Медиа ақпараттық сауаттылық МҰҒалімдерге арналған ресурстық кітап



Pdf көрінісі
бет41/138
Дата07.12.2022
өлшемі5,8 Mb.
#55506
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   138
54
55
III БӨЛІМ. ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИА ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТ
III БӨЛІМ. ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИА ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТ


IV БӨЛІМ.
ҚАЗІРГІ ЗАМАН 
БАЛАЛАРЫНЫҢ 
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ 
ПОРТРЕТІ
Жаһандық дағдырыс шар тарапты шарлады, салдары барлық салада білінді. Жаңа ақпарат-
тың мықты толқыны, компьютерлік технологиялардың қолданылуы, компьютерлік ойындар-
дың таралуы қазіргі балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеуге ықпалы өте үлкен. Тәрбиелік 
кеңістікті құру баланың тұлға болып қалыптасуы үшін тек білім беру мекемелерінің қабырға-
сында ғана қажетті талап қана емес, барлық уақытта да маңызды. Балалар мен жасөспірім-
дердің бос уақыттарын басқаша өткізетін болды. Себебі, теледидар, DVD, музыкалық орта-
лық, кітаптар – барлығы компьютерде бар.
ҚАЗІРГІ ЗАМАН БАЛАЛАРЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ПОРТРЕТІ
Бұл тарау 4 бөлімнен тұрады. 
«Жасөспірімдердің есею 
ерекшеліктері» деп аталатын бірінші 
бөлімде жасөспірімдердің ағзасында 
болатын биологиялық өзгерістер, 
олардың психикасына әсер ететін 
жағдайлар суреттеледі. Сонымен 
қатар, жасөспірімдердің бойындағы 
қарама-қайшылықтар, олардың 
қажеттіліктері, замандастарымен 
және ересек адамдармен қарым-
қатынасының ерекшеліктері 
қарастырылады. Екінші бөлім – 
«Есеюдің қиындықтары». Жасөспірім 
шақтағы күйзеліс және суицид 
мәселелеріне талдау жасалады.
«Медиа әлем мен жасөспірім» 
тақырыбындағы үшінші бөлімде 
жасөспірімдердің заманауи медиа 
құралдарды белсенді пайдалану 
ерекшеліктері, сондай-ақ осы 
саладағы кейбір қатерлер туралы 
айтылады. Төртінші бөлімде 
жасөспірімдердің не себепті 
әлеуметтік желілер арқылы сөйлесуге 
әуес екендері, желіге тәуелділікті 
білдіретін белгілер баяндалады. 
57


Қазіргі уақытта мектеп бағдарламасы оқушылардың көп уақытын алады. Сабаққа үлгеру үшін балалар көп психикалық күш 
және ақыл-ой күшін жұмсайды. Мектепте оқыған жылдары балалардың жалпы денсаулығының нашарлайтыны жиі кездеседі. Тұлға 
ретінде даму үшін, ең алдымен, балаға денсаулық керек. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы адамның физикалық, психикалық 
және әлеуметтік тұрғыда аман-сау болуын айтады. Білім беру саласында жұмыс істейтін педагогтар пен психологтар үшін оқушының 
психологиялық жағдайы маңызды болуы керек. Бұл – балалар мен жасөспірімдердің эмоционалды және танымдық тұрғыда сау бо-
луы, мінезінің қалыптасуы, тұлға ретінде дамуы, жүйкелік-психикалық жағдайы. 
Қазіргі заманның балалары компьютермен жұ-
мыс жасау қабілетімен туылатын секілді. Қазір 
мектеп бағдарламасына жаңа стандарттар 
енгізілгендіктен, заманауи мектептер оқыту-
дың дәстүрлі модельдерінен бірте-бірте көшіп 
жатыр. Қазір оқушылар қажетті ақпаратты өз-
дері табулары керек. Интернет білім алудың 
теңдесіз құралы болып отыр. Интернет арқылы 
білім алуға болады, сабақ оқуға көмектеседі
бос уақытты өткізуге болады. Дегенмен, бала-
лардың бойында жастайынан сыни ойлау қа-
білетін дамыту керек. Медиа құралдары арқылы 
келіп жеткен кез келген ақпаратты сыни тұрғыда 
қабылдауды бойларына сіңіру керек. 
Қазіргі жасөспірімдерге бос уақыттарын қы-
зықты әрі тиімді өткізуге көптеген мүмкіндіктер 
бар. Алайда, интернет ерекше орын алады. 
Желі балалар мен жасөспірімдерде физиологи-
ялық емес, психологиялық тәуелділікті тудыра-
ды. Мұның себебін білу үшін жасөспірімдердің 
жас ерекшеліктеріне тоқталып өткеніміз дұрыс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   138




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет