң – 7 буын,
Ұзын жолдың үстінде – 7 буын.
Оралып ойнап тұрған – 7 буын.
О дағы бір құба арланға жолығар – 11 буын.
Арнау-толғаулардың  басында  одағайлар  мен  қаратпалар- 
дың және солар типтес қайталама сөздердің келуі де – ХV-ХVІІ 
ғғ. қазақ поэзиясы стиліне тән амал. Бұл да – тыңдаушы наза-
рын аударатын тәсілдердің бірі.
Кейбір  грамматикалық  тұлғалардың  өте  актив  қолданы- 
луы  да  стиль  үдесінен  шығады.  Мысалы,  шақ  категориясы-
на бейтарап -ар тұлғалы есімшенің жұмсалуы өте жиі (-ады 
тұлғасының орнына):
Құсты жисаң, бүркіт жи,
Қыс тоныңды түлкі етер...
Бір жаманмен дос болсаң,
Жүмлә ғаламға күлкі етер (Шалкиіз).
Арғымақтың баласы
Арыған сайын тың жортар,
Арқамнан қосым қалар деп (Қазтуған).
Бұл  тұлға  негізінен  дидактикалық  толғауларда  келеді  деп 
жоғарыда айтылды. Ал арнау, қоштасу, баяндау сипатындағы 
өлең-жырларда  бұл  тұлға  солардағы  негізгі  ойды  дәлелдеуге 
қажетті  жерінде  қолданылады.  Мысалы,  Шалкиіздің  Би 
Темірге  айтқан  толғауында:  «Құладын  жаман  құс  алмас, 
Құладын қудың теңі түгіл-ді. Тебіренсе, ауыр жұртын тындыр-
мас. Тебір жаман, жұрттың теңі түгіл-ді» деп келетін құрылым- 
дар  «Тіленшінің  ұлы  Шалкиіздің  иесі  Би  Темірдің  тұсында» 
бұлтқа  мүйізі  жете  жаздағанын  салыстырып  барып  дәлелдеу 
үшін қажет болып тұр.
Екінші, -ған жұрнақты есімшенің өте актив жұмсалғанын 
атауға  болады.  Ол  тек  іс-әрекет,  қимылды  білдіретін  тұлға 
ретінде ғана емес, сын-сипатты білдіретін сын есім қызметінде 
де  жиі  қолданылады.  Мысалы,  Шобан  әрбір  батырды  сурет-
тегенде,  осы  тұлғаның  қызметіне  жүгінеді:  «Арқыраған  ат 
мінген.  Айбар  көшіп,  шет  қонған,  Жау  алдында  бет  қонған 
Естерек ұлы Ер Шобан...», «Алдаспан ауыр қылыш суырған, 
Ажалға қарсы жүгірген Исалының ұлы Жылым бар» т.т.


114
Өзге  жыраулар  да  не  елді  мекенді,  не  адамдарды  сурет-
тегенде,  олардың  іс-әрекет,  қимылға  қатысты  сыр-сипатын, 
«қасиетін» тек қана -ған жұрнақты есімшелі тіркеспен береді: 
«Қиырында киік жайлаған, Суында балық ойнаған Оймауыттай 
жеріңді»  (Асанқайғы).  «Ақ  ала  ордам  қонған  жұрт,  Қарғадай 
мына Қазтуған батыр туған жұрт» (Қазтуған).
Зерттеуші М.Мағауин ХV-ХVІ ғасырлардың толғау-жырла- 
рында өлеңнің жол басындағы буындарының ұйқасуы басым 
деген пікір айтады
108
. Ғалым бұл пікірді Қазтуғанның:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет