Мәдібаева қанипаш қайсақызы



бет28/85
Дата17.10.2023
өлшемі1,9 Mb.
#116791
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   85
Байланысты:
Мадибаева-Қ.XIX-ғасыр-әдебиетінің-қөркемдік-дамуы-Оқу-құралы-2007ж.

Шіркін-ай мұндай жүйрік туармысың,
Сөйлейсің алтындай қып сөздің жезін.
Қанатын күн шалмаған ақ тұйғынның,
Жапалақ иемденер басқан ізін.
Қор болдың бір қортыққа Сара, қалқам!
Армансыз қылар кімнің үй-түзін.
Дені сау адам емес Тастанбегің,
Жүр екен тастай алмай о да қызын.
Біліп ем Сара сенің сынарыңды.
Баса алмай армандамын құмарыңды.
Ақ үйден айғай салып шыққан кезде-ақ,
Білгенмін сөзге қайрат қыларыңды.
Сұмдықпен бәйіт ішіне қан құясың,
Білмейсің неден зар боп жыларыңды.
Майысқан сегіз қырлы жүйрік-ақсың,
Қай жерден болжамайсың тынарыңды.
Шақыртып күйеуіңді осында алдырт,
Көрейін таңдап қосқан сыңарыңды.
Шыбықтай жігіт шығар өңі нұрлы,
Өнері өзің теңдес сегіз қырлы.
Шеберден мін алатын мініскерсің,
Ер шығар тоты құстай неше түрлі.
Жақсыны көрмек үшін деген, Сара,
Өзі түгіл, ел қамын жеген, Сара,
Мырзаңды Жиенқұлдай шапшаң шақырт
Ұялып бөгелесің неден, Сара?! [78, 164 б.].
Айтыстың көркемдік әлемі, әлеуметтік жүгі жөнінен аз айтылған жоқ. Бұл айтыстың дәстүрлі фольклорлық бейнелеу, көріктеу тілі өз алдына, түлеп ұшқан тың, өткір, ұтқыр тіркес аса мол.
Айтысты тілдік, құрылым, әлеуметтік мән жөнінен әр ұрпақ өз таным, өз талғамымен аша берері, керегін таба берері ақиқат. “Байлаулы бала құстай Сара сорлы” деп қанжылаған Біржан Салдың ащы үні әлі талай буынның жүрегін дірілдетіп, жанын уата бермек.
Шөже Қаржаубайұлы (1805-1891) Қарағанды облысының Нұра ауданында туып-өскен. Ірі айтыс ақыны. Шөже Кемпірбаймен, Балтамен, Шортанбаймен, Орынбаймен, т.б. ақындармен айтысқа түсіп, жеңген. Шөже ақынның көзі кем екен. Көп айтыста қарсыластары соны мін етіп, ретті жерде де, ретсіз тұста да тұқыртпақ болғанда Шөже тапқырлықпен, орынды уәжбен үстем түсіп отырған. Шөже туралы алғашқы мәліметтер Шоқан Уәлиханов еңбектерінде кездеседі. Шөже айтыстарының көпшілігі негізінен ру жартысын жырта сөйлеген тұстарда қызып кетіп, бар жалынымен шалқиды. Арғы төркіні қырғыз деп көп тиіскен айтыскерлерден Шөже өзінің хақтың сөзін сөйлеуімен өзгешеленіп, ерекшеленіп отырған.
Сәтбайдың асында Шөжені көріп, қайдан, неге жүр деп тиісе, тіксіне сөйлеген Кемпірбайға Шөже:
Баласы Жаныс мырза – Сәтбай марқұм,
Орнына дұға оқыдым сыйлап рухын.
Бір мирас өткендерден бізге жеткен,
Өлікке көңіл айтып келеді әркім.
Кемпірбай тағы тиіседі, көзін айтып кемітеді.
Асыма шақырмаған келдің жетіп,
Алатау бөксесінен басып өтіп!
Бұл елде қожа, молда құрып па?
Қу соқыр неге келдің жетектесіп?
Шөже тосылмақ емес.
Салмағы оң көзімнің сол көзімде,
Алланың не қылса да еркі өзінде.
Бар болса қасиетің көзімді жаз,
Әйтпесе татымы жоқ қой сөзіңді!
Ақыры Шөже айтысып-айтысып келіп “Көзіме он жеті ақын түк қылған жоқ”, сенің не амалың бар деп сөзден тосады.
Кемпірбай:
Келіп ем бұл жиынға өктемденіп,
Жүруші ем қу соқырдан секемденіп,
Бағасы жоқ соқырмын айтысам деп,
Жығылдым төрт аяғым көктен келіп, –
деп, жеңілгенін мойындайды. Тезекбаймен айтысында өзі айтқандай, Шөже өзіне жаратқанның көз бермесе де, сөз бергеніне тәуба қылып айтып жүреді. Бұзып-жарып өктем сөйлемейді. Момын кейпімен-ақ талай азулыны ауыздықтайды. Алып шығады.
Мағлұм болған үш жүзге менің жайым,
Көзімді алып, сөз берер бір құдайым.
Шөже ұстанған бір қасиет – қанағат. Жылу жиып, қарызданып қалдым деп ел адақтап жүрген Тезекбайды былай деп сөзден тосады.
Сенің көздеп жүргенің бәрі пайда-ау,
Қарғағанын бар құдай аямады-ау
Алтын басың сау еді менен көрі,
Сендердің ел кезуің жарамайды-ау.
Құрады махшар күнде таразыны,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет