Медиа ақпараттық сауаттылық МҰҒалімдерге арналған ресурстық кітап



Pdf көрінісі
бет46/138
Дата07.12.2022
өлшемі5,8 Mb.
#55506
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   138
қара немесе ақ деп шектеледі, 
сондықтан оларға басқа да тү-
стердің болатынын түсіндіру 
керек. Сіздің сөздеріңіз арқылы
ол басқа нәрселерге көз жеткізе 
бастайды. Жасөспірімдермен 
сөйлескенде әзіл-оспақты түсіну 
керек. Жастардың сленгін де 
біліп жүріңіз. Сол арқылы сіз 
жасөспірімге «түсінікті» бола 
аласыз. Баланың иісі, көзінің 
қарашығы, әлеуметтік желіде
телефонмен кіммен сөйлесетінін 
бақылап жүріңіз. Осы арқылы сіз 
қателікке ұрынбауына көмектесе 
аласыз.
ЖАСӨСПІРІМ
отбасы, ата-ана-
сымен қарым-қа-
тынасы
қарсы жыныс 
иелерімен қа-
рым-қатынасы
жеке және 
рухани 
дамуы
білім алуы
денсаулық 
және үйлесімді 
дамуы
әлеуметтік және 
психолгиялық 
дағдылары
құрдастарының 
арасындағы әле-
уметтік статусы
сурет 4.2. Жасөспірімдік шақтағы маңызды құндылықтар
4.2. ЕСЕЮДІҢ ҚИЫНДЫҚТАРЫ
Жасөспірімдермен қарым-қатынас орнату өте қиын. Өтпелі шақтағы психология трагедиялық көзқарастардың басым түсіп, торығу, қажу 
сезімдерінің жиілеуімен сипатталады. Әлеуметтанушылардың деректерінше, әр оныншы жасөспірімде өзін-өзі өлтіру туралы ойлар 
болады. Жыл сайын әр жүз жасөспірімнің төртеуі ауыр күйзелісті бастан өткіреді. Егер мұндай күйзелісті дер кезінде емдемесе, жағдай 
ушығып кетуі мүмкін. Себебі, клинкалық күйзеліс өте ауыр дерт деп саналады. Қазіргі уақытта жасөспірімдердің өзін-өзі өлтіруі– қайғылы 
жағдайлардан соң адам өлімінің екінші себебі болып отыр. 
3-суретте жасөспірімдердің өзін-өзі өлтіру себептері берілген:
Жасөспірім қиыншылықтардан қашуға әуес, ал суицид – проблемадан құтылудың жолы. Бала өзін расымен де бақытсыз сезінген сәт-
те өзін-өзі өлтіруге барады. Балалардың барлығы өзінің де, өзгенің де өмірінің құндылықтарын түсінбейді. Жасөспірімдердің пікірінше, 
ата-анасына қиянат жасау, ренжіткен адамнан кек алу және т.б. Бала суицид жасау арқылы уайым-қайғыдан құтылғысы келеді, ондай 
әрекеттерге өзгелер аяушылық сезімін білдіруі үшін, өзіне және өзінің проблемаларына назар аударту үшін, кек алу үшін, жауапкершілік-
тен құтылу үшін барады. 
Суицид жасауға әрекеттер кейде нәтижесіз аяқталады. Қыз балалар бірінші әрекетінен түк шықпаған соң, сонымен тоқтайды. Ал, ер ба-
лалар бірнеше рет қайталауы мүмкін.
Жасөспірімдер арасында суицидтің алдын алуда отбасындағы дағдарысқа, әлеуметтік, психологиялық және басқа да көмектерді дер 
кезінде көрсетуге баса мән беру керек. Сонымен қатар, жасөспірімдер арасында ішімдік ішудің және басқа психо-белсенді заттарды 
тұтынудың алдын алу да маңызды тәсілдердің бірі болып есептеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   138




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет