Зерттелген студенттердің физикалық дамуының антропометриялық көрсеткіштері, (M±m) Көрсеткіштер n
Дене ұзындығы,
см
Дене салмағы, кг
КҚШ
(кеуде қуысының
шеңбері), см
I топ 191
161,2±0,4*
55,2±0,6
*
83,6±0,4
*
II топ 145
164,6±0,5
58,2±0,7 85,3±0,5
Ескерту: * — зерттелген топтар арасындағы көрсеткіштердің нақты айырмашылықтары (p≤ 0,05 кезінде) I топтағы зерттелген қыздардың физикалық дамуының орташа топтық антропометриялық
көрсеткіштерінің абсолюттік мəндері II топтағы студенттерге қарағанда (p≤0,05) төмен екені
анықталды (1-ші кесте).
I топтағы қыздардың дене салмағы ІІ топтағы қыздарға қарағанда төмен болды.
Кеуде қуысы шеңберінің мəндерін талдау II топтағы қыздармен салыстырғанда, I топтағы
студенттерде диагностикаланатын параметрдің аз мəнін көрсетті. Жалпы алғанда, қазақ қыздарының
денесі статистикалық жағынан едəуір өлшемдері аз екені нақты анықталған, аймақтың ерекше
климатографиялық жағдайларында экологиялық бейімделуі салдарынан ұлты қазақ адамдардың
конституциялық ерекшеліктерінің пайда болуы генетикалық детерминантылығын куəландырады.
Алынған нəтижелер басқа авторлардың жұмыстарымен сəйкес келеді [2; 3; 4].
Антропометриялық көрсеткіштерінің абсолюттік мəндері студенттердің морфологиялық
мəртебесінің ұлтаралық айырмашылықтың болуын толық көлемде көрсете алмайды. Сол себептен
физикалық дамуды қосымша бағалау үшін сандық индекстер пайдаланылды.
Физикалық даму индекстері жеке антропометриялық белгілердің арақатынасын білдіреді, бұл
халықты жаппай зерттеу барысында физикалық дамуды шамамен бағалау үшін, сондай-ақ түрлі орта
факторлардың ағзаға əсерін талдау үшін пайдалануға мүмкіндік береді. Антропометриялық
көрсеткіштерді сапалы бағалау Кетле, Пинье, Мануврие жəне Эрисман индекстерінің негізінде
берілген.
Индекстер əдісіне негізделген соматотипологиялық ерекшеліктердің сандық бағалау нəтижелері
2-ші кестеде көрсетілген.
Студенттердің физикалық дамуының индекстік бағасы
Серия «Биология». № 3(103)/2021
159
2 к е с т е