Медициналық-әлеуметтік оңалтуды ұйымдастыру



бет8/56
Дата16.05.2023
өлшемі0,61 Mb.
#93655
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   56
Байланысты:
реабилитация умк docx

Оңалту болжамы –оңалту потенциалын іске асырудың мүмкіндігін және мүгедектің қоғамға бірігу деңгейін болжау.
Сараптамалық оңалту диагностикасы - оңалту потенциалының, оңалту болжамының бағасы.
Кәсіби еңбекке жарамдылықты жоғалту дәрежесі - жұмыскердің еңбек (қызметтік) міндеттерін атқара алу мүмкіндіктерінің төмендеу дәрежесі.
Мүгедекті әлеуметтік қорғау – оңалту және әлеуметтік көмек бойынша іс шаралардың жиынтығы, сонымен қатар мүгедектің қоғамға бірігу интеграциясы.
Мүгедектерді әлеуметтік оңалту – олардың әлеуметтік-тұрмыстық және қоршаған ортаға бейімделуін, әлеуметтік статусын қалыптастыруға бағытталған мүгедектердің тыныс –тіршілігінің шектеулігін жеңу үшін жасалынған іс шаралардың кешені.
Тұрақты еңбекке қабілетсіздік - кәсіби еңбек етуге кедергі келтіретін және ауру немесе жарақат салдарынан туындаған қызметтер бұзылысы кезіндегі ағзаның жағдайы, емдік шараларға қарамастан тұрақты сипатқа ие, белгілі бір кезеңге кәсіби еңбекті жалғастыруын тоқтатуды немесе оның шартының едәуір өзгеруін талап етеді.
Еңбекке жарамдылық – бұл физикалық және рухани мүмкіндіктерінің жиынтығы кезінде адамға сапалы түрде және нақты бір көлемде жұмыс атқаруға мүмкіндік беретін ағза жағдайының күйі.
Еңбек болжамы – бұл науқастың жақын уақыт аралығында өзінің бұрыңғы жұмысына немесе біліктілігі бойынша төмен емес басқа жұмысқа оралуының мүмкін болуы немесе мүмкін еместігінің болжамы.
Еңбекке жарамдылығын жоғалту – жұмыскердің жұмыс атқара алуы, қызмет көрсету қабілетін жоғалтуы, оның дәрежесі жоғалтылған еңбек қабілетіне қатысты пайыздық қатынаста беріледі.
Ағза қызметі – ағза жүйесінің физиологиялық (психикалық) қызметі.


    1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ - ӘЛЕУМЕТТІК САРАПТАМА ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ







      1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет