Медициналық-әлеуметтік оңалтуды ұйымдастыру


Балалар тұрғындарына МО көмегін ұйымдастыру



бет45/56
Дата16.05.2023
өлшемі0,61 Mb.
#93655
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   56
Байланысты:
реабилитация умк docx

Балалар тұрғындарына МО көмегін ұйымдастыру


Бір жасқа дейінгі балаларға МО жүргізу қажеттілігі АЕҰ үйлестіруші дәрігер немесе жалпы тәжірибе дәрігері (учаскелік дәрігер терапевтпен (педиатр) халықаралық өлшемдерге сәйкес баланың ауырлық дәрежесі және БӘФ бұзылыстары анықтағаннан кейін анықталады:
«неврология және нейрохирургия» бейіні бойынша – Прехтл (Prechtl) және нервті-психикалық даму шкаласы (бұдан әрі – НПДШ);
-«травматология және ортопедия» бейіні бойынша – Карновский индекстері, MRC scale, гониометрия мәліметтері;
«кардиология және кардиохирургия» бейіні бойынша – NYHA жіктеуші бойынша ФК сәйкес ЖЖ деңгейі, Lown индексі бойынша жүректік ырғағының өмірлік қауіпті бұзылушылығын бағалау.
1 жасқа дейінге баларларға МО көрсету диагностикалау және емдеудің клиникалық хаттамаларына сәйкес жүзеге асырылады.
1 жастан жоғары балалар жағдайының ауырлық дәрежесін бағалау мынадай халықаралық өлшемдермен анықталады:

    1. «неврология және нейрохирургия» бейіні:

  • 4 жасқа дейін – нервті-психикалық даму шкаласы, модификацияланған Бартел (Barthel) индексі;

  • 4 жастан жоғары – WeeFim шкаласы, ASIA шкаласы;

  • БСА балалары үшін қосымша мынадай шкалалар қолданылады: Ashworth; GMFCS;

  • GMFМ қарысушылық;

    1. МACs қолдарының жұмыс істеуі;

«травматология және ортопедия» бейіні – Бартел (Barthel), Карновский индекстері, гониометрия және MRC scale мәліметтері;

    1. «кардиология және кардиохирургия» бейіні – NYHA жіктеуші бойынша ФК сәйкес ЖЖ деңгейі, Lown индексі бойынша жүректік ырғағының өмірлік қауіпті бұзылыстарын бағалау.

МО бойынша өткізілген іс шаралардың нәтижелігін бағалау шкаласынан неғұрлым ақпаратталғандарын көрсетеміз (6 қосымша):

6 қосымша Медициналық-әлеуметтік сараптамалар өткізу тәртібі


Нысан
1. Бартела индексі Ас қабылдау
10 – көмекті мұқтаж етпейді, қажетті асхана құралдарын өз бетінше пайдалануға қабілетті
5 – жартылай көмекті мұқтаж етемін, мысалы, тамақ турау кезінде
0 – айналадағыларға толығымен тәуелді (басқаның көмегімен тамақтадыру қажет)
Дербес дәретхана (бет жуу, тарану, тіс тазалау, қырыну) 5 – көмекке мұқтаж емеспін
0 – көмекке мұқтажбын Киіну
10 – бөгде адамның көмегіне мұқтаж емеспін
5 – жартылай көмекті мұқтаж етемін, мысалы, аяқ киім киер кезде, түйме тағарда және т.б.
0 –бөгде адамның көмегіне толығымен мұхтажбын Ванна қабылдау
5 – бөгде адамның көмегінсіз ванна қабылдау 0 – бөгде адамның көмегіне мұқтажбын
Жамбас қызметін бақылау (зәр шығару, дефекация) 20 – көмекке мұқтаж емеспін
10 – жартылай көмекті мұқтаж етемін (клизма қолданған кезде, тығындәрі, катетер)
0 – жамбас қызметінің қатты бұзылуына байланысты тұрақты көмекке мұқтажбын
Дәретханаға бару
10 – көмекке мұқтаж емеспін
5 – жартылай көмекті мұқтаж етемін (тепе-теңдікті ұстау, дәретхана қағазын қолдану, шалбарды кию және шешу және т.б.)
0 – әжет ыдысын, несеп ыдысын қолдануға мұқтажбын Төсектен тұру
15 – көмекке мұқтаж емеспін
10 –бақылау немесе аз ғана қолдауға мұқтажбын
5 – төсекте тамақтана аламын,бірақ тұру үшін, қолдау қажет 0 –бөгде адамның көмегімен де төсектен тұра алмаймын Қозғалу
15 – бөгде адамның көмегінсіз 500м дейін аралықта қозғала аламын 10 -бөгде адамның көмегімен 500м дейін аралықта қозғала аламын 5 – мүгедек арбасы көмегімен қозғала аламын
0 – қозғалуға қабілетсізбін Баспалдақ бойынша көтерілу 10 – көмекке мұқтаж емеспін
5 – бақылау немесе қолдауға мұқтажбын
0 – біреудің көмегімен баспалдақ бойынша көтеріле алмаймын
Ең жоғарғы балл соммасы, тиісті толық тәуелсіз күнделікті өмірде сәйкес көрсетілген шкалалар 100-ге тең.
Бартела шкаласымен қолдану емделуші бастапқы белсенділік деңгейін анықтау үшін, және де күтім тиімділігін анықтау мақсатында тексеру үшін ынғайлы.
Карновский шкаласы бойынша жалпы мәртебесінің бағасы



Карновский индексі

Белсенділігі %

Жоғары белсенділік, барлық қабылдауларды шектеусіз
көтеруге қабілетті

100%

Қарапайым әрекетті орындауға қабілетті. Белгісіз
симптомдар немесе аурулардың белгілері

90%

Симптомдар немесе аурулардың белгілері

80%

Өзіне қызмет істеуге қабілетті, бірақ белсенді жұмысқа
қабілетсіз

70%

Өзіне қызмет істеуге қабілетті, бірақ көпшілігі жеке
қажеттіліктерін белсенді қанағаттандыруға қабілетті емес

60%

Медициналық қызмет ету және көмекке мұқтаж

50%

Қабілетсіз, қызмет ету арнайы көмекті талап етеді

40%

Шын мәнінде қабілетсіз, оңалту көрсетілген

30%

Ауыр науқас. Ауруханаға жатқызу және белсенді қолдау
күтімі қажет

20%

Терминдік фаза. Өлім аузында

10%




  1. ASIA (арқатұс жарақатының американдық ассоциациясы): Арқатұс жұлын жарақатының стандартты неврологиялық жіктемесі

A = толық: S4 – S5 сегізкөз сегменттеріндегі сезім қызметі де, қозғағыштығы да жоқ
B = Толық емес: Сезіну сақталған, бірақ S4 – S5 сегізкөз сегменттері, неврологиялық деңгейден төмен сегменттер қозғалыс қызметтерінің болмауы.
C = Толық емес: Қозғағыш қызметі неврологиялық деңгейден төмендігі сақталған, бірақ жартысынан астамы негізгі бұлшық төмен неврологиялық деңгейдегі 3-тен кем балл күші бар.
D = Толық емес: Қозғағыш қызметі неврологиялық деңгейден төмендігі сақталған, және кем дегенде, жартысы негізгі бұлшық төмен неврологиялық деңгейдегі 3 балл және одан да көп күші бар.
E = Қалыпты: Қозғағыш және сезіну қызметтері қалыпты.

  1. Конгнитивтік аясындағы бұзылу бағасы шкала арқылы анықталады MMSE (mini – mental state examination)

Тест бірнеше сұрақтардан құралады:
Бағдарлауын анықтау. Қазір қандай күн (жылы, жыл мезгілі, күн, ай, апта күні) деп емделушіден сұрайды, әрбір дұрыс жауап үшін емделушіге 1 ұпай қосылады. Бұдан әрі қай елде, қай қалада, қай ауданда, қай мекеме, науқастың қай қабатта орналасқаның сұрайды, әрбір дұрыс жауап үшін бір балл қосылады.
Бұл бөлімде, осылайша, барынша жоғары ұпай саны – 10.
Қабылдауын анықтау. Емделушіден бір-бірімен байланысы жоқ үш сөзді (мысалы, алма – үстел – тиын немесе автобус – есік – раушан) қайталауын және тыңдауын сұрайды. Сонымен қатар бұларды бірнеше минуттан кейін айту керектігін ескереді. Әрбір дұрыс қайталаған сөзге 1балдан қосады. Бұл ретте емделушінің барлық қайталаған сөздерін қандай әрекеттен қайталағанына назар аудару керек. Есепке назары мен қабілеттілігін анықтау. Емделушіден 100 ден 7 алуын және 5 рет қатарынан айтуын сұрайды (100 – 93 – 86 – 79 – 72 – 65).
Әрбір дұрыс санағаны үшін бір балдан сұрайды. Емделушінің жауабы қате болғанда бір рет –жауабына сенімдісін бе деп сұрауға болады. Егер жауап
дұрыс болмаса, ары қарай дұрыс саннан алып отыруын сұрайды (мысалы, 100 – 7 жауабы 94, онда ары қарай сұрайды, 93 – 7 қанша болады деп сұрайды).
Есте сақтау қызметін анықтау. Емделушіден екінші бөлімде көрсетілген үш сөзді еске түсіруін сұрайды. Әрбір сөзге 1балл.
Сөйлеу, оқу, жазу қызметтерін анықтау. Емделушіге екі затты көрсетеді (сағат,қарындаш, неврологиялық балға және т.б.). Әрбір дұрыс жауапқа 1балл қосылады.
Сөз тізбегін қайталауын сұрайды: «ешқандай егер, бірақ, және, жоқ». Бір рет талпыныс береді, оғанда дұрыс жауабына 1балл қосады. Құрылымды оқуын сұрайды (қағазға –көзінді жұм деп жазады). Егер емделуші оқыса және көзін жұмса, бір балл қосылады. Ары қарай оқуға тапсырма береді: бір парақ қағазды оң қолымен алуын, екі қолымен ортасынан бүгіп және тізеге қоюын сұрау керек. Содан кейін бір парақ қағаз беріледі. Егер барлық әрекеттер дұрыс болса
-3 балл беріледі (1балл әрбір қадам бойынша). Болған соң парақ қағазға аяқталған сөйлемдерді жазуын сұрайды (1балл). Соңғы тапсырма сурет салу болып табылады. Екі қиылысатын бес бұрышты көшіріп алуын сұрайды. Егер қиылысқан екі пішін төртбұрыш түзсе және барлық бұрыштар бес бұрыш болып сақталса тапсырманың дұрыс орындалғаны болып есептеледі. Оғанда 1балл береді. Барлық бөлімге осылайша 8 балл алуға болады. Барлық тесттің жиынтығының барынша жоғары балл саны-30.
Келесі нәтижелерін талдау:

  • бір жағдайдағы когнитивті қызметтердің төмендеуі білімі бар деңгей есебімен анықталады. Когнитивті қызметінің төмендеуі білімі болмаған кезде нәтижесінде 17 балл, орта білімді нәтижесі 20 балдан аз, жоғары білімі нәтижесінде 24 балдан аз болғанда қойылады.

  • және де бағалаудың басқа да тәсілі бар.

29 – 30 балдар когнитивтік бұзылу жоқ, 24 – 27 балдар жеңіл когнитивті бұзылу, 20 – 23 балдар жеңіл дәрежедегі деменция (баяу когнитивті бұзылу), 11

  • 19 балдар баяу дәрежедегі деменция (көрінетін когнитивті бұзылыс), 0 – 10 балдар –ауыр деменция. Шкала нәтижелері деңгейі кезінде 19 балдан аз болса өзіне тән терапияны тағайындау қажеттігі туралы мәселені шешу үшін психиатр кеңесі ұсынылады.

ОЖБ медициналық бөлімі орындау туралы мәлімет ЖОБ медициналық бөлім көшірмесі негізінде МӘС мамандарымен, ҚР «мүгедектердің орталықтанған мәліметтер базасы» (МОМБ) әлеуметтік қорғау және еңбек Министрлігі ақпараттық жүйесіне шығарады.




      1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет