Күші бойыншабұл препараттардан тазепам, элениум, рудотель және басқа препараттар төмен түседі. Триоксазиннің миорелаксациялық әсері жоқ, белсендендіру әсері күштірек, сондықтан ол күндізгі тыныштандыратын зат ретінде қолданылады. Грандаксиннің белсендендіруші әсері күштілігі соншалық, ол өзі қозу мен ұйқысыздық шақыруға қабілетті; осыған байланысты кейбір авторлар оны психоэнергетикалық препараттарға жатқызады. Нитразепамның ұйықтату әсері күшті болса, клоназепамның – тырысуға қарсы әсері бар. Шизофрениямен науқастардағы психотикалық үрейлі синдромдар кезінде транквилизаторларды жеке дәрілік зат ретінде немесе нейролептиктермен және антидепрессанттармен бірлестіріп қолданады. Сонымен бірге транквилизаторларды дисфориялық бұзылыстары бар эпилепсиямен науқастарды және алкоголизммен науқастардағы абстиненцияның психикалық және соматовегетативті көріністерін басуға тағайындалады. Транквилизаторлардың вегативті – тұрақтандырушы және антипароксизмальді әсері жүрек ритмі бұзылған (жыбырлағыш аритмия), климактерикалық бұзылыстармен, гипоталамикалық криздермен науқастарда пайдалы болып табылады. Ағзаға ұзақ уақыт бойы транквилизаторларды еңгізсе , седативті, антипароксизмальды және миорелаксациялық әсерлерге толеранттылық дамуы байқалады. Бірақ транквлизаторлық эффектке әдеттену болмайды.