Мәдібаева қанипаш қайсақызы



бет50/85
Дата17.10.2023
өлшемі1,9 Mb.
#116791
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   85
Байланысты:
Мадибаева-Қ.XIX-ғасыр-әдебиетінің-қөркемдік-дамуы-Оқу-құралы-2007ж.

Қанталап көзі мұнартқан,
Саудалап елін тиынға,
Құмартып орыс сиына,
Бақ дегенің бақ емес, –
Хан жалшысы, нөкері.
Ақ патша тайып сертінен,
Елге салар салмақты.
Малыңды салып талауға,
Адамын хаттап санауда,
Ойаздың түсіп қалауға,
Көгендей жасты тізілтіп,
Бірден алар солдатты…
Дулаттың Аякөз өлеңіне арналған “Тауды екіге жарасың” жыры сұлулықты сиқырмен өрген ғажап туынды. Өзеннің толқынды толқын қуған ағынды күйін керемет суретке көшіріп басталған өлең тағы да отаршылдық ойрандарына ойыспай кете алмайды.
Тауды екіге жарасың,
Тастың қашап арасын.
Кесіп өтіп кезеңді,
Аякөз, қайда барасың?!
Жағаңдағы сұлу тал,
Саясының шөбі бал,
Ерекше семіз ішкен мал.
Сумаң қағып сүйріктей,
Шалқып шапқан жүйріктей
Екіге бөліп ерке су
Қас пенен көздің арасын!
Тарбағатай тауынан тоқсан өзен қосылып, төмен жосылып аққан Аякөздің қымбаты бөлек, қимасы көп еді. Ендігі күй не?!
Айтуға ауыз келе ме,
Аякөз кімнің жері еді?
Жағаңа дуан түскен соң,
Аякөз суы қағынды.
Би, старшын мойнына,
Жезден қарғы тағынды.
Аға сұлтан, қазылар
Орысқа болды жағымды.
Шайқады қулар тағымды,
Тайғыздан бастан бағымды.
Ұзын өріс қысқарып,
Кең қонысың тарылды.
Ақын ел басына түскен тұрмыс күйдің үлкен қаупін, зардабын аһ ұрып айтып отыр. Дулаттың “Ата қоныс Арқадан” толғауы арғы тарихтан баян етіп, ақтабан шұбырынды заманнан бергі тарихты, қиын күнді де, қазақтың басы қосылған жеңісті қуанышты күнді де толғайды. Толғап келіп Абылай туы жығылған өзге заманның қара бояуын, тұңғиық сұмдығын сөйлейді.
Жау қарасы көрінді,
Қабындап басты жеріңді.
Кетпенсіз-ақ қаздырды.
Өзіңе өз көріңді
Хан сарқыты – Кене хан
Қан жорық боп қаңғырды…
“Сүлейменге” арнауында ақын жан иесі жаратылғаннан міндетті боп туар парыздарды көлденең тартады. Шешен не істемек, жыршының көтерер жүгі қай жүк, ел жақсысының міндеті қайда жатыр? Дулат осының бәрін термелей төгіп отырып, өзінің жыр мұратының асу бермес азапты жәйтінің – ел басына түскен күйдің қасірет шындығының үкімін, кесімін айтты.
Жау айрыптар досың жоқ,
Жар-жапсарда қасың бар,
Жылайсың да шыдайсың.
Енді қазақ ел болмас,
Күні өтіп, айы асқан,
Дәрігері дарын болса да,
Ауруға ем қондас.
“Сөзім бар да, көзім жоқ”. Пенделік ғұмыр. Адамның өзін сөккен, өзіне наразы болған күйі сияқты қабылданады. Бірақ айтпағы тереңде. Адамдықты арзандарға айырбастап жүрген ойсыз, қамсыз, сергелдең, сопы ел мінезі. Көптің алған беті. Бұл өлең – жаңа өлең. Қазақ поэзиясында бұлайша көрініс бермеген; ішкі мұңның, қиналыс сәттің күңірене отырып толғаған күйі. Жан азабы. Кейінгі Абайды күйдіртіп, өртеген күй.
Зар заман поэзиясының кесек тұлғасы Шортанбайдың әдебиет тарихындағы алатын орны ХІХ ғасырдың аяқ шенінен бастап-ақ айғақтала бастады. Шортанбайтанудың басында, біздіңше, халқымыздың әдебиет үлгілерін жинап-зерттеуші, бағалап-саралаушы, қазақ әдебиетінің ғылыми сипаттамасын жасаушы В.В. Радлов тұр. Ол өзінің халық жайлы, әдебиет жайлы танымдық, ғылыми еңбектерінде ел ішіндегі әдебиет үлгісіне, түріне, сарынына, ерекшелігіне барлау жасайды. Әдебиет түрін айғақтап отырып айтқанда, ел жағдайын, ислам дінінің жағдайын қамтып отырады. Кейінде Шортанбайға діншіл, діни деген атақтың ажырамастай болып жабысуының бір ұшы Радлов мәліметтерін ұшқарылау қабылдап, соған сүйене сөйлеуде жатқан сияқты.
В.В. Радловтың мына бір пікіріне әсіресе назар аудармасқа болмайды. “Зар заман” мен “Заман ақыр” тәрізді ғибрат өлеңдер Ертістің шығысында дала қазақтарының молдалары шығарған қол тума туындылар [50]. Ертістің шығысында дала қазақтарының молдасы деп отырғаны кім екенін жазбай тануға “Зар заман” деп бүкіл бір дәуірге ат берген толғаудың өзі-ақ сілтеп тұр. Әрі бұл дерек Шортанбайдың жазба ақын да болғындығын айғақтайды.
В.В. Радлов Шортанбай толғауларын тұңғыш жинаушы, әрі бастырушы.
Шортанбайдың қазақ әдебиетінің тарихындағы орны ертеден-ақ белгілі болғанын Мұхтар Әуезов 1927 жылы айтып, зар заман ақындарының ішіндегі ірі жырау, үлкен ақыны екенін атап өтсе де, өкінішке орай, қилы-қилы замандарда Шортанбай мұрасын бағалау мәселесі қилы саққа жүгіртілді. Тұтастай зерттеу нысанасына ілігіп, жан-жақты жүйеленіп, талдана қойған жоқ. Қайткенде қайшылық, кемшілігін ащы айтып, қатты айтуға бейім тұрғанымыз рас. Көбіне ақынның шығармасындағы саяси астарларға назар аударыла берді де, ақындық шеберлігі қағаберіс қалып, жалпылама қамтылды. Жалпы ел ішінде болсын, әдебиеттануымыздағы қайсыбір зерттеулерде болсын Шортанбай жырау деген тіркес те жиі ұшырасады. Шындығында Шортанбай шығармашылығының жыраулар өнерімен аса туыс тұстары көп. Сол төңіректе де біраз мәселені қарастыру, айғақтау қажет десек, оның өзі де жалпы әдебиетіміздегі жыраулық өнер, жырау статусына байланысты бұрынғы-соңғы тұжырымдарға жүгіне отырып сөйлеуді қажет етеді. Жырау өнері ту бастан зар заман әдебиетінің де бір түрі, басты түрі екенін ескерсек, ол ұғымның Шортанбай мұрасымен тоқайласар тұсы көп.
Шортанбай өлеңін талғам таразысына салуда М. Мағауиннің ескі поэзиямызға байланысты мына бір тұжырымын есте ұстағанымыз жөн. “Көркем шығарма қашан да өзін туғызған дәуір кейпімен, сол кездің ой-өрісімен салыстыра бағаланбақ, өз заманымен өлшенбек. Және көркем әдебиетке қойылар талап, оның критерийі әр уақытта әр түрлі болғандығын да есте тұтқан жөн. Яғни шығармаларында кездесетін кейбір кінәраттар жырау талантының кемдігінен емес, оның заманының ескіргендігінен, біздің көркем әдебиетке қояр талабымыздың өзгергендігінен” [115, б.].
Сонымен қатар, біздің пайымдауымызда А. Байтұрсынов айтқан пікірге де құлақ салу абзал; “Қазақтың ауыз әдебиетін алсақ та, қандай жақсы болғанымен, мінсіз сұлу болмайды. Бір жерінде сұлулығы қандай зор болса; екінші жерінде мін де сондай үлкен болады. Ақындығы қандай күшті болғанымен, айтылған екі дәуірдің ақындарының сөздерінде әдемілігінің жанында ат сүрінгендей міні тұрады” [9, б.]. “Сондай-ақ қазақ ақындарының өздерінің де, сөздерінің де міндері, кемшіліктері жаман әдеттері өнерпаз Европа жұртының сындар әдебиетін көргеннен кейін байқалып, көзге түседі” [12, б.].
Професоор Б. Кенжебаев: “Қазақтың ертедегі әдебиетінде өте көп ұшырасатын өлеңнің бір түрі – жыр.
…. Мақал, нақыл, естірту, жоқтау, беташар өлеңдері де жыр ретімен келеді.
…жыр өзінің тақырыбына, мазмұнына, айтылуына, әуеніне қарай жыр, толғау, терме, тақпақ деп аталады. Ал, бірақ, құрылымы (шумағы өлшемі, ұйқасы) жағынан бұлардың бәрі бір. Осыдан олар өлеңнің бір түріне, жырға жатады”, – дейді [90, 79 б.].
Бұл саралаумен қарағанда Шортанбай өлеңі көбіне жыр үлгісімен жазылған терме, толғау деп тұжырымдауға негіз бар.
Енді жыр ерекшелігі және Шортанбай өлеңі ерекшелігін салыстырып көрелік.
1. Жыр үлгісіндегі әр алуан ерікті шумақ, тармақ, санының ақын қалауына қарай көбейіп, азайып отыруы Шортанбайдың бар толғауында кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет