Медицина medicine


Студенттердің Мануврие индексі бойынша жіктелуі, %



Pdf көрінісі
бет4/7
Дата28.11.2022
өлшемі498,96 Kb.
#53118
1   2   3   4   5   6   7
Студенттердің Мануврие индексі бойынша жіктелуі, % 

Брахискелия 
Мезоскелия 
Макроскелия 
I топ 
191 
52 % 
30,9 % 
17,1 % 
II топ 
145 
24,7 % 
37,2 % 
38,1 % 
Мануврие индексін анықтау барысында қазақ қыздарына брахискелия тəн болса, ал славян 
ұлтының қыздарының көпшілігіне мезоскелия мен макроскелия белгілері анықталды. 
Дене бітімін анықтау үшін, студенттердің конституциялық ерекшеліктерін көрсететін Пинье 
индексі қолданылды. Қазіргі уақытта көптеген авторлар конституцияны тұтас ағзаның іргелі жəне 
интегралдық сипаттамасы ретінде қарастырады. Сондықтан да конституция тұжырымдамасы — адам 
туралы ғылым аясындағы жүйені құраушы өзегі болып табылады [6]. 


Ж.Т. Суюндикова, Д.Т. Конысбаева, Г.К. Баубекова 
160 
Вестник Карагандинского университета 
Конституция түсінігі тұқым қуалаған жəне жүре пайда болған, біршама уақыт бойынша тұрақты, 
ағзаның реактивтілігі мен жеке даму бейінін анықтайтын морфологиялық жəне функционалдық 
белгілердің бірлігі [6]. 
Пинье индексі бойынша, орташа топтық мəндері екі ұлттың көрсеткіштері нормостеникалық 
дене типіне сəйкес келетінін көрсетті. Ұлттар арасында анық айырмашылықтар байқалған жоқ. 
Екі топтың студенттерінде дене бітімінің нормостениялық типі басым болды (5-кесте). 
Зерттелген топтарда дене бітімінің гиперстениялық типі аз кездесті (9, 7 % бірінші топта жəне 17,8 % 
екінші топтағы қыздарда). Дегенмен, дене бітімінің бұл типі бірінші топтағы қыздарға қарағанда, 
екінші топтағы қыздарда екі есе көп байқалды. Зерттелген топтар арасында дене бітіміне 
астеникалық типіне сəйкес келетін қыздар бірінші топта 35,7 %, екінші топта — 37,6 % анықталды. 
Пинье индексі бойынша этносаралық айырмашылықтар анықталған жоқ. 
5 к е с т е
Студенттердің Пинье индексі бойынша жіктелуі, % 

Астеникалық тип 
Нормостеникалық тип 
Гиперстеникалық тип 
I топ 
191 
35,7 % 
54,6 % 
9,7 % 
II топ 
145 
37,6 % 
44,6 % 
17,8 % 
Бұлшық ет жүйесінің функционалдық жағдайы қол күші арқылы анықталды. Қол 
динамометриясы — нейромоторлық функциялардың, қозғалыс аппаратының даму дəрежесін жəне 
жеке тұлғаның статикалық тұрақтылығын көрсетеді [7]. 
Қол динамометриясының көрсеткіші бойынша, зерттелген екі топта қол бұлшық ет күшінің 
орташа топтық мəндері жасқа сай физиологиялық нормаға сəйкес келеді. 
Қол бұлшық ет күшінің дене массасына ара қатынасының көрсеткіштері екі ұлттың арасында 
нақты айырмашылықтар жоқ екенін көрсетті. Зерттелген студенттердің қол бұлшық ет күшінің 
индексі бойынша орташа топтық мəндері (52,51±10,15; 53,97±10,68) «қанағаттанарлық» болып 
бағаланды (6 кесте). 
6 к е с т е


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет