Медициналық құжаттарды рәсімдеу


Тіс түбірінің каналын эндодонтиялық өндеу өткізу кезінде ассситент болу (аспаптық, дәрі-дәрмектік, химиялық)



бет8/9
Дата03.11.2022
өлшемі24,59 Kb.
#47200
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
практика каз по дням 2020

Тіс түбірінің каналын эндодонтиялық өндеу өткізу кезінде ассситент болу (аспаптық, дәрі-дәрмектік, химиялық)
Емдеуші дәрігердің (практика жетекшісі) нұсқауы бойынша эндодонтиялық құралдар жиынтығынан тіс түбірі каналы сағасын кеңейту («Gates Glidden», «Largo» және т.б.) үшін дрилдер таңдай алады
Емдеуші дәрігердің (практика жетекшісі) нұсқауы бойынша эндодонтиялық құралдар жиынтығынан тіс түбірі каналынан өткізу үшін римерлер («К-римерлер», «К-флексоримерлер» және т.б.) таңдай алады
Емдеуші дәрігердің (практика жетекшісі) нұсқауы бойынша эндодонтиялық құралдар жиынтығынан тіс түбірі каналын кеңейту үшін файлдар («К- файлдар», «К-флексофайлдар» және т.б.) таңдай алады
Емшара барысында науқасқа өзінің әрекетін шыдамды, байсалды үнмен түсіндіреді
Дәрілік препараттармен тіс түбірі каналына химиялық өңдеу жүргізе алады (10-20%-дық ЭДТА ертіндісі, «Canal plus» гелі және т.б.): мақта турундамен препаратты бірнеше рет тіс түбірі каналына енгізеді және 1-2 мин қалдырады, сосын каналды жуады
Тіс түбірі каналында дәрі-дәрмекпен өңдеу жүргізе алады: тіс түбірі каналына эндодонтиялық инесі бар шприцті дәрілік препараттармен енгізеді (1-3%-дық гипохлорид натрий ертіндісі, 3%-дық сутектің асқын тотығы ертіндісі, 1%-дық иожинол ертіндісі және т.б.), тіс түбірінің ұшына 2-3 мм жетпес бұрын стопор орнатады, сосын 3-5 мл ертінді құяды

8:30-14:30

10

Пломба материалын дайындау және тіс түбірі каналын
бітеу кезінде ассистент болу
Тіс түбірін пломбалайтын материалдарды араластыру үшін жұмыс үстелінде қажетті материалдарды дайындайды: шыны пластинка, араластыруға арналаған блокнот, пластмасса, металл қалақшалар
Емдеуші дәрігердің (практика жетекшісі) нұсқауы бойынша пломбалайтын материалдардың жиынтығынан тіс түбірі каналдарын бітеуге арналған материалдарды (қатаятын және қатаймайтын пасталар, гуттаперрвиялық, күміс штифтер) таңдай алады
Стоматологиялық қондырғына желіге қосып, микромотор мен ұштықтың жұмысына тексереді
Тіс түбірі каналдарын пломбалауға арналған қажетті құралдарды жұмыс үстелінде дайындайды: түбірлік инелер, спредерлер, плагерлер; ұштыққа каналтолтырғышты бекітеді, реверсті және оның айналу жылдамдығын реттейді
Тіс түбірі пломбаларына арналған материалды араластыра алады («Эндометазон» «Эндобтур» және т.б.): араластыруға арналған блокнотта жиынтықтан алынған ұнтақ пен сұйықтықты пастатәрізді консистенцияға дейін араластырады, және оны емдеуші дәрігерге (практика жетекшісі) береді.
Емдеуші дәрігердің (практика жетекшісі) нұсқауы бойынша каналды пломбалау кезінде қажетті құралдарды (спредер, плагер, штопфер, қысқыш және т.б.) және материалдарды (штифттер) береді
Емшара барысында науқасқа өзінің әрекетін шыдамды, байсалды үнмен түсіндіреді
Қуысты пломбалау кезінде сілекейсорғышты пайдаланады
Пломбалау кезінде сілекейді кетіру және қуысты көзбен көру үшін пациенттің ұртын немесе ернін стоматологиялық айнамен бекітеді және жылжытады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет