Мәдениеттану Публикация учебных и научных материалов презентаций в Pdf формате на веб- ресурсах КазНУ


 сұрақ.Қазақстан мәдениетінің болашағы



Pdf көрінісі
бет48/49
Дата31.10.2022
өлшемі1,45 Mb.
#46386
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49
Байланысты:
Дәріс- Мәдениеттану- ГТХ

2 сұрақ.Қазақстан мәдениетінің болашағы 


Стратегиялық міндет: тіл, дін, діл тұтастығы. Осы үш ерекшелікті басқа ұлт 
өкілдерінің ұйытқысы ретінде қолдану арқылы ынтымақтастықты дамыта 
отырып, жалпы мемлекеттік сүйіспеншілікке жетелеу.
Жуық арада ескеретін, ағымдық міндеттер: қоғамның тыныс тіршілігінде 
болып жатқан құбылыстарды стратегиялық міндеттер негізінде реттеп, 
бақылап отыру. 
Қазақстан Республикасының мәдени даму тұжырымдамасы тәуелсіз 
Қазақстанның мәдени дамуының дербестігін қамтамасыз ету, ұлттық мәдени 
дамуының дербестігін қамтамасыз ету, ұлттық мәдени сұраныстары мен 
талаптарын қанағаттандыру және отарсыздандыру (деколонизациялық) 
саясатын жүргізу маңызды болып табылады. 
Қазіргі уақытта әр ұлт өз бірегейлігін жоғалтқысы келмейді. Бұл – әр 
ұлттың жан қалауы және табиғи құқығы. Бұндай жан қалауының себебі – 
қазіргі кезде алдыңғы қатарлы әлем империяларының (мемлекеттердің) 
индустриалды 
өндіріс 
салаларының 
қарқындылығы 
әлеуметтік, 
технологиялық, инновациялық бөлініске ұшырауына, ұнамдылық-моралдық 
құндылықтардың дағдарысқа түсуіне, өркениеттік өмірдің күйзеліс күйінің 
қалыптасуына, идеологиялық, әскери, экологиялық «катаклизмдердің» 
болуына ықпал етіп отыр. Осы факторлардың барлығы берік болып 
табылатын адамзаттың дәстүрлі сенімдерін, адами құндылықтарын және 
ұнамдылық нормаларын іштей күйзеліске, барша адамзатты дағдарысқа 
ұшыратып отыр. Ұлттық мәдениеттің қайта өрлеуі екі негізгі талаптарға 
сәйкес келуі тиіс: 
Ұлттық мәдениет өзіндік даму амалымен өзіндік даму қабілетін 
анықтауы тиіс. 
Ол қазіргі кезде қоғамда болып жатқан радикалдық және инновациялық 
өзгерістерге кедергі жасалмай, керісінше, оған демеу беріп, сыбайласып, 
онымен іштесіп модернизациялануға ұмтылуы тиіс. 
Көптеген батыс ойшылдары әлемнің тұтастануын Батыс қоғамының жеңісі 
ретінде қабылдайды. Мысалы, заманымыздың белгілі ойшылы К. Поппер
еркін демократияның елдері, Батыстың ашық қоғамы жеңді дейді. 
Тоталитарлық қоғамдар бар болғанын ешқашан, ешкімнен жасырмаған, 
орасан зор ішкі күштердің әсерінен құлады. Алдымен өзінің қалдықтарының 
астына біріңғай Кеңес империясының темір жұдырыған көміп, өте топтасқан 
және мызғымастай болған шығыс еуропалық диктатура жойылды. 
ХХ ғасырдың ішінде Батыс-Шығыс қарым-қатынасында үлкен өзгерістер 
болды, Батыстың өзі күрделі эволюция үстінде еді. Батыс Шығыс 
руханиятының даналығын тани бастады, ғалымдары буддизм, үнді 
философиясын зерттеп, Батыс суфизмді өзіне "ашты". Өз философиясын 
байытты. Жоғарыда айтылған К. Юнг, т.б. дүниеге көзқарас батыс 
рационализмінен терең болу керек екенін мойындады және материализм, 
дінсіздік, техноцизмді, беймәдени "демократиялық" болмыстың ("көпшілік 
мәдениеті") зиянын өздері өздеріне әшкереледі. Әрине, ойшылдардың Бұл 
тұжырымдары нақты саясатқа әзірге шейін үлкен әсер ете алмай отыр. Дінді, 
этиканы мойындау, әлемдік интеграцияны рухани жағынан толықтырып, 


шынайы "жүректер интеграциясына" айналдыру, әр бір ұлттық қайталанбас 
келбетін сыйлау, "жанын" түсінуге тырысу, сол арқылы шынайы 
бауырмалдыққа жету – міне Батыс пен Шығыс ойшылдарының, жалпы 
прогрессивтік ниеттегі адамдардың келген қорытындысы. Қандай халық 
болмасын, жалпы бүкіл адамзат ендігі жерде этикаға, руханиятқа бет 
бұрмаса, адамды түземесе – жер бетіне үлкен қасірет жақын екені енді анық 
сезіледі. 
Осының барлығын ескере отырып біз мынаны айтуымыз керек: 
"американдану", "еуропалану" да біздің жол емес, ескішіл, фанатик болып, 
қайтып келмес көшпенділікті аңсау да орынсыз. Біз екі бұрынғы рухани 
элитаның екі буынының да тәжірибесін, тәсілдерін ұштастырып 
қолдануымыз қажет. Тура ХІХ ғасырдың рационалист-ағартушылары сияқты 
ойлауымыз жөнсіз. Олардан гөрі біз дәстүршілміз, руханилығымыз, 
мұсылмандығымыз, шығыстығымыз олардан күшті. Жаппай вестеризация,
рухани азу ықпалы күрт өскен жағдайда (өкінішке орай, бізде Батыстың биік 
мәдениетін, философиясын емес, азғындық жағын насихаттау басым), оған 
төтеп беру үшін руханият, өз дәстүріміз бізге қорған. Сөйтіп қана ұлтты 
дағдарыстан алып шыға алады зиялылары, басшылары. 
Қазіргі «вестернизацияның» мынадай қиындықтарын атап өтейік: 
– 
руханилық пен материалдықтың арасындағы ажыратылу; 
– 
эскапистік және дүниетанымдық ұстанымдардың араласып кетуі; 
– 
нонконформизм, конформизм мен девианттық қылықтың өрістеуі; 
– 
рационалдықты шектеу, тылсым сана қабаттарымен манипуляциялар 
жүргізу, жалғыздық, үрей, шарасыздық сенімдерінің өрістеуі; 
– 
стандартты қарапайымдалған тіршілік ету баламаларын жасанды 
ұсыну.
Біз ұлттық идеяны ақыл таразысынан өтіп халықтың басым бөлігі 
қабылдаған ұлттық құндылықтар жүйесі деп түсінеміз. Ұлттық идея 
Қазақстанда жүріп жатқан мәдени мұраларды жаңғырту үрдісі мен әлемдік 
өркениет ықпалымен туындаған жаһандану процесінің арақатынасында 
қарастырылуы тиіс. Соңғы процестің объективтік негіздеріне өркениеттің 
ақпараттық толқынының қарыштауы, Кеңес Одағы тарқағаннан кейін 
батыстандыру мен америкаландырудың жаңа пәрменге ие болуы, бұқаралық 
мәдениет үлгілерінің жаңа тәуелсіз елдерде барынша таралуы, этникалықтан 
өркениеттіліктің басымдылыққа ие болуы т.т. жатады. Қазақстанда ұлттық 
идеяның қалыптасуына үш суперөркениеттердің тоғысуында орналасуы 
(православтық, мұсылмандық және конфуцийлік), мәдени-әлеуметтік 
транзиттік, тоталитарлық және атеистік сана қалдықтары, номадалық діл 
архетиптері ықпал етеді. Басқа да ТМД елдерінде сияқты, Қазақстанда
ұлттық идеяны іздеу амбивалентті құбылыс болып табылады. Қазіргі 
өркениеттік және ұлттық-рухани құндылықтарға қарай бетбұрыс әлемдегі 
елу озық елдердің қатарына қосылуға себебін тигізе алады.
Қазіргі кезде ойлау жүйесінің шеңбері ұлғайып, ауқымдалып, ғылымды, 
қоғамды және адамның өзін дұрыс бейнелеу белесіне жетуге мүмкіншілік 
бар. Оның басты бағыты – зерттейтін объектісі осы заманнан шығып, 


өткенді, қазіргіні, келешекті жүйелі түрде ақыл-ой өрісінен, елегінен өткізіп, 
сол арқылы өз бойындағы жаңа типті ойлау мәнерін, өрнегін таразылау, 
сақтау және жаңарту. Осы мақсатта мына мәселелер зәрулік танытады: 
қоғамдық келісім және демократиялық даму, адам және қоғам, нарық және 
ғылым байланыстары. Ерекше бөліп қарайтын мәселе азаматтық қоғам 
қалыптасуындағы қазақ идеясының орны. Қазіргі зерттеулерде «Қазақстан – 
жалпы біздің үйіміз» деген қоғамдық ой негізі орын алуда. Дегенмен бұл 
идея өткен қоғамдағы ұрандарға ұқсас, негізінен саяси мәнге ие болып тұрған 
сияқты. Ұлттық идея – адамдардың ішкі рухани дүниесімен астасып жатуы 
ғанибет. Сондықтан біздің ойымызша қазақ идеясы мынадай формулаға 
айналса, ұлтымыздың өресінен шыға ма дейміз: «Еркіндік түбі бірлікте!». 
Шығыс халықтары ұлттық идеяларының құндылығы мәселесін
қарастыруда бірінші тұғырнамаға баяғыдан белгілі еуропоцентризм
жатады. Егер классикалық еуропоцентризм тек жалғыз Батыс
өркениеттілігі бар, басқалары «аборигендік», «жабайылық», «варварлық»
деңгейден шыққан жоқ және Шығыс мәдениеттерінің болашағы
жылдам вестернизацияға енумен айқындалады деген пікірлер төңірегінде
өрбісе, онда қазіргі жаһанданып келе жатқан және мозаикалы
өркениеттерде аталған ұстаным, әрине, мимикрияға ұшырайды.
Ұлттық идея — ұлттық мүдденiң туындысы. Идеология сол ұлттық мүдденi 
мейлiнше анық белгiлеген идеяға қол жеткiзудiң нақты әрекет-қимылына 
сiлтеу жасап, бағыт-бағдар беретiн үгiт-насихат мазмұны. 
Қазақтың ұлттық мүддесi не? Ұлттық мүдде — ұлттық құндылықтар. 
Құндылықтар ұлтқа берiлетiн анықтаманың әр параграфынан құралады: 
атамекенi, ана тiлi, қалыптасқан дiлi, бiр дiнi, ортақ салт-дәстүрi, төл әдет-
ғұрпы, жалғыз тарихы. Ұлттық идея — ұлттық құндылықтардың 
жаһандастыру дәуiрiнде қауiпсiз өмiр сүре алатын жағдайын көксеген 
мұраттың көрiнiсi. Ұлттық идея – талай ұрпақтың еңбегімен, қуаныш – 
қайғысымен сараланған рухани дүние. Бұл қайталанбас байлық өмірге 
ұлттық өзіндік тарихи болмысымен келген, сол себептен де ол ұлттық 
дүниетанымның айнасы. 
Тәуелсіздікті нығайта түсудің басты шарттарының бірі - адамдардың 
бойында еліміздің тәуелсіздігін айрықша қастерлейтін қасиет- ұлттық рухты 
нығайту. Енді рухани мәселелерге ден қоятын уақыт та келіп жетті. Себебі, 
рухани тамырымыз терең болса ғана өзгелер бізбен санасады. Кім 
көрінгеннің таптаурын болған ескі жұртын шиырлап жүрсек, дамыған елу 
елмен иық тірестіру түгіл, егемендікті сақтап қалудың өзі қиынға соғады. 
Өйткені, материалдық байлығымен танылған ғана емес, рухани 
құндылықтарын дәріптеген, ұлттық ерекшелігі сақталған, тарихы таза 
мемлекет қана ертеңгі күні халықаралық қауымдастықтың ортасында зор 
беделге ие болады. Ұлтты ұлт ретінде анықтайтын тек, оның қоныстанған 
мекені ғана емес, оның тілі мен ділі, діні мен рухани дүниесі, салт-дәстүрлері 
мен философиясы, әрине ұлттың рухы. Өткеннің бай рухани мұрасын тал 
бойына дарытқан озық өнегелі дәстүрімізді, дінімізді, тілімізді, ділімізді 
айтпау мүмкін емес. Бүгінгі күндегі біздің қоғамымыздағы рухани дүниедегі, 


елдік пен бірлікке негізделген жоғарыдағы келтірілген қасиеттер ұлттың 
құндылық бағытына айналуы қажет. Әсіресе егер ұлт – ол ашық әлеуметтік 
жүйе екендігін ескеретін болсақ, онда өзіндік ұлттық ерекшелігі мен өзіндік 
сананы сақтап қалу күрделі жағдай екенін түсіну қиын емес. Өйткені қоғамда 
әртүрлі процесстер жүріп жатады, ол жасау, сақтау, қирату сияқты 
процесстер, онда дәстүрлі құндылықтар, салт-дәстүрлер, институттардың 
жаңғыруы мен дамуымен қатар, жаңа институттардың енуі, басқа мәдени 
идеялардың орнығуы, басқа халықтардың тәжірибесін пайдалануы сияқты 
процесстер де жүріп жатады. Сол себептен де әсіресе жаһандану кезеңіндегі 
өзіндік ұлттық ерекшеліктерді сақтап қалу күрделі де, қажетті болып 
табылады. Ол ұлттық идея, ұлттық идеология мен ұлттық рухтың негізінде, 
қазіргі қоғамға сай қаншалықты ыңғайланса да, өзіндік өзегін сақтайтын 
мызғымас құндылықтарымызды жоғарғы дәрежеде қалдыру міндет. Рухани 
мұрамыз неғұрлым бай болса, алуан арналы болса, өткен мен бүгіннің 
мәдени мұралары жарасымды жалғасып жатса, соғұрлым өміріміздің мән 
мағынасы терең, мақсатымыз айқын, ұлттық идеологиямыз жоғары, тарихи 
үлгі өнеге тұтар парасатты, ой толғаныстары күшті ел болу еш күмән 
тудырмайды. 
Ұлттық «Менді» қалыптастыратын тетiктер мен жағдаяттар сан алуан. Оған 
көшедегi қаптаған жарнамалардан бастап, ендi ғана дүние есiгiн ашқан 
сәбидiң құлағына естiлетiн ән мен үнге дейiн кiредi. Солардың бәрiнiң басын 
қосатын, бәрiн өгiздей өрге сүйрейтiн құдiрет Ұлттық Идея деп бiлгенiмiз 
жөн. Ойы онға, санасы санға бөлiнiп отырған қазаққа ортақ ұлттық идеяны 
таба қою оңай мiндет емес. Ол шiркiн әлi күнге дейiн жоқ та. Ал қажеттiгiн 
отансүйгiш рухтағы әрбiр қазақстандық азамат сезiнiп отырғаны айдай 
ақиқат. Армансыз адам - қанатсыз құспен тең, дейдi халқымыз. Ендеше 
ұлттық идеясыз қала берсек қанатсыз ұлтқа айналарымыз сөзсiз. Ұлттық 
идеяны таппайынша елде жүрiп жатқан реформалар қарын тойдырудың ғана 
мiндетiн атқарып шығатындай көрiнедi. Өзiн-өзi жарылқамағанды басқалар 
ұшпаққа шығарады деудiң еш қисыны жоқ. Көлдей жайылып келе жатқан 
жаhанданудың табанында жаншылып қалмау үшiн де ұлттық идеяның 
өзектiгi мен қажеттiгi күн санап артып келедi. Демек қарап отыруға 
болмайды.
Алдымен бiзге қажет ұлттық идеяға қойылатын талаптарды пысықтап алу 
керек. Бiрiншiден, ол идея Ата Заңымызға қайшы келмеуге тиiс. Яғни 
нәсiлдiк, ұлттық, дiни, жыныстық кемсiту немесе дәрiптеуден алыс тұрғаны 
абзал. Екiншiден, ұлттық идея қазақстанның атын анықтап отырған қазақ 
халқының мұратын ұлықтаумен қоса, басқа диаспоралардың тарихи
дәстүрлi, этникалық ар-намысына тимейтiнi былай тұрсын, қайта соған қуат 
беретiн факторға айналуын қамтамасыз ететiн болсын. Үшiншiден, ұлттық 
идеяның хронологиялық бастапқы сәтi белгiлi болғанмен, бүгiн де, ертең де 
шексiз жүзеге аса беретiнiн баса көрсеткенi жөн. Елдiң iшiндегi, жер-
жаhандағы нақты ахуалға байланысты оның көздегенi өзгерiп, нақтыланып 
отыратыны айтпаса да түсiнiктi жайт.. 


Ұлттық идея құндылықтары мен ұстанымдарын әлеуметтiк қауым арасында 
мейлiнше дәйектi бекемдеу қажет. Бiрi – бала бақшада тәрбиеленушi 
бүлдiршiндерден бастап, университет аудиторияларында отырған жастарға 
жеткiзуден ештеңенi аяуға болмайды. Екiншiсi – мамандар мен зиялылардың 
ұлттық идеяға қалтқысыз берiлгендiгiн қалыптастыру. Осылардың санасына, 
өмiр салтына сiңген ұлттық идея кiмдi болсын өз иiрiмiне ала жөнелетiнiне 
күмән жоқ.
Елбасының «Нұрлы Жол» Жолдауында ұлттың тұрақты дамуына, 
мемлекеттіліктің нығаюына, халықтың бірлігіне және келешекке сеніміне 
алкен назар аударылады. Идеология ұлттың бойында саналы түрде, өз 
еркімен, құлшыныспен, патриоттық сезіммен орын алғанда ғана тиімді 
қызмет етеді. Сонымен қатар, идеологиялық қызметтің табысты болуы, ең 
алдымен патриоттық тәрбие беруге келіп тіреледі. Патриот еместерге, өз 
елін, Отанын сүюге немқұрайлы қарайтындарға мемлекет идеологиясымен 
бірге, ұлттық идеяларды да сіңіру қиынға соғады.
Елбасы Н. Назарбаевтың «Мәңгілік Ел жалпыұлттық идеясы» шынайы 
отансүйгіштікті, нағыз азаматтықты қалыптастыруды, жеке бастың өзін 
саяси тұрғыдан айқын сезінуін, өз Отанын саналы түрде таңдауын көздейді. 
Әрбір адам біздің мемлекетімізге, оның бай тарихына, болашағына өзінің 
қатысты екенін мақтанышпен сезіне алатындай іс-қимыл жүйесін талдап 
жасауы қажет. Елдің проблемалары да, келешегі де барлық адамға жақын әрі 
түсінікті болуға тиіс. Ұлттық идеяны «Қазақ елi. Азаттық. Бiрлiк» ұғым-
түсiнiктерiмен бейнелеу жалпақшешейлiк, жалтаңкөздiк, баяғы көнбiстiк 
емес, қайта саяси, танымдық, рухани кемелдiгiмiз бен оралымдылықты паш 
етсе керек. Қазақ елiнiң, азаттығымыздың, ынтымақ-бiрлiктiң мүддесiне 
қызмет етiп, дiттегенiне жеткен күнi қош-есенге кете баратын кемел де 
кесiрсiз ұлттық идеяны бекемдеу әрқашан жауапты мiндет болып қала 
бермек.
Қаншама жылдар біз ел болып қалыптасуды арман еттік. Бізге Қазақ елі 
атану арман болды. Тек мемлекеті бар ел ғана өркениет жолына түсе алмақ, 
сондықтан Қазақ өркениеті деген ұғымды қоғамдық білімдер жүйесінде 
қолдануға мүмкіндік туды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет