Электроодонтометрия өткізу, тістің кариесті және кариессіз зақымдануларына рентгенография жасау және рентгенограммаларды оқу кезінде ассистент болу Терапиялық стоматологиялық қабылдауға арналған құрал-саймандар бар (стоматологиялық айна, қысқыш, сүңгі) зарарсыздандырылған науаны дайындайды
Электроодонтометрияға арналған аппаратты жұмысқа дайындайды: тиісті «А» және «Р» клавишаларына актив және пассив электродтарды жалғайды, аппаратты орнатады, желіге қосады, дабыл лампасы бар клавишаны басады
Пациентті креслоға ыңғайлы етіп отырғызады
Пациентке емшараның мәнін және электроодонтодиагностика кезінде болуы мүмкін сезінулер туралы түсіндіреді
Тісті тексеруге дайындайды: тісті сілекейден тазартады, мақта шарикпен кептіреді. Егер тіс кариесті болса, уатылған дентинді алып тастайды және қуысты кептіреді. Электродтарды орнатады: пассивін пациенттің қолына береді немесе ылғалды төсем арқылы қолының сыртына бекітеді, белсендісін тексерілетін тістің сезімтал нүктесіне орнатады (кесетін шеттің ортасы – фронтальды тістерде, ұрт дөңесінің ұшы – премолярда (кіші азу тістерде), алдыңғы ұрт дөңесінің ұшы – молярларда (үлкен азу тістерде), кариесті қуыстың түбі – кариесті тістерде)
Көмекшімен бірге (мейірбике, студент) электроодонтодиагностика шарасын өткізеді: белсенді электродты пациенттің реакциясын, сосын электроұстағыштыңсілемейлі қабыққа тимеуін бақылау отырып тексерілетін тістің сезімтал нүктесіне орнатады сосын. Бұл уақытта көмекші потенциометрдің тұтқасын оңға қарай баяу тісте сезіну туындағанша бұрады, пациенттің дыбыс беру керектігі алдын ала ескертіледі. Сезіну пайда болған сәтте көмекші тоқтың алғашқы күшін тіркейді және потенциометрдің тұтқасын жібереді, «Желі» клавишасын ажыратады
Емшара барысында науқасқа өзінің шыдамды, байсалды үнмен түсіндіреді
Электроодонтометрия мәліметтерін түсіндіре алады
Рентгенологиялық кабинете құжаттарды ресімдеуге қатысады
Рентгенографияны дайындауға және өткізуге қатысады: рентгенлаборантпен бірге пациенттің креслода ыңғайлы отыруын таңдайды, пациенттің денесін қорғасындалған резеңкеден жасалған қорғаушы экранмен қорғайды, жатқызады және пленканы зерттеу объектісіне (тістер және қоршаған тіндер) бекітеді, пациентке ұсынымдар береді, аппараттың тубусын қажетті проекцияға бағыттайды, қорғаныш қалқаның артына барып рентгенография жасайды
Емшара барысында науқасқа өзінің әрекетін шыдамды, байсалды үнмен түсіндіреді
Тістердің кариесті және кариессіз зақымдануларында рентгенограмманы оқи алады
Гентгенсуретін өңдеуге қатысады: рентгенлаборантпен бірге химиялық реактивтермен пленкаларға фотоөңдеу жүргізеді, жуады, бекітеді және оларды арнайы шкафтарда кептіреді