Медициналық құжаттарды рәсімдеу


Ауыз қуысына, кариесті қуысқа, тіс түбірі каналдарына әртүрлі дәрілік препараттармен медикаментті өңдеу жүргізу



бет4/9
Дата03.11.2022
өлшемі24,59 Kb.
#47200
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Ауыз қуысына, кариесті қуысқа, тіс түбірі каналдарына әртүрлі дәрілік препараттармен медикаментті өңдеу жүргізу
Пародонт пен ауыз қуысының сілемейлі қабығының патологиясында ауыз қуысына дәрі-дәрмекпен тазарту жүргізе алады: аз концентрациялы антисептика ертіндісіне батырылған (сутектің асқын тотығының 3 %-дық ертіндісі, 0,02 %-дық фурациллин ертіндісі, 0,1 %-дықхлоргексидин ертіндісі) мақта тампонмен ауыз қуысының сілемейлі қабығын сүртеді не стоматологиялық қондырғының «пистолетінен» аталған заттармен сулайды
Кариесті және оның асқынуларын емдеу кезінде кариесті қуысты дәр-дәрмекпен тазартады: шприцпен аз концентрациялы антисептика ертіндісімен (0,1 %-дық хлоргексидин ертіндісі, сутектің асқын тотығының 3%-дық ертіндісі, 0,02%-дық фурациллин ертіндісі) қуысты сулайды
Кариестің асқынуларын емдеу кезінде тіс түбірі каналдарын дәр-дәрмекпен тазартады: дәрілік препараттар бар және эндодонтиялық инесі бар шприцті тіс түбірі каналына енгізеді (1-3%-дық натрий гипохлориті ертіндісі, сутектің асқын тотығының 3%-дық ертіндісі, 1%-дық иодинол ертіндісі және т.б.), түбірдің ұшына салады

8:30-14:30

6

Тіс шөгінділерін алып тастау
Стоматологиялық қондырғыны желіге қосады
Компрессордың жұмыс істейтіндігін және резервуарларда сұйықтықтың бар-жоғытығын тексереді
Құрал-саймандардың, ұштықтардың, креслоның жұмысқа жарамдылығын тексереді
Терапиялық стоматологиялық қабылдауға арналған құрал-саймандардың стандарт жиынтығы бар (стоматологиялық айна, қысқыш, сүңгі, тегістеуіш, шпатель (қалақша)) зарарсыздандырылған науаны дайындайды, сондай-ақ тіс шөгінділерін алып тастауға арналған құрал-саймандарды алады (ілмектер, экскаваторлар, рашпилдер, скайлерлер)
Пациенті креслоға ыңғайлы етіп отырғызады (көлденең)
Люгол ертіндісімен тіс беткейлерін бояу арықыл тіс шөгінділерін анықтайды (1-2%-дық көк метил ертіндісі, 1,2%-дықфуксин ертіндісі)
Тіс шөгінділерін алу керек тістердің аймағын 10%-дық лидокаин аэрозолімен сулау арықыл немесе емдеуші дәрігердің (практика жетекшісі) басшылығымен убистезин (септинест және т.б.) ертіндісі бар карпульді шприцтің көмегімен инфильтрациялық анестезия жасайды
Тіс шөгінділерін алу үшін қажетті өлшем мен пішіндегі құралды алып, құрал ұстаған саусағын науқастың иегіне немесе көрші тістеріне қояды, жылжымалы тістерді сол қолдың саусақтарымен фиксациялайды
Құралдардың көмегімен (ілмектер, экскаваторлар, рашпилдер, скейлерлер) қолмен тазарту тәсілімен барлық тістердің беткейлерінен тіс шөгінділерін (тіс тасын) баяу, қырнау қозғалыстары арқылы алады
Ультрадыбыстық көмегімен құралды дұрыс орнатып (өткір құралдарды тіс осімен перпендикуляр орнатпайды), құралға күш түсірмей сумен сулап, баяу, қырнау қозғалыстар арқылы барлық тістердің беткейлерінен тіс шөгінділерін (тіс тасын) алады
Абразиялы пасталармен (Detartrine, Depural және т.б.) арнайы щетканың көмегімен тіс қағын және темекі тартатындардың тіс қағын тазартады
Тіс шөгінділерін алу тазарту кезінде реттілікті сақтайды, алдымен бір жақсүйектегі тістерді тазалайды сосын екінші жақсүйекке көшеді, мұнда аталған манипуляциялалды шайнау тістерінен бастайды, сосын алдыңғы тістерге көшеді
Тіс шөгінділерін алу процессінде тістерді сілекейден, гемостаздан тазарту үшін мақта білікшені және дәке салфетканы пайдаланады
Тіс шөгінділерін (тіс тасын) алу емшарасының соңында тіс беткейлерін абразиялы және жылтыратқыш (Detartrine, Depural және т.б.) пасталармен тегістейді
Тіс шөгінділерін алу процесінде, сондай-ақ емшараны аяқтау барысында тіс шөгінділерін алу сапасын көзбен көру арқылы және стоматологиялық сүңгінің көмегімен бағалайды
Тіс шөгінділерін алу емшарасы аяқталған соң тіс беткейлерін құрамында фторы бар препатараттарымен (фтор, Бифллюорид 12) жабады
Шыдамды, сабырлы үнменІ пациентке тіс шөгінділерін алу емшарасын өткізудің маңыздылығын түсіндіреді, бұдан әрі ынтымақтастыққа және ауыз қуысы гигиенасы жөніндегі ұсынымдарды орындауға шақырады

8:30-14:30

7



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет