Медициналық құжаттарды рәсімдеу


Стоматологиялық науқастан жауап алу, жақ-бет аймағын тексеру, пальпациялау, перкуссия, сүңгілеу, тістер термометриясы



бет2/9
Дата03.11.2022
өлшемі24,59 Kb.
#47200
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Стоматологиялық науқастан жауап алу, жақ-бет аймағын тексеру, пальпациялау, перкуссия, сүңгілеу, тістер термометриясы
Аурудың басталуы мен себептерін анықтайды
Аурудың басталған уақытынан дәрігерге қаралғанға дейінгі динамикасы туралы сұрайды
Бұдан бұрын жүргізілген тексерулер мен емдер, олардың нәтижелері туралы сұрайды
Тұқым қуалаған бейімділік, қауіп факторлары мәселелерін анықтайды
Зиянды әдеттер, кәсіптік зияндықтар, дағдылы уланулар туралы сұрастырады
Науқастың аллергиялық анамнезін анықтайды
Науқастың сұрақ қоюына мүмкіндік бере отырып шыдамдылық, байсалдылық танытады
Науқастың жалпы жағдайын бағалайды
Беттін конфигурациясын, түсін, бүтіндігін, жақ-бет аймағының тері жамылғыларының өзгерістерін бағалайды
Жақ-бет аймағын пальпациялайды және аймақтық лимфа түйінділерінің (олардың үлкеюі, ауырғыштығы, консистенциясы) жағдайын бағалайды
Тісті сүңгілеу: стоматологиялық фиссураны және тістің басқа да беткейлерін, кариесті қуыстарды, тістің қатты тіндерінің ақауларын тексереді, пациенттің реакциясын бағалайды, кариесті қуыстардың болуын, олардың қабырғаларының қаттылығын, түбін анықтайды
Тістер термометриясын өткізеді: тексерілетін тіске стоматологиялық қондырғының «пистолетінен» су және ауа жібереді және пациенттің реакциясын бағалайды
Тістер перкуссиясын өткізеді: стоматологиялық айнаның сабымен тістерді тықылдатады және пациенттің реакциясын бағалайды
Тістердің жылжымалылығын анықтайды: тісті қысқышпен ұстайды және вестибула-ауызға қарай, медио-дистальдық, тігінен қозғайды, сосын жылжымалылығын анықтайды
Кариес басталғанда және гипоплазия мен флюорозаның дақты формасында тіс беткейлерін бояйды: қақты жою үшін 3% -дық асқын
тотық ертіндісіне батырылған мақта тампонмен тексеріліп жатқан тістің беткейін сүртеді, кептіреді, 2%-дық көк метилен ертіндісіне батырылған мақта тампонмен бояғышты жағады және дақта бояғыштың бар-жоқтығын анықтайды
Тексеру барысында, диагностикалық тексерулерге реакциясы бар-жоқтығын анықтау барысында сыпайы, шыдамды кейіп танытады

8:30-14:30

3



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет