жүз, Тәшкен базар, алғын-шығын, ұлық, егін егу, орақ ору, дін
мұсылман (Бұхарда), дін пұсырман (Үмбетейде), әкім /кәкім
сөздерін кездестіре бастаймыз.
Бұрын жиірек қолданылып, көбінесе образ жасауға қаты-
сатын бірқатар сөздер де пассивтеніп, олардың орнына өзге
сөздер немесе синонимдері пайданыла бастайды. Мысалы,
бұрынғы жыраулар «сұлу әйел» дегенді көбінесе ару сөзімен
білдірсе, енді ақын-жыраулар сұлу сөзін жұмсайды: «Бұлттан
шыққан ай бетті Айттырса бермес сұлуын» (Ақтамберді), «Төсі
аршынды сұлуың Сілкіп төсек сала алмас малдан соң» (Бұхар).
Сонымен қатар XVIII ғасырдағы жаугершілік тақырыпты
жырлаған өлең-толғауларда жалпылықтан нақтылыққа қарай
ауысу, яғни жорыққа аттану, ел қорғаудың жалпы идеясын
ғана сөз ету емес, нақтылы жорықтарды (көбінесе Абы-
лай жорықтарын), нақтылы батырларды жырлау басымырақ
болғандықтан, бұл кездегі поэзия тілінде белгілі жер-су,
халық, адам аттарын келтіру көзге түсе бастайды. Мысалы,
Тәтіғараның бір жорықта алдарынан өзен кездесіп, ұйлығып
160
қалған қолды рухтандыру үшін айтқан өлеңі негізінен суреттеп
берген бірнеше батырдың аттарынан тұрады:
Қамыстың басы – майда, түбі – сайда,
Жәнібек Шақшақұлы – болат найза.
Алдынан су, артынан жау қысқанда,
Ер жігіттің ерлігі осындайда.
Бөкейді айт Сабыр менен дулаттағы,
Дербісті, Маңдайды айт қыпшақтағы.
Өзге батыр қайтса да, бір қайтпаған
Сары менен Баянды айт уақтағы.
Ағашта биікті айтсаң, қарағайды айт,
Жігіттік, ерлікті айтсаң, Бөгембайды айт.
Найзасының ұшына жау мінгізген
Еменалы керейде, Ер Жабайды айт.
Сол сияқты Үмбетей жырау Бөгембай батырды жоқтаған
өлеңіңде Баянаула, Қызылтау, Абралы, Шыңғыстау, Қозы-
маңырақ, Қоймаңырақ, Қара Ертіс, Алтай, Ақшәулі тәрізді
жер-су аттарын шоғырымен келтіреді. Демек, бұл – қазақ әдеби
тілінің сөздік құрамының аумағы кеңейе түскенін танытады.
XVIII ғасырдағы қазақ әдеби тілінің лексикасын сөз еткен-
де, ең бір көзге түсетін жайт – бұл кезеңде қазақ әдебиетінде
жаугершілік тақырыппен қатар, әлеуметтік-қоғамдық және
күнделікті тұрмыстық тақырыптардың сөз бола бастауына
қарай, осы салаларға қатысты лексикалық топтардың актив
қолданылуы. Қазірде көнерген хан, құл, ақ сүйек, бек, қара,
қарашы, күң, ханым тәрізді сөздер – ХVІІІ ғасыр үшін тура өз
мағынасында қолданылатын актив элементтер болып келеді.
Бұлар осы кездегі лексикалық норманы танытады.
Бұхардың шығармашылығы тақырып жағынан едәуір
кеңейгенімен, күнделікті өмірдің ұсақ, тұрмыстық жақтарына
бара бермейтін жырау поэзиясы болғандықтан, онда тұрмысқа
қатысты қарапайым сөздер онша көп емес (бұл жерде біз
Қ.Өмірәлиевтің «едәуір» деген бағасына қосыла алмаймыз:
Бұхар толғауларының 1982 жылғы басылымында 1200-дей
тармақтан тұратын бөлігінде шамамен алғанда 4200 сөз бар
екен, соның 20 шақтысы ғана тұрмыстық сөздер мен тіркестер
болса, олар «едәуір» деген мөлшерді көрсетпесе керек).
Тіпті әңгіме бұл жерде тұрмыстық сөздердің санында
161
да болмас. Гәп – сол сөздер мен тіркестердің жыраулар по-
эзиясында қандай қызметте қолданылғандығында. Олардың
көпшілігі толғауларда теңеу, метафора сияқты образ үшін
пайдаланылады. Егер Бұхар жырау көйлек, тон, жең сөздерін
қолданса, әңгіме олардың өздері туралы емес: бірінде өлім
туралы («Үшінші тілек тілеңіз Үшкілсіз көйлек кимеске» ,
Достарыңызбен бөлісу: |