Сен мені не етесің?
Мені тастап,
Өнер бастап
Жайыңа
Және алдап,
Арбап,
Өз бетіңмен кетесің.
Неге әуре етесің?
Қосылыспай,
Басылыспай,
Байың
Және жаттан
Бай тап,
Өмір бойы қор өтесің.
Екі жүрек өртенді,
От боп жанып,
Жалын салып
Ішіне
Иттей қормын,
Зармын,
Сен үздің ғой бұл желкемді.
Кім білер ертеңді?
Өлім айтпас,
Келсе қайтпас
Кісіге
Бүгінгі күн
Бармын
Жолдас еттің сен бөтенді.
Серттен тайған ғашыққа жалбарыну, кектену, үміт үзбеу, торығу, толу, айыптау, ақтау аралас жатқан көңілдің күйігін ақын осылай суық ақылмен орап сөйлейді.
…Шын ғашық мен саған!
Кейіп жүрсем,
Сені көрсем,
Ләм-лим деп
Бір сөз айтар
Хал жоқ.
Еркін кетер бой сол заман.
…Сен аттың жөнсіз оқ,
Тәңірі – қазы
Тас тарады,
Тентекті сұрамас деп
Қалма
Серт бұзғанның біл, орны – жоқ!
М. Әуезов бар тынысы бусап, көрініп тұрған жанды махаббат жырланған, Абайдың махаббат жайындағы ең нәзік, ең көркем терең сөздері көрінген өлеңі “Қызарып, сұрланып” дейді. “Көзімнің қарасындағы” ғашықтық күйін “Мұңды дағдарыс” деп бар күйімен жеткізеді. Тауып теңейді.
М. Әуезов Абайды танытуда ғажайып, тосын тапқырлықтарға өз қуатына қоса Абайдың да сөз қуаты жетелеп отырады. Табылған тың түйін, тамаша сөз тіркестерін арнайы қарастырса да болар еді.
Абайдың бас қайғысына байланысты бір алуан жоқтау жырының да өзіндік өзгешеліктерін М. Әуезов құлаққағыс еткен. Бұл төңіректе де зерттеу артық болмас еді. Жанр табиғатын ашу жөніне, қазақ әдебиетіндегі жоқтаудың сипаттамасына олжалы ой қосылар еді.
Оспан, Әбдірахман қазасына байланысты туған жоқтау жырлар жөніндегі М. Әуезов пікірі соған меңзейді. “Бірақ сырт қалыптары қазақ поэзиясында көп кездесетін көңіл шеріне, мұң жырларына, жоқтау сарындарына да ұқсаса да, дәл осы өлеңдердің өзінде де Абайдың ақындығы өзгеше үлгі тақырып, тағы бір бұрын шықпаған шеберлік танытады” [119, 151 б.].
М. Әуезов бұл жоқтау арнаулардың өлең үлгісіндегі түр бұрынғы жыр үлгісінде келетін жоқтаулардан өзгеше түрлерді айқындап отыр. Оспанға арнаудың біріндегі тармақтағы соңғы сөздің басымы болымсыз етістіктің көсемше түрінің -ып, -іп, -п жұрнақтысына аяқталмай, -й жұрнақтысымен келуі арқылы берілген. Сабырлы тоқтамның күйін айтады.
Жайнаған туын жығылмай,
Жасқанып жаудан тығылмай.
Жасаулы жаудан бұрылмай.
Жау жүрек, жомарт құбылмай.
Жақсы өмірін бұзылмай.
Жас қуатың тозылмай.
Жалын жүрек суынбай.
Жан біткеннен түңілмей.
Жағалай жайлау дәулетің,
Жасыл жайлау дәулетің –
Жасыл шөбі қуармай,
Жарқырап жатқан өзенің
Жайдақ жүзіп шабылмай,
Жайдақтап қашып сабылмай.
Жан біткенге жалынбай,
Жақсы өліпсің, япырмай!
Келесі:
Кешегі Оспан –
Бір бөлек жан
Үйі – базар, түзі – той.
Ақша, нәрсе
Ала берсе,
Атта мінсе, көлді ғой.
“Апа берден”
“Келе көрден”
Бір күн басын бұрды ма?
Келді қаптап,
Алды сап-сап,
Кетті мақтап, тұрды ма?..
Бұл жоқтау арнау үлгісі – Абайдың өлеңге өзі әкелген жаңа өрнегінің үлгісі. Өлеңнің өзге құрылымы “Сегіз аяқ” үлгісі.
Абайдың Әбдірахман қазасына арнауы бірнеше өлең. Соның бірі – “Әбдірахман өлгенде” атты өлеңінің бірі. Бұл Абайдың әкесі Құнанбай жайлы толғауы. Осы мәселені ашып айтқан жөн. Заманында Құнанбайдың кісілігін кішірейту саясаты өтті. Сол себептен де айтылмады.
Достарыңызбен бөлісу: |