Медиа ақпараттық сауаттылық МҰҒалімдерге арналған ресурстық кітап



Pdf көрінісі
бет40/138
Дата07.12.2022
өлшемі5,8 Mb.
#55506
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   138
52
53
III БӨЛІМ. ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИА ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТ
III БӨЛІМ. ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИА ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТ


3.4.ИНТЕРНЕТ ПЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДІҢ ҚОҒАМҒА ЫҚПАЛЫ
«Digital-интеллекттің үш құрамдас бөлігі бар: 
- digital-ойлау. Ақпарат қолжетімді болғанымен, шектен тыс көп болып кетті, тіпті артық деуге де болады. Бұрындары ақпарат алу, ақпа-
ратты табу дағдылары жоғары бағаланса, қазір маңызды ақпаратты іріктеу, рас-өтірігін тексеру, сараптау және дереккөздің сенімділігіне 
баға беру дағдылары теңдесіз. Дәл осы сәтте ненің қажет, ненің қажет емес екенін анықтауға digital-ойлау көмектеседі. 
- digital-коммуникация – әлеуметтік желіде адамдарды топтастыру, жаңа форматта байланыс орнату арқылы адамдармен тіл табысу. 
Кейде адамдардың желідегі және шынайы өмірдегі тәртібі, өзін-өзі ұстауы екі басқа болады. Олар интернетте өздерін еркін сезінулері 
мүмкін. Алдарында тұрған жаңа міндеттерді digital-форматта тиімді орындаулары да мүмкін.
- digital-даму – жаңа дағдыларды игеру, әрдайым білім алып, дамуға ұмтылу. Заманауи оқыту бағытындағы ақпараттық жүйелер қолда-
нушылармен, басқа жүйелермен байланыс орнатып, әрдайым жетіліп отырады. Қазіргі заманда адам баласы да жаңа технологияларды 
меңгеріп, өмір бойы жетіліп, дамып отыруы керек. 
Соңғы кездері Интернетпен, адамдардың жаңа мүмкіндіктерімен байланысты Digital деген жаңа ұғым пайда болды. Әртүрлі ақпарат-
пен жұмыс істеу қабілеті, қиын-қыстау сәттерде ойлау және шешім қабылдау қабілеті, географиялық, мәдени немесе жас ерекшеліктері-
не қарамастан желілік коммуникация орната білу қабілеті жоғары бағаланады. Бұл қабілеттердің барлығын біріктіріп digital-интеллект деп 
атауға болады. Интеллекттің дәл осы түрі адамның заманауи әлемдегі тиімділігін анықтайды деген түсінік бар.
Адамдар шынайы өмірге қарағанда интернетте өздері туралы айтқанды жақсы көреді. Кейбір адамдар адамдардың сөйлесуі толықтай 
онлайнға көшті, бетпе-бет сөйлесу сиреп кетті деп айтып жүр. Дегенмен, әлеуметтік желілер жылдам ақпарат алмасуға, алыстағы адам-
ды жақын етуге мүмкіндік береді. Ал, кез келген адамның контент жасап және басқа ақпаратқа қол жеткізе алуы демократиялық кеңістік-
тің бар екенін білдіреді. Ол қалай болғанда да сөз бостандығының сақталуына жағымды әсер етеді.
Әлеуметтік желілер ыңғайлы саяси алаңға айналды. Сайттар саясаткерлерге сайлаушылармен тікелей байланыс орнатуға, сондай-ақ 
дауыс берушілерге саясаткерлердің атқарып жатқан жұмыстарын бақылауға мүмкіндік береді. Заманауи бағдарламалар дебаттарды тез 
арада өңдеуге көмектеседі. Әлеуметтік желілер арқылы адамдарды тез арада ақпараттандыруға немесе ұйымдастыруға болады. Қазір-
гі уақытта наразылық білдіру акцияларын әлеуметтік желілердің көмегімен ұйымдастырылады. Сонымен қатар, билікке азаматтардың 
іс-әрекеттерін қадағалауға мүмкіндік береді. Әлеуметтік желілер мен Интернет қандай да бір топтарға хабарламаларды халық арасында 
жылдам таратуға, насихат жүргізуге өте жақсы көмектеседі. 
Интернет күн сайын дамып, күн сайын өзгеріп отыр. Бұл үрдіс ешқашан тоқтамауы да ықтимал. Ақпарат алаңы кез келген адам үшін 
ашық. Оның пайдалы да, зиянды да тұстары бар. Ақпаратты пайдалануға берілген шексіз мүмкіндіктен ақпараттың адамға ықпалы да 
күшейе береді. Қазір кез келген жастағы адам шалдыққан «интернет-тәуелділік» деген «ауру» бар. Адамдардың интернетке сенгені сон-
шалық, олар ақпараттың жалған екенін түсінбейді, авторларға өте қатты сенеді. Кез келген интернет пайдаланушы тек пайдалы, қажетті 
ақпаратты ғана тауып, оны өңдеп, рас-өтірігін ажырата білуі тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   138




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет