Мәдениеттің түрлері: дін, құқық, өнер, саясат, ғылым, мораль. Дін мәдениеттануы


Мәдениет саласында саясаттың алатын орны



бет2/3
Дата14.10.2023
өлшемі18,99 Kb.
#114438
1   2   3
Мәдениет саласында саясаттың алатын орны. Адамдардың саяси мәдениетке көзқарасы әртүрлі. Көпшілігі саясат лас іс және саяси «ойындарға» қатысу ұят деп санайды. Басқалары, егер саналылар саясатпен белсенді шұғылданбаса, онда саясатқа лайықсыз адамдар араласады деп санайды. Саяси шешімдерге дербес келу қабілеті – адамның саяси мәдениетінің элементі. Оны игеру үшін міндетті түрде университет бітіру немесе ғылыми кандидат болу шарт емес, барлық тұрғыдан да мәдениетті адам болуға ұмтылу жеткілікті. Бұл қабілеттілік адамды арсыз саяси қызметкерлердің қолындағы ойыншық болудан құтқарады.
Саяси мәдениеттің ерекшелігі оның саясаттың өзін немесе саяси процесті құрайтындығында емес, саясат әлемі туралы пікірлер мен түсініктер жиыны екендігінде. Саяси мәдениет көптеген онжылдықтар бойында әртүрлі ұрпақ қалыптастырған саяси дәстүрлерді, саяси практиканың қолданымдағы нормаларын қамтиды. Оның құрылымына, сондай-ақ , билік жүргізіп отырған саяси жүйеге қатысты адамдардың бағдарламалары мен ұстанымы кіреді.
Саяси мәдениеттің берік элементі ретінде жеке адамның , жеке топтың жалпы көзқарасының бір бөлігін құрайтын саяси көзқарасты алуға болады. Адамдардың саяси бағдарламаның ұнатушылығы мен жақтырмаушылығының саяси сипатына қоғамда үстемдік ететін көзқарастар жүйесі , қоғам мен әлем туралы жалпы фундаменталдық көзқарастар үлкен ықпал етеді.
Өнер – мәдениеттің ерекше жеткілікті дербес және төтенше маңызды саласы. Ол мәдениеттің жаны, оның өзіндік танымының түрі.
Өнер өз бейнелерінде әдеби мәтіндер , мүсін және сәулет туындыларында суреттер, саз әуенінде берілетін мәдениеттің біртұтас қаңқасын жасай отыра, дүниені бейнелейді. Өнер көңіл-күйді , сезімді білдіреді. Өнерде итсал кез-келген қуатты мүмкіндікті ақиқатқа айналдырады, адам мен дүниедегі жақсы атаулыны биікке көрсетеді. Өнердің арқасында адам әлемі, өзін басқа да адамдарды жақсы түсінеді.
Өнер – бұл өзі адам мен сөйлесетін ерекше мәдениет тілі. Өзінің стильдік бірлігін сақтай отыра, өнер дүние мен адамды олардың қандай да кезең мен дәуірде қалайша көрінгендігін суреттейді. Сөндықтан да өнер адамдарды қатты қызықтырады, оларды толықтырады, бұрынырақта өтіп кеткен өмірдегі оқиғаларға күйіндіріп – сүйітеді.
Өнердің ерекшелігі өзінің негізгі міндетіндегі шешілетін әлеуметтік мақсаттар сипатынан да көрінеді. Әдетте , өнердің , танымдық, тәрбиелік, өтемдік, қарым – қатынас міндеттері белгілі.
Өнер ғылымы мен қатар ең алдымен, қоғамның өзін тану құралдарының бірі. Әлемнің көркемдік үлгісі , осы «екінші ақиқат» арқылы шынайы табиғи және әлеуметтік ақиқатты барынша тереңірек тануға болады. Оның үстіне , адам ақиқатын тануды мақсат еткен өнердің идеалдық әлемін өлең сөздің, әуеннің , ырғақтың, суреттің , адам денесінің қаптамаларымен және ақиқатты тануда өте тиімді аспап болатын өзге де эстетикалық құралдардың ерекше «құрылыс құрылғылардың» көмегімен жасалады.
Алайда, егер, ғылым ұшін әлемді тану – басты міндет болса, бұл міндет өнер үшін қосалқы. Өнер адамды оқып-үйретуден гөрі оны асқақтатуға, имандандыруға, жан-дүниесіне сәуле түсіруге, асыл сезімдерді оятуға бейім. Өнердің басты мақсаты – қандайда бір идеалдық , жетілдіру үлгісін , адамдарды осы идеалға тарту үшін рухани алғышарт жасау.
Өнер сонымен қатар , барынша қарапайым мәселелерді де шешеді, оны өтемдік міндет атқарады. Оның қажеттілігі бізді қоршаған шынайы өмірдің шектен тыс қаталдығымен байланысты . Өнер адамдардың , кітаптың, опералық , кинокомедиялық , телесериялдың көмегімен жұбата отыра, олардың осы қаталдықты жеңуіне көмектеседі.
Өнер қарым – қатынас міндетін атқара отыра, қарапайым адамдардың — өнер шығармаларын тұтынушылардың және көркемдік құндылықты жасауға қабілетті дарынды адамдардың көркемдік қызмет барысында өз мүмкіндіктерін ашуына көмектеседі.
Өнердің нақ осы мақсаты оның үлкен міндеттерін айғақтайды, оның тіпті қоғамдық дамудың дағдарыс кездерінің өзінде сақталуы мен өркендеу себебін түсіндіреді.
Ғылым – адам қызметінің және мәдениеттің саласы.Оның міндеті ақиқат туралы объективті білімдерді әзірлеу және теориялық жүйелеу болып табылады.Ғылыми таным бірқатар принциптерге негізделген.Ол принциптер ақиқатқа жетудің ғылыми көзқарасын және ғылыми танымның түрлерін анықтап, нақтылайды, жеткілікті талданған өзіндік ғылыми көзқарастың кейбір ерекшеліктерін белгілейді. Ғылым этикасы-жаңадан қалыптасып келе жатқан келешегі зор кешенді өрелі бағыт. Ол ғылыми қызметтің әлеуметтік – этикалық және гуманистік проблемаларын талдап, зерттейді.
Ғылым – адамның мәндік күшінің, қабілетінің көрінісі. Ол адам мақсатына қызмет етеді. Өйткені дүниені қоғамдық мақсатқа сай өзгерту үшін оның заңдарын білу керек. Ғылым бүкіл дүниежүзілік, экологиялық және басқа да проблемаларды шешуде үлкен роль атқарады.
Ғылыми қызметтің нәтижелерін. Жаңалықтарын қоғам мен адамның игілігі үшін қолдануда және ғылыми-техникалық прогресті әлеуметтік процесспен ұластыра білуде ғылымның әлеуметтік және моральдық жауапкершілігі мол.
Ғылымның дамуының жоғарғы түрі зерттеу міндетін шешудің үлгісі ретіндегі түсіндіру теориясы (парадигма) болып табылады.
Мораль – қоғамдық сананың көне формасы. Ол дін, өнер пайда болғанға дейін сонау алғашқы қауымдық қоғамда пайда болды. Мораль ненің не екенін ажырата, не істеуі керектігін біле бастаған уақытта пайда болды. Мораль кәзіргі әлемді екінші әлеммен , қағидасы орындалуға тиісті әлеммен өзгертуге ұмтылатын айрықша ерекшелік.Болуға тиісті жүріс-тұрыс мұратын анықтайтын құндылықтар жүйесі мораль деп аталады.
Қандай да бір қоғамның аясында ерекшеленген мораль талаптары жалпы моральі бар және оған тиісті бүкіл субъектіні қамтиды. Ол мораль норманың тәртібін, принціпін өзіне адамдық қарым-қатынастар мәдениетінің мәнін сіңіреді, адамзаттың мәдени тәжрибиесінің қажетті бөлігін қарайды. Олар өмір құбылысы мен анықталған қарым –қатынас пен қызыметтің белгілі түрлерін қолдайды, реттейді, рұқсат етеді. Мораль ерекше нормативтік – реттегіш жүйе бола отыра, өз міндеті бойынша құқыққа , дәстүрге, әдет – ғұрыпқа жақын. Алайда оның елеулі ерекшелігі бар: моральдің нормаларымен принциптері, әдеттегідей , еш жерде белгіленбейді, олар адамдардың өзара араласу процесінде аяқасты пайда болады және олардың мәдени-тарихи , өмірлік тәжрибиесін көрсетеді.
Адам өз мақсатын іске асыру кезінде елемеуге құқығы жоқ моральдық талаптар бар. Осы тақылеттес моральдық императивтерге «өлтірме!» , «өз әкеңді қадір тұт!» «жақындарыңды құрметте» , «өз абыройыңды қорлатпа» қағидаларын жатқызуға болады.Мораль мен оның табиғаты әр уақытта адамды қызықтырып келеді. Мораль туралы түсініктер жүйесі ең алдымен , филасофиялық ғылымда көрінеді, оны этика зерттейді.
Қазіргі мәдениетте моральді зерттеуге жеткілікті орын беріледі. Оның теориялық-аксиологиялық қырлары, әлеуметтік мәселелері, қолданбалық қырлары зерттеледі.Мораль кесімді жауаптарды көздемейді. Бұл адам өмірінің қалыптасқан мәселелерінің шешімі, шексіз түсіну саласы, оны шешуге тек қана моральдық нормалар мен уағыздарды білу ғана емес, сондай-ақ өмірлік тәжрибие, жан-дүниенің зеректігі , жүректің күші негізіндегі оларды тұрақты ой елегінен өткізу , қайта бағалау көмектеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет