Емдеуші және изоляцияланушы төсемдер, әртүрлі материалдардан уақытша және тұрақты пломбалар әзірлеу және олармен пломбалау кезінде ассистент болу, пломбаны әдемілеу
Емдеуші және изоляцияланушы төсемдер, әртүрлі материалдардан уақытша және тұрақты пломбалар әзірлеу және олармен пломбалау кезінде ассистент болу, пломбаны әдемілеу Пломбалайтын материалдарды аратыру үшін жұмыс үстелінде қажетті материалдарды дайындайды: шыны пластина, арастыруға арналған блонкнот, пластмасса, металл қалақшалар
Емдеуші дәрігердің (практика жетекшісі) нұсқауы бойынша жиынтықтан емдік төсемдерге, изоляциялаушы төсемдерге арналған пломбалаушы материалдарды, тұрақты және уақытша пломбаларды таңдай алады
Емдік төсемді («Life», «Dycal», «Calcimol» және т.б.) араластыра алады: араластыруға арналған блокнотта 15 сек. ішінде тюбиктерден тең пропорцияда алынған базалық және каталитикалық пастаны пластмасса қалақшамен араластырады және оны емдеуші дәрігерге (практика жетекшісі) береді
Изоляциялаушы төсемді («Адгезор», «Кавитан» және т.б.) араластыра алады: араластыруға арналған блокнотта жиынтықтан алынған ұнтақ пен сұйықтықты қалақшамен қаймақ тәрізді консистенция болғанға дейін араластырда және емдеуші дәрігерге (практика жетекшісі) береді
«Жасанды дентиннен» жасалынған уақытша пломбаны суға араластыра алады: шыны пластинкада металл қалақшамен бірнеше секунд бойы жасанды дентин ұнтағы мен дистилденген судың бірнеше тамшысын қаймақ тәрізді консистенция болғанға дейін араластырады және емдеуші дәрігерге (практика жетекшісі) жылдам береді
Химиялық қатаю композиттерінен («Charisma», «Composite» және т.б.)тұрақты пломбаны араластыра алады: араластыруға арналған блокнотта 15-30 сек. ішінде ыдыстардан тең пропорцияда алынған базалық және каталитикалық пастаны пластмасса қалақшамен араластырады және оны емдеуші дәрігерге (практика жетекшісі) береді
Кариесті қуысты дайындайды және түстік қатаю композиттерімен («Valux», «Charisma», «Composite» және т.б.) пломбалауға қатысады: препарирленген кариесті қуысқа 30сек. тазартушы гель жағады, ұқыпты жуады және препаратты кептіреді, қуысқа адгезиялы жүйені енгізеді, оны ауамен тең бөледі, 10-20сек. фотополимеризациялық материалын емдеуші дәрігерге (практика жетекшісі) береді. Қуысқапломбалау материалын енгізген соң және төсегеннен кейін оған 20-40 секунд бойы түсіреді
Емдеуші дәрігердің (практика жетекшісі) нұсқауы бойыншапломбалау материалдарын енгізу және төсеу барысында қажетті саймандарды (тегістеуші, штопфер) береді
Пломбалау кезінде сілекейді кетіру және қуысты көзбен көру үшін пациенттің ұртын немесе ернін стоматологиялық айнамен бекітеді және жылжытады
Қуысты пломбылау кезінде сілекей сорғышты пайдаланады
Емшара барысында науқасқа өзінің әрекетін шыдамды, байсалды үнмен түсіндіреді
Пломбаны әдемілеу үшін құрал-саймандар мен материалдарды таңдай алады: фиништік бұрғылар, резеңке шыны аяқтар, жылтырақ ілгіштер, жылтырақ дискілер, жылтырақ пасталар, штрипстер
Пломбаны әдемілеу үшін ұштыққа саймандарды орната алады: (резеңке шыны аяқтар, жылтырақ ілгіштер, жылтырақ дискілер)
Бір рет пайдаланатын арнайы щетканың көмегімен пломбаның герметик («Optiguard», «Fortyfy» және т.б.) жаға алады сосын 20-40сек. пломба беткейіне жарық түсіреді
Пломбаны өндеу кезінде тіс беткейінің рельефіне көңіл бөледі, резеңке ыдыстардың, жылтырақ ілгіштердің пайдаланып табиғи анатомиялық форма береді
Пломбаны әдемілеу үшін олардың бетін жылтырауық дискімен, жылтырататын пасталармен, штрипстермен жылтыратады
Фиништік бұғылардың көмегімен пломбаны өңдеу кезінде пломбаның артық жерлерін алып тастайды, окклюзияны ескеріп тіс формасын жасайды.