Мәдениет морфологиясы


Мәдениеттанудың даму кезеңдері



бет3/3
Дата27.09.2023
өлшемі1,39 Mb.
#110963
1   2   3
Мәдениеттанудың даму кезеңдері
1
    • Этнографиялық кезеңде (1800-1860) жазуға дейінгі кезеңнің этностық қауымдастықтары зерттелді.

2
    • Эволюциялық кезеңде (1860-1890 жылдар ортасы) Э.Б.Тайлор еңбектері басшылыққа алынды.

3
    • Тарихи кезең (1890-1920) эмпириялық сипаттама енгізген Ф.Боастың қызметіне байланысты.

4
    • Психологиялық кезеңде (1920-1950) М.Мид, Р.Бенедикт сияқты ғалымдар мәдени орта жағдайындағы жеке тұлға мінез құлқын зерттеді.

5
    • Құрылымдық функционалдық кезеңге (1930-1950) мәдениеттің әр бөлігі өзінше қызмет атқаратын біртұтас нәрсе деп қарауға ұмтылыс тән болды.

6
    • Жаңа эволюциялық кезең (1950-1980) классикалық эволюционизмнің негізгі идеяларын өңдеген түрде қайта тудырды.

7
    • Постструктурализмнің ерекщелігі (1980 жылдан бері) анықталмаған, тұрақсыз мәдени құбылыстарға көңіл бөлу болды.

Цицеронның талдауындағы "мəдениет" ұғымы?
  • Көне заманда "культура" деген ұғым "жерді өңдеу" деген мағына берген. Цицеронның еңбектерінде бұл сөздің мағынасы тереңдеп, "жанды жетілдіру" деген ұғымды білдірді. Ал кейінірек уақыт өте келе еуропалық тілдерде мəдениет сөзі "білім беру", "даму", "қабілеттілік", құрметтеу" сияқты мағыналарға ие бола бастады. Қазақ тілінде бұл термин арабтың "маданият"-қала деген сөзінен енген.

"Мəдениет" терминінің этимологиясын ортағасырлық ислам мəдениетінде анықтаңыз.
  • Бұл ортағасырдағы мұсылман мәдениетінің өркендеу кезеңінде қалыптасқан маариф яғни білімділік және адаб яғни әдем, мораль түсініктерімен байланысты. Мәдениетке берілген көптеген анықтамаларды альтернативтік деп атауға болады. Альтернативтік дегеніміз қарсы қоюшылық дегенді білдіреді. Бұл жерде алдымен көзге түсетіні – мәдениет пен табиғатты «культура» мен «натураны» қарсы қоюшылық.
  • Мәдениеттің мәнін белгілі бір тұрғыда қарастырсақ, оның басқалардан гөрі айрықша екі жолын көруге болады: зайырлы және діни мәдениеттер. Діни ілімнің түсініктерінін шеңберінде «мәдениет» ұғымы (ғибадат),жоғарғы иенің беретін сенімі, дәстүрі, болмыстың жоғарғы мәні жатады. Мәдениеттің түп-тамыры байырғы заманға барып тіреледі. Оның діни көзқарастардан нәр алатындығы даусыз. Оларға адамдар арасындағы салт-сана, дәстүр, жоғарғы бір күшке табыну, жаратқанның құдіретіне сену сияқты т.б, табынудың түрлерін жатқызуға болады. Діни қарекеттер, діни тәжірибелер - алғашқы адамдардын табиғи жағдайдан шығуы, адам болмысының пайда бола бастауы. Сол себептен «гибадат» (кулът) және «мәдениет» ұғымдарының бір-біріне концептуальдық жағынан жақындасуының өзі әділетті.
  • Гректердің - «пайдейя» термині екі мағынада: біріншісі тікелей тәрбиелеу, үйрену, ал екіншісі білімді, білімділікті ағартушылықты, мәдениетті анықтайды. Олар адамдарды белгілі кәсіби емес, керісінше тұлға етіп айқындалған құндылықты қалыптастырды. Сөз жоқ, бұл адамға қарай бағытталғандықтан өзі мәдениет түсінігінің антикалық ауыспайтын гуманистік маңызын құрайды және негізінде мәдени жағдайлардың мақсатын шығаратын адам идеалы бар.
  • Мәдениеттің мақсаты мынада болды: адамның ойлау қабілетін, эстетикалық сезімнің әдемілігін дамытып, адамның іс әрекетінде сезімділік өлшемі мен әділеттілікті қарастыруға жол ашу. Бұл жағдайда антикалық адам табиғатпен біртұтас екендігін жоғалтқан жоқ. Табиғат өзі қанатының астына құдайлар мен адамдарды ала отырып ғарыштың айрылмас негізгі бөлігі болып қала береді.
  • Мәдениетке дәл осылай келу оның аса терең мағыналы екендігін, сонымен қатар оның әлеуметтік бойына даруын, қоғамның өмірімен біте қайнасуы, оның тек ғана адам баласының тегіне тән екендігін көрсетеді.
  • Сонымен, мәдениет - бұл адамның ақылы, таланты, еңбек таңбалары бар бізді қоршаған заттар мен құбылыстар әлемі. Бұл - өзінен өзін туындататын табиғаттан айырмашылығы бар адамдар әлемі. Оның әртүрлі анықтамалары мәдениеттің түрлі сферасын сипаттайды. Қорыта айтқанда мәдениет – бұл адамзаттың жасаған дүниесі.

Назарларыңызға рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет